«Қазақ әдебиетінің шоқтығы биік қаламгері» тақырыбында танымдық кеш өтті.
15 қыркүйек Бәйдібек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен және тұрақты оқырмандардың қатысуымен бір ел – бір кітап акциясы аясында 2023 жылы бекітілген жазушы, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері Төлен Әбдіковке арналған «Қазақ әдебиетінің шоқтығы биік қаламгері» тақырыбында танымдық кеш өтті. Шара барысында Төлен Әбдіковтің өмірбаяны мен шығармашылығы туралы баяндама оқыды.
