«Егемендік күні-тарихи қадам» атты дөңгелек үстел өткізілді.

24 қазан күні Бірлікүстем ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен 25 қазан Республика күніне орай «Егемендік күні-тарихи қадам» атты дөңгелек үстел өткізілді.Домалақ ене орта мектебінің 7 сынып оқушыларының қатысуымен өткізілген бұл іс шарада еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаушы Декларацияны қабылдағаны туралы айтылып өтті.Қатысушы оқырмандар дөңгелек үстелге белсене қатысып өз мемлекетіміз өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына төтеп бере отырып, даму мен өркендеу жолында келе жатқаны туралы айтып ,ой қозғады.Жас мемлекетімізді одан әрі гүлдендіруге күш жігерлерін салуға дайын екендіктерін білдірді.
Возможно, это изображение 19 человек, люди учатся, детская игрушка и текст