«ӨЛКЕТАНУ – КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ӘДЕБИ КЕҢІСТІКТІҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ» атты семинар
Шоқпар ауылының Мәдениет үйінде аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен кітапхана қызметкерлерінің кітапханалардағы өлкетану жұмыстарын жетілдіру, білім беру жүйесінде және жеке тұлғаны тәрбиелеуде өлкетану білімдерін насихаттау, өлкетануды дамыту арқылы мәдени-тарихи танымды қалыптастыру мақсатында «ӨЛКЕТАНУ – КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ӘДЕБИ КЕҢІСТІКТІҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ» атты семинар – кеңес өткізілді. Семинар кеңесті ОКЖ директоры Б.Алжанбаева жүргізді. Семинарда кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі Э.Раканова «Кітапханадағы өлкетану жұмысы: бастамалар, әдістемелер, жетістіктер», ОКЖ библиографы Г.Бердібаева «Ақпараттық технология заманындағы кітапханалық өлкетану», Қонаев ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ж.Ноғайбаева «Туындысы мен тағдыры ұштасқан біздің өлке» тақырыптары бойынша баяндамалар оқыса, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы А.Раймқұлова «Шежірелі туған өлкем» атты тақырыпта өлкетану көрмесіне шолу жасады. Семинарда кітапханашыларға әдістемелік кеңестер беріліп, кітапхана жұмысына байланысты әр түрлі мәселелер талқыланып, семинарға қатысушы әр маман өз ойларын ортаға салып, аудандық орталық кітапхананың директоры Б.Алжанбаева қорытындылады.
