«Шәкәрім-қазақ әдебиетінің ұлы классигі» атты танымдық кеш

25 мамыр күні Бірлікүстем ауылдық кітапханасында ақын, философ, кемеңгер ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына орай «Шәкәрім-қазақ әдебиетінің ұлы классигі» атты танымдық кеш өткізілді. Кітапхана оқырмандарымен өткізілген бұл іс-шарада кітапханашы С. Сатканова Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы туралы кеңінен тоқталып өтті.
Қазақ поэзиясының асқар шыңы Абай қалдырған шығармашылық дәстүрді жалғастыра отырып, өз жаңалықтарымен байытып өрнектеген Шәкәрім Құдайбердіұлының көркем мұрасы-әдебиетіміздің асыл қазынасы. Ол қазақ мәдениеті тарихында орны ерекше, еңсесі биік тұлға. Қилы заманда оққа ұшқан ақынның есімі ешқашан ұмытылмайды. Бүгінде Шәкәрім атамыздың шығармалары әлі де жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып келеді. Осы орайда кешке қатысушы кітапхананвң тұрақты оқырмандары Сәрсенбай Арина «Жапанда жалғыз жаттым», Бәктірхан Ерасыл «Мен кетемін, келеді тағы» өлеңдерін мәнеріне келтіріп оқып берді.
Возможно, это изображение 20 человек, люди учатся и текст

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған