«Ұлттық ойын – ұлт игілігі» тақырыбында ашық аспан асты аясында ұлттық спорттық ойындар

14 қыркүйек орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Е.Бекмаханов атындағы мектеп – гимназия оқушыларының қатысуымен «Ұлттық ойын – ұлт игілігі» тақырыбында ашық аспан асты аясында ұлттық – спорттық ойындарды насихаттау мақсатында арқан тарту, қол күрес, тоғыз құмалақ, шахмат ойындарын ойнатып, кітапханашы ойыншыларға ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихын баяндады. Нәтижесінде бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отыру керектігін атап өтті.