«Төле би және оның ұлағатты мұралары» атты өмірбаяндық шолу
15 наурыз күні Бірлік ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі Төле би Әлібекұлының 360 жылдық мерейтойына орай «Төле би және оның ұлағатты мұралары» атты өмірбаяндық шолу өтті. Шара қазақ халқының шешендік өнеріне, ел бірлігін нығайтуға орасан үлес қосқан ойшыл, дана, туралығын айтар шешен Төле би бабамыздың жас ұрпаққа өнеге болар ғибратты ғұмыры мен өсиеттеріне, даналығы мен жеке қасиеттеріне арналды. Оқырмандар да Төле дей ұлы бидің даналық сөздерін айтып, мән-мағынасын түсіндіріп, кітапханашы кітап қорындағы кітаптарына шолу жасады.
