Берік САДЫР
Әлем әзіл әңгімелері (Аударма әзіл әңгімелер). Аударма әдебиет/ – Алматы: ЖШС РПБК«Дәуір», 2021. – 340 бет.
«Күлкі – өмір, күлдіре білу – өнер, күлкі болу – өлім» демекші, күлдіре білу өнері – адамзат атаулыға ортақ асыл қазына. Қай қоғам, қай елге болса да әзіл-қалжың жат емес. Сан қырлы сатира-юморынан сол елдің болмыс-бітімін, тұрмыс-тіршілігін, ең аяғы, қай қоғам қандай дәрежеде ғұмыр кешіп жатқанын да бағамдауға болады. Яғни, «Әлем әзіл әңгімелері» атты жинақта негізінде көрші елдердің, сондай-ақ алыс ағайындардың сатира-юморларын аударып көпшілікке ұсынуды жөн көрдік. Өмірдің сан-саласын қамтыған әлем әзілкештерінің шап-шағын туындылары көп көкейінен шығар деген үміттеміз.

Мұқаш Қ.
Сенің терезең… Хикаят, әңгіме, эссе / Құлтөлеу Мұқаш. – Алматы: ЖЦІС РПБК «Дәуір», 2021. – 384 б.
Құлтөлеу Мұқаштың бұл жинағына әр кезеңде жазылған кейбір хикаят, әңгіме, эсселері енгізілді.
Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

Құлбек Ергөбек
АДАМНЫҢ БІР ҚЫЗЫғЫ БАЛА ДЕГЕН… қазақ балалар әдебиеті мәселелері – Нұр-Султан: Big Dream баспасы, 2021 ж. – 428 бет
Бір жанр жай-күйін тұтас бір кітапта тарата, талдай әңгімелеу көрнекті әдебиет сыншысы Құлбек Ергөбектің қалыптасқан қаламгерлік дағдысы. Сыншылық сондай мақсаткерліктен туған «Адамның бір қызығы бала деген…» – қазақ балалар әдебиетінің тарихын түрік халықтарына ортақ алтын тамырдан арна тарта әңгімелейтін, әдебиеттің қызық та, қиын саласының көп жылдық жетістік, кемшілігін ақ-адал саралайтын, бүгіні, алдағы ділгір мәселелерін орайымен толғайтын толайым толғақты ойлардан тұратын жұлын-жүйкесі бүтін жүйелі еңбек, бір тақырыпта туған желілі тұтас кітап.
