2021-2023 жылдарға арналған іс-шарлар жоспарына сәйкес «Кітапхана керуені» жобасы
Өлкелік туризм жобасы аясындағы Шу ауданы кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасындағы кітапханаларға оқырмандарды т арту және кітап оқуды насихаттау жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған іс-шарлар жоспарына сәйкес «Кітапхана керуені» жобасын шалғай ауылдарда жүргізу бойынша Шоқпар ауылының Мәдениет үйінің фойесінде Төле би бабаның туғанына 360 жыл толуына орай ауданнан шыққан ұлы тұлғалар, қоғам, мәдениет және өнер қайраткерлеріне арналған фотогалереясынан бастау алып, сахнадағы көрсетілген «Туралықты тұғыр еткен Төле би» тақырыбындағы әдеби қонақжаймен жалғасты.
Іс-шара барысында Шоқпар ауылының тұрғындары Шу ауданы кітапханашыларының керемет орындауындағы Елен Әлімжановтың «Төле би» драмасынан үзіндіні, Төле бидің ұлт бірлігін нығайту бағытында айтылған өсиет сөздері мен халқы төріне шығарған биге арналған өлең-жырларын, жас оқырмандарының туған жеріне арналған әсем әндерін тамашалады.






















