«Сиқырыл кітаптар еліне» атты жас оқырмандармен ертегілер еліне саяхат жасалды.
15 қыркүйек күні Далақайнар ауылдық кітапханасында «Сиқырыл кітаптар еліне» атты жас оқырмандармен ертегілер еліне саяхат жасалды. Іс -шара барысында кітапханашы жас оқырмандарды кітап патшалығымен таныстырып, кітап оқуға қызығушылықтарын таныта отырып, жас оқырмандарды әлем халықтарының ертегілерімен таныстырды. Шарада кітапханашы түрлі ертегігі оқи отырып балалар мен бірге ғажайып елдерде болып, қайырымдылыққа, адалдыққа, батылдыққа және әлсіз адамдарға көмектесуге үйренді. Шараға қатысқан жас оқырмандар кітап беттерін парақтап, әдемі суреттерді тамашалап, ертегілерді оқыды. Әсіресе, оларға ертегі әлемімен адамдар, жануарлар және өсімдіктер байланысы туралы ертегілер ұнады.