«Шешендіктің жебесі -Төле би» атты библиография күні өткізілді.
15 қыркүйек күні орталықтандырылған кітапхананың «Білім орталығында» №10 колледж білімгерлері мен кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен Аса ірі
мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ халқының үлкен билерінің бірі, ақпа-төкпе шешен, Тәуке ханның тұсында қазақ хандығының ата заңына айналған
әйгілі «Жеті жарғы» жобасын шығарушы кемеңгердің бірі. Әз Тәукенің Түркістан шахарын орталық етіп, үш жүз ұлыстарын бір орталыққа қаратып қазақ хандығын күшейтіп, Жоңғар-ойрат шапқыншылығына қарсы күрескен Қарақалпақ, қырғыз, өзбек елдерінің біріккен одағын құру шараларын жүзеге асыруға ат салысқан Төле би Әлібекұлы 360 жыл мерей тойына орай «Шешендіктің жебесі -Төле би» атты библиография күні өткізілді. Іс–шараны ОКЖ библиографы Гулзия Бердібаева мен оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Раушан Даберова жүргізді. Шара барысында мәдениет қызметкері Ермахан Қожағұлұлы, Базарбай Асқаровтың «Дана би» атты арнауын орындаса, кітапханамыздың тұрақты оқырмандары №10 колледж білімгерлері Гүлдана Исаеваның «Төле би» атты өлеңін үзінділер оқыды. Шара соңында «Шежірелі туған өлкем» атты тақырыпта көрме ұйымдастырылып шолу жасалынды.
