ШУ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ
РЕСМИ САЙТЫ

Мекен-жайы: Жамбыл облысы, Шу ауданы, Төле би ауылы,  Аубакиров көшесі 7
Индекс: 081000 
Телефоны: 8 (726-38)-31174  
Сенім телефоны: 8 (726-38) -31174
E-mail: 

Адрес: Жамбылская область, Шуский район, село Толе би, ул. Аубакирова 7
ин. 081000 
Телефон: 8 (726-38)-31174
Телефон доверия: 8 (726-38)-31174
E-mail
:

ОФИЦИАЛЬНЫЙ САЙТ ЦЕНТРАЛИЗОВАННОЙ БИБЛИОТЕЧНОЙ СИСТЕМЫ ШУЙСКОГО РАЙОНА

ШУ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ
РЕСМИ САЙТЫ

Мекен-жайы: Жамбыл облысы, Шу ауданы, Төле би ауылы,  Аубакиров көшесі 7
Индекс: 081000 
Телефоны: 8 (726-38)-31174  
Сенім телефоны: 8 (726-38) -31174
E-mail: 

Адрес: Жамбылская область, Шуский район, село Толе би, ул. Аубакирова 7
ин. 081000 
Телефон: 8 (726-38)-31174
Телефон доверия: 8 (726-38)-31174
E-mail
:

ОФИЦИАЛЬНЫЙ САЙТ ЦЕНТРАЛИЗОВАННОЙ БИБЛИОТЕЧНОЙ СИСТЕМЫ ШУЙСКОГО РАЙОНА

Жүйеге ену

Қазір сайтта

Сейчас на сайте 0 пользователей и 4 гостя.

Кітапхана тарихы

 

                  Шу ауданы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қысқаша тарихы: 

 

  ...

  Ұғынып бабалардың мұңын, шерін,

  Жайнатты тәуелсіздік туын елім.

   Сол тудың аясында өркен жайған,

   Киелі қасиетті Шуым менің !!!

 

  Қай аудан болмасын өзіндік тарихы бар. Ол тереңнен сыр тартады. Оның ішіндегі жазбаша қалдырылған тарихи деректердің нақтылығы мен құндылығы тіптен жоғары. Өйткені ол - шындыққа негізделген нақты деректерді баяндайтындығымен құнды.   

Шу ауданы Қазақ Автономиялық ҚСР-нің Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Кеңесінің 1930 жылғы 17 желтоқсандағы қаулысы негізінде құрылған.Бұрынғы Алматы округі бойынша құрылған 16 ауданның бірі.

1939 жылы Жамбыл облысының құрылуына байланысты аудан жаңа облыстың құрамына қабылданды. Бүгінде тоғыз жолдың торабындағы Шу ауданы облысымыздың оңтүстік шығысында орын тепкен. Облыстың 12,030 мың шаршы шақырым жерін алып жатыр. 

Тарихқа жүгінсек, Шу - оқымысты, ғұламалар мекені. Әлемдік деңгейдегі ғұлама Жүсіп Баласағұн осы қасиетті топырақтан шыққан. Бір деректерге қарағанда Махмұд Қашқаридің әкесі, тіпті оның өзі де берекелі қала - Баласағұнда туған көрінеді. Данагөй бабамыз - Төле би сынды көрнекті мемлекеттік тұлға туып өскен киелі жер. Сөз зергер, әділ би - Бөлтірік шешеннің, Балуан Шолақ бабамыздың, Сауытбек, Қуандық, қыл қобызды Бармақ,Қылышбай, Жақсыбай тағы да басқа ақындарымыздың кіндік қаны тамған.Осы өлкеде бүгінде дүйім елге белгілі ақын-жазушылар мен сазгерлер, әртістер дүниеге келді. 

Шу аймағы атақты Ескендір Зұлқарнайы (Александр Македонскийдің), Кенесары-Наурызбайдың, күш атасы Қажымұқан палуанның, Тұрар Рысқұлов, Ораз Жандосов, Сәкен Сейфуллин және басқа да зиялылардың табан тіреген жері.

Шу негізінен ауылшаруашылығы дамыған аудан. Ауданның дамуына теміржол транспорты да үлкен үлес қосып отыр.

Осындай шежірелі де даңқты Шу өңірі дархан да еңбекқор, өнерлі де ержүрек адамдар мекені.Ұлы Отан соғысы жылдары қаһармандықтың үлгісін көрсеркен Шу өңірінің екі перзентіне Сәду Шәкіров пен Саттар Естемесовке Кеңес одағының батыры атағы берілді. Аудан орталығындағы саябақта бұлардың мүсіндері биік тұғырға қойылған.Өтпелі кезең ауыртпалығын да еңсесін түсірмеген шулықтар елімізбен бірге туған жерін өркендетіп, жетістіктер жолымен өрлеп келеді.

 

     Шу ауданы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі: 

 1933 жылы Алматы облысы Шу ауданы Новотроицкое селосында "Изба читальня" болып ашылып, 1941 жылы Шу ауданы Жамбыл облысына қарасты "Қызыл бұрыш", 1952 жылы Аудандық мәдениет бөліміне қарасты "Кітапхана", 1956 жылы Жамбыл облысы Шу аудандық мәдениет бөліміне қарасты "Аудандық кітапхана" болып аталды. 1961 - 1980 жылдар аралығында ауылдық кітапханалар саны 32-ге жетсе, 1990 жылы аудандағы барлық кітапханалар саны 40-қа жеткен. 1995 жылдан бастап оңтайландыру саясаты кезінде ауылдық кітапханалар біртіндеп жабыла бастап, бір кітапхана ғана қалса, 2000 жылы "Мәдениетті қолдау жылы" - 10 ауылдық кітапхана ашылды. 2002 жылы 3 ауылдық кітапхана, 2005 жылы 5 ауылдық кітапхана, 2007 жылы 1 - балалар кітапханасы, 1 - ауылдық кітапхана, 2008 жылы 1 ауылдық кітапхана ашылған. Қазіргі таңда 27 - кітапхана халыққа қызмет көрсетеді. Соның ішінде 2 - электронды зал, көзі көрмейтін және әлсіз көретіндерге арналған бөлім оқырмандарға қызмет етеді. Кітапханалар РАБИС бағдарламасымен жұмыс істейді.   

Жаңа түскен әдебиеттер

Сіздің жасыңыз?
15 жастан 25 жасқа дейін
0%
26 жастан 40 жасқа дейін
100%
40 жастан жоғары
0%
Всего голосов: 1