“Наурыз шаттық мерекесі” атты бауырсақ пати
15 наурыз күні Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған ісшара жоспарына сәйкес №2 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері ашық аспан астында «Әмина» сауда үйінің алдында “Наурыз шаттық мерекесі” атты бауырсақ пати өткізді. Шара барысында кітапханашылар тұрғындарды келе жатқан мерекемен құттықтап, бауырсақ таратты. Тұрғындар молшылық пен тоқшылық болсын деп тілектерін айтты. Мақсаты – ұлттық мерекенің жалпы рухын қолдау, тұрғындарға жағымды көңіл-күй сыйлау.
