«Әдебиетіміздің әкімі » тақырыбында өмірбаяндық шолу өткізілді.
14 қыркүйек күні Бірлікүстем ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен Әкім Таразидің 90 жасқа толуына орай «Әдебиетіміздің әкімі » тақырыбында Домалақ ене орта мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен өмірбаяндық шолу өткізілді.
Мақсаты: жергілікті жазушының өмірбаянымен, шығармашылығымен таныстыру арқылы жас оқырманның кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, білімін шыңдауға көмектесу.
