«Атанғаным Мырзатай-ел арқасы»

Бүгін орталық кітапхананың білім орталығында оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, танымал әдебиетші, түркітанушы ғалым, ф.ғ.д., профессор Мырзатай Жолдасбековтың 85 жасқа толуына орай «Атанғаным Мырзатай-ел арқасы» атты Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары қатысуымен өмірбаяндық шолу өткізілді. Іс шара барысында кітапханашы оқырмандарға академиктің өнегелі өмір жолынан мағлұмат беріп, жастардың кітап оқуға деген құлшынысын арттыру мақсатында «Жүз жыл жырлаған жүрек», «Шыңмен шыңырау» атты кітаптарын насихаттай отырып фото-слайдымен таныстырып өтті.