ШУ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ
РЕСМИ САЙТЫ

Мекен-жайы: Жамбыл облысы, Шу ауданы, Төле би ауылы,  Аубакиров көшесі 7
Индекс: 081000 
Телефоны: 8 (726-38)-31174  
Сенім телефоны: 8 (726-38) -31174
E-mail: 

Адрес: Жамбылская область, Шуский район, село Толе би, ул. Аубакирова 7
ин. 081000 
Телефон: 8 (726-38)-31174
Телефон доверия: 8 (726-38)-31174
E-mail
:

ОФИЦИАЛЬНЫЙ САЙТ ЦЕНТРАЛИЗОВАННОЙ БИБЛИОТЕЧНОЙ СИСТЕМЫ ШУЙСКОГО РАЙОНА

ШУ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ
РЕСМИ САЙТЫ

Мекен-жайы: Жамбыл облысы, Шу ауданы, Төле би ауылы,  Аубакиров көшесі 7
Индекс: 081000 
Телефоны: 8 (726-38)-31174  
Сенім телефоны: 8 (726-38) -31174
E-mail: 

Адрес: Жамбылская область, Шуский район, село Толе би, ул. Аубакирова 7
ин. 081000 
Телефон: 8 (726-38)-31174
Телефон доверия: 8 (726-38)-31174
E-mail
:

ОФИЦИАЛЬНЫЙ САЙТ ЦЕНТРАЛИЗОВАННОЙ БИБЛИОТЕЧНОЙ СИСТЕМЫ ШУЙСКОГО РАЙОНА

Жүйеге ену

Қазір сайтта

Сейчас на сайте 0 пользователей и 1 гость.

Жобалар, акциялар, бағдарламалар

...

      26 қараша күні Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастырып отырған "Үміт қанатында " атты фестивалі өткізілді."Жүректен шыққан жырларым - туған өлкем" атты авторлық шығармадан  Қасымкулов Болатхан 1 орын иегері атанды.
 
 
 
 
 
 
 
12

Орталық кітапханада ақын, айтыскер - Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына орай "Жыр алыбы-Жамбыл"тақырыбында өткен поэзия кешіне № 10 Шу колледжінің ұстаздары мен білімгерлері, ардагер ұстаз С.А.Бақбергенова, кітапхана қызметкерлері және мектеп оқушылары қатысты.Іс-шара барысында ақынның 170 жылдығына орай "Жамбыл- мәңгі жаңғырық" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды,Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған слайд көрсетілді .Қатысушылар "Ленинградтық өренім","Аттандыру", "Атаның әлдиі" және т.б өлеңдерін мәнерлеп оқыды.Осы іс-шараны өткізудегі басты мақсатымыз: жыр алыбы -  Жамбылдың ақындық талантын оқушылар жүрегіне ұялатып, өлеңдерімен сусындатып, кітаптарын насихаттау.

 

 

 

 

 

"әі"әі2016 жылдың 9 ақпан күні орталық кітапханада шынайы поэзия өкілі, ақиық ақын - Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдық мерей тойына орай           "Мұқағали- мәңгілік ғұмыр" атты ән байқауы өткізілді. Шараға № 10 колледжінің ұстаздары мен білімгерлері, М.Мақатаев атындағы Тірек  мектебінің ұстаздары мен оқушылары, М.Әуезов атындағы орта мектептің оқушылары, көпшілік оқырмандар қатысты. Кеш барысында білімгерлер мен оқушылар Мұқағали өлеңдерін, поэмаларын оқып, "Күрең күз", "Наурыз - Думан", "Қарасазым", "Фариза" т.б әндерін нақышына келтіріп орындады. Арнайы ақынға арналып "Жыр - менің жалғыз тарланым, жанымды жырмен жалғадым " тақырыбында ұйымдастырылған кітап көрмесімен, кітапханашы Г.Әли таныстырып, шолу жасады.  

"әі

2016 жылдың 1 наурызында кітапханада Алғыс айту күніне ұйымдастырылған "Ел бірлігі - ең асыл қасиет" атты әдеби қонақжай кеші өткізілді. Кешке Әль-Фараби атындағы орта мектебінің ұстаздары мен оқушылары, М.Әуезов атындағы орта мектептің оқушылары, Шу қаласы Абай атындағы орта мектебінің оқушылары және кітапхана қызметкерлері қатысты.Мақсаты:Қазақстанның көп ұлтты халқының татулығын, ынтымақтастығын паш ету, ұлттық қарым-қатынасты насихаттау,Отанға деген патриоттық сезімін ояту.Іс-шараның өту барысында оқырмандарға "Ынтымағы жарасқан - Қазақстан"-атты кітап көрмесіне шолу жасалды.Шараға 19 оқырман қатысып, кітапханаға 9 оқырман жазылды.

...

іңғ
іңғ
2016 жылдың 29 наурызында Орталық кітапханада "Туберкулезбен күрес тоқтамауға тиіс" атты дөңгелек үстел өтті. Туберкулез - дүниенің төрт бұрышын түгел жайлаған жұқпалы індет."Денсаулық - бар байлығың басыңдағы, Жайнаған өміріңнің жасыл бағы. Қастерлеп мәпелесең, аяласаң, Бойыңнан кетпес қуат жасыңдағы".Іс-шараға қатысушы қонақтар аудандық  аурухананың жастар денсаулық орталығының әлеуметтік қызметкері Дүрбаева Роза Чаянқызы, аудандық  аурухананың терапевт дәрігері Баймуратова Махаббат Бекбаевна, Шу аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының жетекші маманы Абыласанова З.Ж. Шу аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының жетекші маманы Дәуренқұл Г.Қ." Құқық және бизнес" колледжінің білімгерлері қатысып сұрақ қойысып,сұрақтарына жауап алысты.

 

 

2016 жылы 12 ақпанда орталық кітапханада " Ауғаныстан - мәңгі жадымызда" атты кездесу кеші өтті. Іс-шараға қатысқандар Ауған соғысының жауынгерлері М. Бескемпірұлы, М.Асқарұлы, Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназияның ұзтаздары мен оқушылары және Шу гуманитарлық "Құқық және бизнес" колледжінің білімгерлері.Сондай-ақ  Ақтөбе ауылдық кітапханасында кітапханашы Инкарбекова Куләйханның ұйымдастырумен  "Естен кетпес Ауған жері" атты кездесу кеші өткізілді.Ақтөбе  ауылының тұрғыны Ауған соғысының ардагері М. Теңізбаевпен кездесу барысында Ауған соғысы туралы мәліметтер айтылып және де бейне ролик көрсетілді.
...
...
 
 
 
 
 
 
 
 
 

...

...
 

 

 

 

 

 

 

 

 

...

Орталық кітапханада 18 наурыз күні Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесіне орай,наурыз көже таратылды.Көжеге кітапхана ардагерлері шақырылды. Аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Раканова Эльмира "Жыл басы - Наурыз" атты іс - шара өткізіп, көже таратты. Іс - шараға мектеп оқушылары қатысты.Қазақтың ұлтық ойындары ойналып, ән- жырлар шырқалды.
...
 
 
 
 
 
 
 

...

...
...
...
 

...

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

...

...

 2 - сәуір Халықаралық балалар кітабы күніне орай 1-сәуір күні Балалар кітапханасының ұйымдастыруымен. Төле би ауылдық " Айналайын" балабақшасының үлкен топ бүлдіршіндерімен "Кітап біздің досымыз" атты әңгіме - саяхат өтті. Кітапханашы Қозыгелдиева бүлдіршіндерге кітаптың шығу тарихымен таныстырып өтті. Кітап - біздің рухани сарқылмас қазынамыз. Кітап - ғылым. Ол бүкіл адам баласына ортақ. Кітап - ақылдың кені, бар білімнің бастауы, бар ғаламның бастауы. Кітап - жан серігің, ақылдастар, сырласар досың. Ұлы тұлғалардың бәрі де, ұлылыққа кітап оқу арқылы жеткен. Бүлдіршіндерге арналып " Кітап сарқылмас рухани әлем" атты кітап панарамасы ұйымдастырылды. Бүлдіршіндер мәз мейрам болып қалды.

...

...
 

 

 

 

 

 

...

 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының Жаңа Еңбек кодексі "100 нақты қадам - Ұлт жоспарын" жүзеге асыру мақсатында бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға және еңбек қатынастары жүйесін модернизациялауға бағытталған. Осыған байланысты орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша, аудандық орталық кітапханада, 08 сәуір күні " Жаңа Еңбек Кодексінің өзгерістері мен толықтырулары" тақырыбында семинар өткізілді.Семинарда Еңбек кодексі кең көлемде талқыланды. Жаңа Еңбек кодексі халықаралық тәжірибеге, оның ішінде, бірінші кезекте Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесіне сүйене отырып жасалды. Еліміз болашақта осы ұйымға кіруге жоспарлап отыр.Сол себепті де еңбек заңнамасын ырықтандыру міндеттері басты назар алынғанын, Әділет басқармасының бас маманы Ерғазы Айнаш Майлыбайқызы толық түсіндіріп өтті. Семинарға қатысушыларға құқық қорғау туралы парақшалар мен кітапшалар таратылды. Семинарға Шу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Базарова Майра Айдарбекқызы, Әділет басқармасының бас мамандары Ерғазы Айнаш Майлыбайқызы, Есмамбетова Лиза Өтемұратқызы және кітапхана қызметкерлері қатысты. Қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға мамандар толықтай жауап беріп отырды.

...

...

 

 

 

 

 

 

 

 
...
2016 жылдың 14 сәуірінде орталық кітапханада Көзі көрмейтін және әлсіз көретін бөлімде "Тәуелсіздік - бар бағыттың бастауы" атты дауыстап оқу өтті. Оқырмандарға Тәуелсіздіктің оңай жолмен келмегенін түсіндіре отырып еліміздің тарихы туралы түсінік беру; оқырмандарды ұлтын сүюге, отаншылдыққа тәрбиелеу. Туған жердің киесі мен қадірін әр азамат жүрегімен сезініп аялай білсе, ұлтқа, елге, Отанға деген ыстық сүйіспеншілікпен бағалай білсе, бұл - әр азаматтың қасиетті борышы. Міне, осы тәуелсіздіктің туын желбіреткен ұлтжанды аға - әкпелеріміздің арқасында егеменді ел болуға қол жеткіздік.Қазахстанның тәуелсіз, егеменді ел ретінде танылғанына міне 25 жыл толып отыр. Тәуелсіздік сияқты ұлттық мерекені бүгінгі таңда қазақ халқы жүрегімен сезінуі керек.
...
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
...
......
 
 
 
 
 
 
 
...
...
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1995 жылдың 23 сәуірі - " Халықаралық кітап күні " деп жарияланды. Міне, содан бері бұл күн Ресейде, Германияда т.б. шет елдерде өте жоғары деңгейде аталып өтілуде. Орталық кітапханада 2016 жылы 23 сәуір күні Халықаралық кітап күніне арналған "Кітап-өрісі кең әлем " атты кітап мерекесі өтті. Кітаптан асқан қазына жоқ.Кітап қай заманда да өзінің құндылығын жоғалтпаған. Сондықтан, еліміздің болашағы жастарға рухани нәр беретін, білім жолындағы өмірлік құлшынысына жолдама беретін ірі мәдени - рухани орталыққа айналып отырған бұл - кітапхана. Іс - шараға қатысқандар: мәнерлеп оқу үйірмесінің жетекшісі Ж. Иманбаева М. Мақатаев атындағы Тірек мектебінің оқушылары, Е. Бекмаханов атындағы мектеп-гимназияның оқушылары және кітапхана қызметкерлері.
 
...
...Орталық кітапханада 22 сәуір күні "Имандылық жүрекке ұяласа" атты дөңгелек үстел өтті. Имандылық адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс - әрекеттерін белгілі бір халыққа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір қасиет, адам бойындағы адамгершілік, кісілік белгісі. Болашақ ұрпақты имандылық тәрбиеге баули отырып, халық дәстүрін жүрегіне ұялатып, санасына құю - біліммен тәрбиенің басты міндеті. Дөңгелек үстелдің қонағы орталық мешіттің бас имамының көмекшісі Құлыбек Ердәулет Асқарұлы, "Құқық және бизнес" гуманитарлық колледжінің ұстаздарымен білімгерлерінің сұрақтарына жауап беріп, имандылық аясында көптеген әңгімелер айтылды. Кеш мақсаты жастарды діни наным - сенімдерді ажырата білуге, әлемдік діндер туралы өзіндік көзқарастарын қалыптастыруға, білімгерлерді ұлтжандылыққа, тілі мен дінін, салт - дәстүрін құрметтеуге, патриотизмге тәрбиелеу. 
 
...
...
Орталық кітапханада 2016 жылдың 5 мамырында, 9 мамыр Жеңіс күні мерекесіне орай "Ер есімі - ел есінде" атты тарихи сағат өтті. Тарихи сағатқа қатысқандар : Тылда еңбек еткен ардагер анамыз - Чикаева Накия,мәнерлеп оқу үйірмесінің жетекшісі Иманбаева Ж, М.Мақатаев атындағы тірек мектебінің оқушылары. Мақсаты: Оқушыларды Отанын, елін, туған жерін сүюге баулу, өз еліміздің батыр ұл - қыздарын дәріптеу, ұлттық - патриоттық сезімге баули отырып, оқушылардың оқу шеберлігін шыңдау.Кеш қонағы ардагер - Накия Чикаева жас жеткіншектерге естеліктер айтып,бата тілегін жеткізді.  Кеште жеңіс күніне арналған слайд көрсетіліп, көрмеге шолу жасалды.
...
...

 

 

 

 

 

 

 

 

...23 cәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күніне орай, Төле би ауылдық балалар кітапханасының кітап қорына жаңадан түскен әдебиеттерден "Кітап әлеміне саяхат" атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалынды. Іс-шараға Е.Бекмаханов атындағы мектеп гимназиясының мектепке "даярлық тобы" оқушыларының қатысуымен өтті.

 

 

...

...
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

...

 1-маусым - балаларды қорғау күніне орай, орталық саябақта Төле би ауылдық кітапханасының кітап қорына жаңадан түскен кітаптарды насихаттау барысында "Кітап асыл қазына" деген жазу жазылып қойылды. Көшпелі кітап көрмесін саябақта қыдырып жүрген балалар тамашалады. Көрмені қызықтап келіп қараған бүлдіршіндер "Кітап", "Білім", "Отан", "Астана" тағы басқа тақырыптарда жаттау, өлеңдер оқыды. Балалар кітапханасы өз өнерлерін көрсеткен оқырмандарға тәтті конфеттерін таратты. Кітап ең керемет ғажайып зат. Кітапты оқыған сайын керемет ғажайып құбылыстарға тап боласың. Қазақ халқы кітапты киелі, әулие, қасиетті, құдіретті зат деп бағалаған.   

 

...

...
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

...

Үстіміздегі жылдың 11 шілдесінде орталық кітапханада "Тіл - ұлттың тағдыры" атты жыр кеші өтті. Кешке өнер мектебінің ұстаздары мен оқушылары, М.Әуезов атындағы орта мектептің оқушылары, Е.Бекмаханов мектеп-гимназиясының оқушылары және кітапхана қызметкерлері қатысты. Кештің мақсаты оқырмандардың тілге деген сүйіспеншілігін жандандырып, тілді құрметтеу, тіл - біздің ертеңіміз, тіршілігіміз, өміріміз екенін түсіндіру және сөздік қорын дамытып, ана тіліміздің қадір-қасиетін ойларына дарыта білу.  Тіл - халық тарихы, тіл ұлттық қазына, тіл біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз. Ана - тілі анаңның тілі, туған халқыңның тілі. Ана тілін біз кішкентай кезімізден қастерлеп, құрметтеп үйрене бастаймыз. Әр халықтың жер бетінде жасағаннан бергі басынан кешкен өмірі, ерлік істері, аңыз - ертегілері, шығарған өлең - жырлары, жазған кітаптары, табиғат пен қоғам құбылыстары атаулары, көрген білген жалпы дүние жайындағы ұғымдары, ойы, сезімі - бәрі де ана тілінде сақталады, ана тілі арқылы атадан балаға ауысып отырады. Қазақ халқы өз тілін ардақтап, кие тұтқан. Тіл құдіретін танып, "Өнер алды - қызыл тіл", "Бас кеспек бар да тіл кеспек жоқ" деп дәріптеген. Ананың әлдиіменен ұрпақ бойына таралып, ананың бал сүтімен сүйегіне сіңетін тілді ана тілі деп аялаған. Атаның ақылы мен даналығына суырылған сөз аталы сөз боп есептелген.
...
...
...

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2016 жылы 26 тамыз күні Шу ауданы мәдениет үйінде орталық кітапхананың ұйымдастыруымен "Қазақстан Тәуелсіздігінің кепілі" атты кітап және фото көрмелері қойылды. 

...

...

 

 

 

 

 

 

 

...

...

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
...
2016 жылы 29 тамыз күні Далақайнар ауылдық кітапханасында "Заңды білу заман талабы" тақырыбына заң туралы кеңес ұйымдастырылып, өткізілді.

...

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2016 жылы 29 тамыз күні № 3 қалалық кітапханасында "Ата Заң - қоғамның айнасы" /30 тамыз Конституция күніне орай/ тақырыбына дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Оқырмандарға Ата Заңымыздың қадір қасиетін түсіндіру, заң талаптарын құрметтеу - әрбір азаматтың қасиетті борышы екенін ұғындыру.

......

...
2016 жылдың 5 қыркүйек күні орталық кітапханада "Ұлымыз ұлықты, қызымыз қылықты болсын десек" тақырыбына кездесу кеші өткізілді. Кешке орталық мешіттің имамының көмекшісі Сейіткереев Талғат, Құқық және бизнес колледжінің білімгерлері және кітапхана қызметкерлері қатысты. Іс-шараның мақсаты: оқырмандарды ұлтжандылыққа, адамгершілікке, тілі мен дінін, салт-дәстүрін құрметтеуге, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетуге, ұйымшылдық пен патриотизмге тәрбиелеу.
 

...

...

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
...

 

 

2016 жылдың 25 ші тамызында орталық кітапхананың "Көзі көрмейтін және әлсіз көретіндерге арналған бөлімінде", "Ата Заң - елдің айбыны, еркіндігі, байлығы" тақырыбына дауыстап оқу ұйымдастырылып, өткізілді.

 

 

...

...
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

 

Орталық кітапханада 2016 жылы 14 қыркүйек күні Қазақстан халқы тілдерінің күніне арналған "Мақал - сөздің мәйегі" тақырыбында әдеби-ойын ұйымдастырылып өткізілді.

...
...
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Құрметті оқырмандар! Шу ауданы орталық кітапхананың кітап қорына жаңадан келіп түскен әдебиеттерді сіздердің назарларыңызға ұсынамыз!

...

...
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Тіршілік толқындары шеңбірек ата тулап, тарлан тарихта өшпес ізі қалған бұл өлке киелі құт дарыған қасиетті, шуақты жеріне құт береке орнаған киелі мекен - Шу жері. Шу өңірінде есімдері исі қазаққа кеңінен танымал жазушы-ақын, күйші-сазгер, композитор, термешілер және тағы басқа да біртуар азаматтар дүниеге келген. 

Құрметті оқырмандар! 

Орталық кітапхананың кітап қорына жергілікті ақын-жазушы, күйші-сазгер, термешілердің шығармаларын сіздердің назарларыңызға ұсынамыз!
...
...
...
...
...
...
 

...

...

 

...
...
 

...

...
 
...
...
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Орталық кітапханада Қазақстан Республикасының тілдері күні мерекесіне арналған «Мемлекеттік тілге құрмет – әрбір азаматқа міндет» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз. «Адамға екі нәрсе тірек тегі, Бірі тіл, бірі – ділің  жүректегі», - деп Жүсіп  Баласағұн бабамыз айтқандай  кез – келген  мемлекеттің, елдің ең негізгі  рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ.

...

...
 
 
 
 
 
 
 
 
 
...
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2016 жылы 30 қыркүйек күні орталық кітапханада «Шыңға біткен шынар» тақырыбында жерлесіміз ақын-жазушы Сауытбек Мәдімәрұлымен кездесу кеші өткізілді.

Қаршадайынан қым-қуыт өмірдің кермек дәмін татып өскен қарияның басынан өткен сырлы оқиғаға толы қызықты кітаптарын сіздердің назарларыңызға ұсынамыз! 

.........

......

 
 
 
 
 

 

 

 

 

 

 

Орталық кітапханада 2016 жылы 13 қазан күні «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Дулат азаттық ақыны» тақырыбында жыр кеші ұйымдастырылып өткізілді

...

...
...
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша «Кітап оқу» акциясы ұйымдастырылып, барлық оқырмандарды кітап оқуға шақыру және оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілді. 
...
...
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, Шу аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастырумен Меркі аудандық орталық кітапханасында «Парасат» «Құрмет» ордендерінің иегері, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, сазгер, күйші Әбдімомын Желдібаевтың «Елім-деп мен күй шертем» атты әңгіме-сұхбаты өткізілді. Әңгіме-сұхбатқа Меркі ауданының ақыны Ш.Мамасерікова және Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана директоры Э.Елеусізқызы, Шу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілді дамыту бөлімінің басшысы М.Айдарбекқызы, Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының құжаттарды жинақтау, өңдеу және каталогтар ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Ж.Қапарова тағы да басқа Меркі ауданының тұрғындары қатысты.
...
...
...
...
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
28 қазан күні Меркі ауданында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Шу ауданының күндері өтті.
...
...
...
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында, бүгін облыстық "Ең үздік ауылдық кітапхана" байқауы Бірлік ауылдық кітапханасында өту сәті.
...
...
...
...
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
29 қазан күні №2 қалалық кітапханада Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Тұғырлы мемлекеттің туы биік» атты әдеби кеш ұйымдастырылып өткізілді. Әдеби кештің мақсаты: Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту. Елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.
...
...
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Шу ауданының орталық кітапхана жүйесінде Меркі ауданының кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған флеш-моб және "Сатираның сайыпқыран сардары" атты Темірбек Қожакеев - 90 жасына арналған библиографиялық шолу өткізілді.
...

...

 

 

 

 

 

 

 

 

Орталық кітапханада 2016 жылы 8 қараша күні «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты: Ата-бабамыздан қалған қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, ана тілінде сөйлеу шеберлігін арттырып, сөздік қорын молайту және қазақ тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
...
...
...
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Аудандық орталық кітапханада «Қазақстан – ядродан азат аймақ» тақырыбында кітап және фото көрме ұйымдастырылды. 

Көрме: 1 бөлім: «Ядролық қарудан таза әлемге»

2 бөлім: «Қазақстан ядросыз әлемді қолдайды»

3 бөлім: «Ядросыз әлем құру – адамзаттың аңсарлы арманы» атты бөлімдер және дәйек сөздермен безендірілген.

Көрменің мақсаты – қазақстандық жауынгерлердің жанкешті ерлік еңбектерін көрсету. Семей полигонының зардаптары мен шығу тарихын, жабылуын атап айтып, опат салдарын жоюға аттанғандардың ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттау.
...
...
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ОКЖ кітапханасының көзі көрмейтін және әлсіз көретіндерге арналған бөлімінің тұрақты оқырманы Садығұлов Ербол «Үміт қанатында» атты облыстық фестивалінде «Мен әлемді жүрегіммен сеземін» ән номинациясы бойынша І орын иегері атанды.
...
...
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Шу аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 25 игі іс-шара ұйымдастырылып, өткізілуде. Балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» атты әдеби кеш өтті. Әдеби кеште Президентіміздің Қазақстанға сіңірген еңбектері, Елбасымыздың өмір жолы айтылды. Қазақстанның егеменді ел атануына Елбасымыздың қосқан үлесі зор. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдениетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жақсартып отырған ұлы тұлға екені оқушыларға түсіндіріліп, оқушылар Елбасымызға арналған өлең жолдарын оқып берді.
...
...
...
...
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                   

8 қараша күні Көкқайнар ауылдық кітапханасында «Тәуелсіздік тұғырым» /Тәуелсіздікке 25 жыл/ тақырыбына тарих сағаты ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараға 8 оқырман қамтылды. Мақсаты: Оқырмандарға Тәуелсіз еліміздің жетістіктерін, тарихын тереңінен таныстыру.

...

...
 
 

...

 
 
 
15 қараша күні Бірлікүстем ауылдық кітапханасында «Мақтанышым – Тәуелсіз Қазақстан»  тақырыбына мәнерлеп оқу ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараға 11 адам қамтылды. Мақсаты: Оқушыларды тіл тазалығын сақтауға үйрету, ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру.

 

 

...

 
 
 
17 қараша күні Балуан Шолақ ауылдық кітапханасында «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» тақырыбында әдеби сазды кеш ұйымдастырылды.

 

 
 
 
 
 
 
...
 
 
 
 
18 қараша күні Көктөбе ауылдық кітапханада «Өткен күндер жеңісі, Тәуелсіздік жемісі» атты әңгіме өткізілді.
 
 
 
 
 
 
 

...

 
 
 
 
18 қараша күні Қонаев ауылында «Тәуелсіздік жемісі» тақырыбында оқырмандар конференциясы өткізілді.
 
 
 
 
 
 
 

...

 
 
 
 
21 қараша күні Сауытбек ауылдық кітапханада «Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.

 

 
 
 
 
 
 
 

...

 
 
 
 
 
21 қараша күні Алға ауылының кітапханасында «Тәуелсіздік ел тірегі» атты оқырмандар конференциясы өткізілді.

 

 
 
 
 
 
 
...
 
 
 
 
22 қараша күні Тасөткел ауылының кітапханасында «Тәуелсіз елдің тірегі» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылып өткізілді.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
23 қараша күні
 
...
 
 
 
 
Далақайнар ауылдық кітапханада «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты  оқырмандар конференциясы өтті.
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 Жаңа жол ауылдық кітапханасында «Тәуелсіздік – азаттығым, бақ күнім» тақырыбына мәнерлеп оқу ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараға Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің оқушылары қамтылды. Мақсаты: Оқушылардың ой-өрістерін, тіл байлықтарын дамыту.

...

...
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Шу аудандық Балалар кітапханасының оқу залында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Мәңгілік ел - мәңгі жаса» атты әдеби кеш М.Мақатаев атындағы «Тірек» мектебінің ресурстық орталығының оқушыларымен өткізілді. «Қасиетті байтақ елім - Қазақстан» атты кітап көрмесімен таныстырылып, слайд көрсетілді. Сондай-ақ әдеби кешімізде Тәуелсіздік туралы ақындарымыздың өлеңдері оқылып, «Қайратқа тағылған жала» атты көрініс қойылды. Іс-шарамызға Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Нұрғазы Мадиярұлы қатысып, кітапхана оқырмандарын Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен құттықтап, «Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары болсын»,-деп өз сөзін аяқтады. Кеш соңында белсене атсалысқан оқырмандар, мақтау қағаздарымен марапатталды.
******
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
***
***
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

25 қараша күні 

...
 
 
 
 
Мойынқұм ауылының кітапханасында «Тәуелсізідк тарихы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

...

 

 

 

 

Жиенбет ауылының кітапханасында «Тербетеді елді Тәуелсіздік ұраны» атты оқырмандар конференциясы өтті.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Оразалы ауылдық кітапханасында «Тәуелсіздік – азаттығым, бақ күнім» тақырыбына тәрбие сағаты ұйымдастырып, өткізілді.

 

...

 

 

Бірлік ауылдық кітапхананың оқу залында «Тәуелсіздік таңы» атты оқырмандар конференциясы болып өтті.

 
 
 
 
 
 
 

26 қараша күні Белбасар ауылдық кітапханада «Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат» атты сазды кеш өткізілді.

...

...
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

...

 
 
 
 
28 қараша күні Ақтөбе ауылдық кітапханада  тарихи сағат ұйымдастырылды. 

 

 
 
 
 
 
 
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай білімгерлер мерекесіне флешмоб ұйымдастырылды.
***
***
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аудандық кітапханада көзі көрмейтін және әлсіз көретін бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кеш өтті. Іс-шараға көзі көрмейтін және әлсіз көретін бөлімнің оқырмандары және орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Б.Алжанбаева қатысып, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап өз тілектерін білдірді.

***

***
 

 

 

 

 

 

 

 

Құрметті Шу ауданының кітапхана оқырмандары! Кітапханамызға жаңа кітаптар келіп түсті. Жаңа кітаптарды оқуға асығыңыздар!!!

***

***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Шу аудандық орталық кітапханада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы» Республикалық акциясы бағдарламасы аясында медиаторлардың тұрғындар және кітапхана қызметкерлерімен кездесуі ұйымдастырылып өткізілді. Әдістемелік құралдар таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы» құрамынан іс-шараны Альтекова Нұрсауле Абдықадырқызы және Данабаева Кенжеш Сабитқызы жүргізіп, қатысушыларға өз ойларын жеткізді. Іс-шара барысында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Базарова Майра Айдарбекқызы келген қонақтарға рахметін айтып, жылы лебізін білдірді. Медиация кабинетінің меңгерушісі Н.Абдыкадырқызы Алжанбаева Бағдагүл Дәулетқанқызы басқарып отырған орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, алып келген кітаптарын сыйға тартты.

***

***
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
30 қараша күні орталық кітапханада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай келген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елі сүйген Елбасы» атты поэзия кеші ұйымдастырылды. Іс-шараға 18 оқырман қамтылды.
***
***
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Еңбекші ауылдық кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің - 25 жылдығы аясында ұйымдастырылып жатқан, 25 игі іс-шараның бірі ретінде «Тәуелсіздік бабалар аңсаған арман» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты Егемендіктің мәнін ұғындыру, дүниетанымды кеңейту, шығармашылыққа баулу, тіл байлықтарын дамыту, өз Отанын сүйетін ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеу.
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
***
 
 
 
 
2016 жылдың 06 желтоқсан күні орталық кітапхананың оқу залында "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
 
 
 
 
 
***
 
 
 
Бүгін орталық кітапхананың ұйымдастыруымен "Тәуелсіз жылдар шежіресі" атты кітап көрмесі оқырмандарға таныстырылды.
 

 

 

 

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің электронды зал бөлімінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елім - Қазақстан» атты бейнеролик кітапхана қызметкерлері мен оқырмандарға көрсетілді. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Алжанбаева Бағдагүл Дәулетқанқызы оқырмандарды Тәуелсіздіктің 25 жыл мерейтойымен құттықтап, электронды зал бөлімінің қызметкерлерінің еңбектеріне табыс тіледі. Көрермендерге еліміздің тарихынан сыр шертер құнды дүниелер ұсынылды. Тәуелсіздігіміздің 25 жылы ішінде жеткен жетістіктері мен Қазақстанның тәуелсіздік кезеңіндегі қалыптасуы, даму тарихы – осы бейнероликте көрсетілді.

***

***
 

 

 

 

 

 

 

 

Бүгін Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне орай орталық кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен «Жарқын іспен күллі әлемге таң қылып, жасай берсін елдігіміз мәңгілік!» атты жас оқырмандар форумы өтті.

***

***
***
***
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
         
 
     
   
 
 
 
 
 
 
 
     Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне арналған №1, 2, 3 Шу қалалық кітапханалардың ұйымдастыруымен «Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков – ұлт найзасының ұшы» атты тақырыбында әдеби кеш және теартлық қойылым ұйымдастырылды.
***
***
***
***
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Орталық кітапханада Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне арналған «Желтоқсанның жалындаған қайраткерлері» атты еске алу кеші ұйымдастырылды. Еске алу кешімізге Қайрат және Желтоқсан көтерілісін зерттеуші, Әлем халықтары Жазушылар одағы және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі М.Уақтегі қатысты. Іс-шара барысында «Тәуелсіз жылдар шежіресі» атты кітап көрмесіне шолу жасалып слайд көрсетілді.

...

...
...
...
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
   
 
    Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына биыл 105 жылдығына орай, бүгін №2 қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен «Ардақтап атыңды айтады ел» атты еске алу кеші өтті. Іс-шараның мақсаты: Д.А.Қонаевтың өнегесі мен өсиеті, тәлімі мен кісілік қасиетін жастарға үлгі ету, есімін мәңгі есте қалдыру. Бір ұлтты, бір халықты танып білу үшін кейде сол ұлттың, сол халықтың бір азаматын көріп көп нәрсе бағамдауға болатындығын, сондай бір халықтың өкіліндей адамның бірі ретінде Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев екендігін кітапхана меңгерушісі Б.Нуртаева оқырмандарға айтып өтті. Кеш соныңда «Есімі жаңғырып тұрады мәңгілік» атты көрме ұйымдастырылып білімгерлерге таныстырылды.
******
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     Шу Аудандық орталық кітапхананың оқу залында «Терроризм – қоғамға қауіпті дерт» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараның мақсаты: оқырмандарға экстремизм, терроризм, радиакализм терминдеріне түсінік беру, Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуал жайы жөнінде мағлұмат беру. Бұл бүкіл ел, халық болып, қоғам болып күресетін дерт. Оқырмандардың бұған дейінгі білімдерін кеңейту, тақырыпты өз бетінше меңгеру, өз ойын еркін жеткізе білу, талдау дағдыларын қалыптастыру.
******
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
   
     Мәдениет үйінде «Діни экстремизм және жастар» атты дөңгелек үстел аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен өткізілді. Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы, аудандық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Н.Ж.Абай, «Жастар ресурстық орталығы» КММ істер және ақпараттық талдау бөлімінің аға кеңесшісі М.Н.Атайбеков, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының бас маманы Б.Әлиұлы, Шу аудандық істер бөлімінің полиция аға лейтенанты Д.Т.Сабиев, Аудандық ардагерлер кеңесі төреалқа төреғасының орынбасары Ш.Малдыбаев қатысып өз ойларын ортаға салды. Іс-шараның мақсаты: Жастарға, экстремизм, терроризм, радикализм терминдеріне түсінік беру, Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуалы және тәрбиелік маңызы зор ұлағатты әңгіме өрбіту. Мемлекетімізде дінге сенушілердің діни қажеттіліктерін орындау үшін барлық жағдайлар жасалды. Елбасы жыл сайынғы Жолдауларында халқымыздың рухани өміріне, мәселен отбасы құндылығын арттыру, жат ағымнан алыс болу, бірлікті сақтау, қайырымдылық жасау, мейірімді болып, кешірім жолын ұстану секілді сауапты амалдарға да мән береді. Біздің негізгі бағытымыз –діни, рухани сала болғандықтан, еліміздің рухани дамуы жолында аянбай еңбек етіп келеміз. Өйткені халықтың иманы мен руханиятын дамытпай, елдің экономикалық өркендеуі мүмкін емес.
***
***
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
     
 
   Кітапханашылар Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауымен танысты. Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында ел дамуына тың қарқын беретін жаңа бағдарды ұсынды. Кітапханашылар өз ойларын ортаға салып, Қазақстан елі кейінгі ұрпағы үшін бұдан да өсіп өркендеген елге айналатына сенім білдірді.
******
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
   
 
 
   Бүгін Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайреткері, «Құрмет» орденінің иегері, Шу ауданының «Құрметті азаматы» ақын, сазгер, термеші Аяз Бетбаевқа арналған «Жыршы, сазгер» атты дайджест №2 кітапханада ұйымдастырылып өткізілді. Ұлттық құндылықтарымызды жастарға жеткізу, дәстүрлі өнеріміздің қадірін арттыру, Шу өңірінен шыққан жыршы, термеші, ақын Аяз Бетбаевтың шығармашылығын ұрпақтарға насихаттау.
***
***
 
     
       
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
   
   13 ақпан күні №3 қалалық кітапханада «Қасірет шектірген қанды майдан» атты саяси сағат өтті. Оқырмандарға Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу, жас ұрпаққа патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету. Отан үшін отқа түсіп, қыршыннан қиылып жат жерде көз жұмған жерлес азаматтарымызды еске алу, жауынгерлердің қысқа ғұмырынан үлгі-өнеге ету. Ауған соғысында опат болған ағаларымыздың рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу. Саяси сағат барысында жас оқырмандар Ауған соғысының ардагеріне сұрақтарын қойып, естелік әңгімелерін ұйып тыңдады. «Ауған жерінде ізі қалған...» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге кітапханашы шолу жасап өтті.
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
   
 
   Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты кезекті Жолдауын насихаттау барысында іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.
***
***
******
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

 

 

 

   Бүгін Далақайнар ауылдық кітапханасында Ауғанстан аймағынан Кеңес Одағы әскерлерінің шығарылғандығына 28 жыл толуына орай «Ауғанның от жалыны» атты кездесу кеші болып өтті. Ауыл ақсақалдар төрағасы Ж.Балтабаев, ауыл әкімшілік мамандары, «Парасат» әуесқойлар клубының мүшелері және кітапхана оқырмандары атсалысты.

 ***

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   «Ауған жерінде ізі қалған» атты кездесу кеші Көктебе ауылдық кітапханасында ұйымдастырылды. Ауған соғысының ардагері Талап Махамадиев қатысып, өз ойын ортаға салды.

***

 ***

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Бүгін Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері, Шу ауданының "Құрметті азаматы", ақын, термеші Аяз Бетбаевтың 75 жылдығына арналған «Күміс көмей, жезтаңдай – сыршыл ақын» атты әдеби сазды қонақжай кеші Сауытбек ауылдық кітапханасында өткізілді. Бүгінгі қонақжай кештің қонақтары Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі,өлкетанушы Мәкен Уақтегі және Аяз Бетбаевтың шәкірті,Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Шу ауданының "Құрметті азаматы" Базарбай Асқаров шақырылды. Бұл іс-шараның мақсаты: Туған өлкеден шыққан ақын-сазгеріміздің жыр-жинақтарын оқырмандарға кеңінен насихаттау. 

***

***
***
***
***
***
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
   
 
 
 
 
 
   
     27 ақпан күні №1 қалалық кітапханада «Дін және қоғам» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Діни экстремизмнің алдын алу бойынша жастардың діни сауаттылықтарын ашу. Терроризм мен діни ағымдардан сақ болуға шақыру, жастарды Отансүйгіштікке тәрбиелеу; Іс-шараға «Дін – ел бірлігінің ұйытқысы» атты кітап көрмесі қойылды.
***
***
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
     
   
     Аудандық кітапхананың оқу залында 1 наурыз Алғыс айту күніне ұйымдастырылған «Татулықтың тұтқасы – бірліктің бесігі» атты әдеби қонақжай кеші өткізілді. Кештің мақсаты: Қазақстанның көп ұлтты халқының татулығын, ынтымақтастығын паш ету. Бүгінгі кеш Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдеріне деген сыйластықтың, құрметтіліктің, парасаттылық пен ынтымақтастықтың айғағы. Кеш қонақтары алғыстарын айтты.
***
***
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
   
    
     
     ОКЖ бойынша Балалар кітапханасында «Болашақ бүгіннен басталады», №1 қалалық кітапханада «Мың алғыс та аз болады» атты тәрбие сағаты және Сауытбек ауылдық кітапханасында «Бірлігі күшті ел озады» тақырыбында әңгіме ұйымдастырылып өткізілді.
***
******
***
 
     Еңбекші ауылдық кітапханада 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана – өмірдің гүлі» атты кездесу кеші ұйымдастырылып өткізілді.
***
***
***
***
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Ақпараттық библиографиялық қамтамасыз ету және кітапхана процестерін автоматтандыру бөлімінің ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамы ерекше жағдайда аталып өтуіне байланысты 17 наурыз «Ынтымақ күніне» арналған «Қазақстан Ұлт пен ұлыстардың алтын ұясы» атты мерекелік іс-шара орталық кітапхананың оқу залында өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен өткізілді.

***

***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
     Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамын ерекше жағдайда 16-22 наурыз аралығында «Жүрегім толы мейірім», «Қуаныш жан шуағы», «Қазақстан ұлт пен ұлыстардың алтын ұясы», «Жақсылық жасауға асығайық» атты қайырымдылық жасалып, іс-шаралар ұйымдастырылды.
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
 
     17 наурыз күні Балалар кітапханасында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Іс-шара соңында оқырмандарымызға кітапхана ұжымы ұйымдастырған Наурыз көже берілді.
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
   
     5 сәуір күні Аудандық мәдениет үйінің фоесінде Аяз Бетбаевтың-75 жылдық мерей той шығармашылық кешіне арналған Шу аудандық кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен ақынның өмір жолындағы фото көрмесі қойылды.
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     3 сәуір күні №1 кітапхананың оқу залында Облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен тілдік орта қалыптастыру мақсатында құрылған "Тілдік алаң".
***
***
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
     Қонаев ауылдық кітапханасында «Ұрпақтың амандығы – ұлттың саулығы» тақырыбына флешмоб ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараға кітапхананың тұрақты жас оқырмандары қамтылды.
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
 
     7 сәуір күні Жаңа жол ауылдық кітапханасында «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» тақырыбында эко саяхат ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды табиғатты аялауға, күтіп ұстауға шақыру, құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.
******
 
 
 

 

 

 

 

 

 

     

        Аудандық кітапхананың оқу залында оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі "Бір ел - бір кітап" акциясы аясында «Асқақ арманды алаш ардағы» атты библиошар ұйымдастырды.

***

***
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     3 сәуір күні №1 қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен, 2 сәуір дүниежүзілік кітап күніне орай «Кітап – алтын қазына» атты көшпелі кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көшпелі кітап көрменің мақсаты: жастарды кітап оқуға қызықтыру, оны таза, ұқыпты ұстауға үйрету. Кітаптың пайдасы мен маңыздылығын ұғындыру.
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
    №3 қалалық кітапханада «Асқақ арманды ақын» атты поэзия кеші өткізілді. Кеш барысында ұлттық әдебиетіміздің кемеңгері ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың әдеби шығармашылығы, көрнекті мұрасы- халқымыздың рухани саласындағы аса елеулі қазынасы екеніне көз жеткізіп, оқушылар ақынның «Шығамын тірі болсам, адам болып», «Сүйемін туған тілді – анам тілін», «Кедейлік» , «Бір адамға» өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
        Далақайнар ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен ауыл мақтанышы аға шопан Жарас Оспанбеков атамыздың 80 жылдығына орай "Еңбекпен есейгендер" атты әдеби қонақжай кеші өтті. іс-шараға ауыл ақсақалдары, мал шаруашылығында еңбек еткен шопанның замандастары, бауырлары, кітапхана оқырмандары қамтылды. Кеште ән шырқалып, күмбірлетіп күй тартылды, естеліктер айтылып, слайд көрсетілді. Кеш тартымды әрі қызықты өтті.
***
***
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
     
     №2 кітапхананың ұйымдастырумен Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектептің 9 сынып оқушылары арасында өткізілді. «Бейбіт күннің батырлары» атты ауызша журналды кітапхана меңгерушісі Б.Нуртаева айтып өтті. Қазақстан үшін ерекше күн. Өйткені бірінші жер серігі де, бірінші адам да әлем бойынша біздің еліміздің жерінен, Байқоңырымыздан ұшты! Сондықтан Қазақстанды ғарыштың кіндігі деуге болады. Ғарыштың пайдасын да, қиындығын да көрді, азабында да шектік. Бірақ, жалпы алғанда, адамзат баласына аспан әлемінің керек екендігі ешқандай дәлелдеуді қажет етпейді деді.

Ауызша журнал үш беттен тұрады.

1 АТЫ АҢЫЗҒА БЕРГІСІЗ 

2.«...НАР ЕМЕС ДЕСЕҢ НАНҒЫСЫЗ» 

3. АЛАШТЫҢ АЙДЫНЫ атты.
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
     Балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Мүмкіндігі шектеулі балаларды қорғау» орталығында «Кітап әлеміне саяхат» атты тақырыбына әдеби микс ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Балаларға арналған суретті, құрастырмалы, ертегі кітаптарды насихаттау.
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
          
     Дәл қазір Аудандық кітапхананың оқу залында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыруы атты мақаласы кітапхана ұжымымен талқылануда. ОКЖ-нің директоры Б.Алжанбаева мақаланы талқылау барысында біз, қазақ ұлты рухани жаңғыру арқылы өркениетті әлемнің ажырамас бөлігіне айналуымыз керек. Сонымен қатар Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыруы» атты мақаласы – қазақстандықтардың қолдауына ие болған тарихи бастама деп айтып өтті. Әрбір қатысқан қызметкерлер өз ойларын ортаға салды.
***
***
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
     
     Бүгінгі «Бір ел – бір кітап» - 2017 акциясына жыл кітабын таңдау отырысында жалпы халықтық оқуға ақын, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары таңдалып алынғаны белгілі. Осыған орай Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам» атты әдеби вебинар онлайн жүйесінде өту сәті.
***
***
***
***
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
     
     Дәл қазір орталық кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен Шу қалалық мәдениет үйінде «Әлемді кітап арқылы танимын» атты аудандық байқаудың басталу сәті.
***
***
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
     
     Бүгінгі байқауға қатысушы үміткерлерге әділ баға беретін әділ қазы алқалары Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры Инкарбекова Гүлфайруз Қапаровна, Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының әдіскері Таттимбетова Жанар Мухтаровна, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Шу ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Байжол Қуантай Халықұлы, Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Алжанбаева Бағдагүл Дәулетканқызы.
***
******
***
 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    

     Байқау шарттары бойынша: «Портрет галерея» және «Әдеби бәйге» деңгейінің өту сәті.

***

***
***
***
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

     «Әлемді кітап арқылы танимын» ең көп оқитын оқырмандар арасында өтетін «Ескен Елубаевтың оқулары» атты аудандық байқауына қатысқан жеңімпаздарды марапаттау үстінде. 7-10 жас аралығындағы үміткерлеріміз Еркебай Еркетай ІІІ орын иегері, Колабаев Рашид ІІ орын, Қартеңбай Аделя І орын. Бас жүлде иегері сондай-ақ Облыстық байқауға жолдама алған үміткер Бодаубек Назерке. 10-15 жас аралығындағы марапатқа ие болған үміткерлеріміз ІІІ орын бойынша Болат Нұрталап, ІІ орын иегері Нұрғожа Әсел, І орын Малахан Фариза, Бас жүлде иегері және Облыстық байқауға жолдама алған үміткер Ахтай Жансая.

***

***
***
***
 

***

***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
     
     
     №2 қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебінің 5 сынып оқушыларымен «Террорды тоқтау-тәуелсіздікті нығайту» атты тәрбие сағаты өткізілді.
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
 
     22.04.2017 жылы "Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні" акциясы аясында аудандық кітапхана қызметкерлері мекеменің жан-жағына гүл және тал көшеттерін отырғызды.
***
***
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

     

 

     23 сәуір күні дүниежүзілік кітап күніне орай Балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Раушан» балабақшасындағы жас оқырмандарымызға сөйлейтін кітап тұсаукесерін ұйымдастырып өткізілді.

***

***
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
     
     Бүгін орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен 1 мамыр - қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Тәуелсіз Қазақстан – бірлік пен татулықтың мекені» атты оқырмандар конференциясы ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шарамызға Нұр Отан партиясы Шу аудандық филиалының консультанты Алдан Алмас Рахметілдаұлы және Бекмаханов атындағы мектеп гимназиясының оқушылары қатысып өз ойларын ортаға салды.
***
***
***
***
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен кітапхана қызметкерлерінің кәсіби шеберліктерін арттыру және үздіксіз білімін жетілдіру мақсатында өткен дәріске Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің 2 қызметкері қатысып, сонымен қатар 1 мамыр - казақстан халқының бірлігі күніне орай "Достығымыз жарасқан" атты мерекелік кештерін тамашалап қайтты.

***

***
***
***
 

***

***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
   
 
 
     
 
 
 
 
 
 
 
     
 
 
     1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесіне орай орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастырумен Төле би ауылының «Даңқ аллеясы» және Шу қалалық «Теміржолшылар» саябақтарына кітап көрмелері қойылып көпшілік қауымға таныстырылды. Халық көріп тамашалап ризашылықтарын білдірді.

***

***
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
 
 
 
 
 
   
 
 
   7 мамыр - Отан қорғаушылар күні, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығы және 9 мамыр- Ұлы Жеңіс күніне орай «Сарғайса да тарихтың ақ парағы, Ұлы Жеңіс мәңгі есте сақталады» атты кездесу кеші Шу аудандық орталық кітапхана қызметкерлері Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған көрініс көрсетіп, кездесу кеш ұйымдастырды. Іс-шарамызға Ұлы Отан соғысы ардагері Мұсаев Ибрагим және соғыс кезінде тылда қызмет еткен Чекаева Накия ата-апаларымыз қатысып өз ойларын ортаға салды.
***
***
***
***
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
   
 
 
 
   Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша 9 мамыр Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай Аудандық орталық кітапхана, №3 қала, Шоқпар, Бірлікүстем, Балуан Шолақ, Қонаев ауылдық кітапханаларында «Сарғайса да тарихтың ақ парағы, Ұлы Жеңіс мәңгілік сақталады», «Ұрпаққа ұран болған», «Ерлікті ұлықтаған ел», «Еңсесі биік Ұлы Жеңіс», «Жеңістің даңқы мәңгілік» атты еске алу кештер, әдеби кештер, тарих сағаттар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.
***
***
***
***
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
   
 
   7 мамыр - Отан қорғаушылар күні, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 25 жылдығы арналған Далақайнар ауылдық кітапханасында «Қорған болар сарбазың» атты библиошар өтті.
***
***
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
   №2 қалалық кітапханада Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы мақаласы аясында «Рухани дәстүр» атты библиошар теміржол колледжі білімгерлерімен өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Білімгерлерді өзінің туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру және дәстүр арқылы ой-өрісін дамыту рухани байлығын толықтыру.
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
   Қонаев, Бірлікүстем, Жаңа жол ауылдық кітапханаларының ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Торайғыров – Ұлы Абай дәстүрін жалғастырушы» тақырыбында әдеби кеш өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Торайғыров шығармашылығын айта келе, қазақ халқының ілгері дамуына, қазақ халқы рухани мәдениетінің өркендеуіне көп еңбек сіңірген, өзінің жарқын бейнесімен, өміршең асыл мұрасымен халықты Отанын, жерін сүюге үйретіп, еңбекке жұмылдырып тәрбиелі, мағыналы мұра қалдырған ақын шығармашылығын бүгінгі өскелең ұрпаққа насихаттау. Іс-шара аясында Сұлтанмахмұттың өкініші жайлы роман трилогиясынан, Оралхан Бөкеевтың «Сарыарқаның жаңбыры» шығармасынан Сұлтанмахмұттың Әбдікәрім болыспен алғашқы алғашқы жүздесуі үзінділерінен кітапханашылардың орындауында сахналық қойылым қойылды.
***
***
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен «Отбасы тәрбие ошағы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға қатысқан қонақтар Нұр Отан партиясы Шу аудандық филиалының консультанты А.Р.Алдан, «Болашақ» Жастар орталығының маманы Б.С. Досекеева және № 10 колледжінің ұстаздары мен білімгерлері. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың өз отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру, ата-аналарын қадірлеп сыйлай білуге тәрбиелеу, оқушылардың өз ортасына деген мейірімділік сезімін ояту, олардың ой-өрісін дамыту, ата-ана мен бала арасындағы ынтымақты нығайту, татулыққа, бірлікке шақыру. Отбасы-қоғамның ең кіші бөлігі. Отбасы адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасының басты қызметі-баланы тәрбиелеу. Әке-отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі деп білсек, ана - ұйытқысы, жылуы, шуағы. Іс-шараға 60 оқырман қамтылды.

***

***
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
   16 мамыр күні №2 қалалық кітапхананың оқу залында «Табиғатты аялау-халық даналығы» атты дайджест «Жас ұлан» клуб мүшелері арасында ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараны кітапхананың қызметкері Р.Нуртаева жүргізді. Адамның өзі Табиғат пен Жер – Ананың перзенті. Жер – Ананы сүйе білу оны аялау – адамның азаматтық борышы. Табиғатты қорғау – бәріміздің борышымыз. Біз жас ұрпақ – табиғат қорғаны. Атадан балаға мирас болып келе жатқан табиғатымызды көздің қарашығындай сақтап, анамыздай аялап келер ұрпаққа таза күйінде қалдыруымыз керек. Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі.
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
   17 мамыр күні Шу Аудандық Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Шу ауданының «Құрметті азаматы» ақын-сазгер Исаева Бақыт Ақышқызының «Біз-болашақ» атты шығармашылық кешіне арналған, Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Біз - болашақ» атты кітап көрмесі көрермендер назарына ұсынылды.
***
***
***

***

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

 

 

 

 

 

   №2 қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен «Жазықсыз жазаланған жайсандар» атты тарихи сағат темір жол колледжінің білімгерлерінің қатысуымен өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған ақын жазушылардың ерлігін үлгі өнеге ету. Білімгерлердің патриоттық сезімдерін, адамгершілік қасиеттерін дамыту. «Қанмен жазылған хат» және «Қазақ қасіреті» бейнероликтері көрсетілді. 31 мамыр "Саяси қуғын –сүргін құрбандарын еске алу" атты көрмемен Б.Нуртаева таныстырды. Көрменің мақсаты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу. Олардың өмір жолдарымен оқырманды тереңірек таныстыру, өткен тарихымыздан тағылым ала отырып, бүгінгі ұрпаққа әр кітап арқылы өнегелі тәрбие беру, оларды Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары болуға баулу, олардың санасына тарихи шындықты жеткізу. Өткенді ескермей болашақты құру мүмкін емес екендігін айту.

***

***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
   
    Бүгін №1, 3 қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен 31 мамыр қуғын сүргін құрбандары күніне арналған «Қасіретті тағдыр беттері» атты кездесу кеші болып өтті. Кездесу кешіне Шу аудандық ардагерлер мүшесі Д.Бейсенбаева, Б.Оңалбаева қатысып, өз ойларын ортаға салды. Іс-шараның мақсаты: Оқырмандарға саяси қуғын-сүргін құрбандары жөнінде оқиғаны оқушыларға дұрыс терең түсінік беру. Олардың саяси санасын ояту, оқушылардың адамгершілік көз қарастарын қалыптастыру. Оларға қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңге солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мағлұмат беру. Олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу. «Зұлмат жылдар жан жарасы» атты кітап көрмесіне кітапханашы Ғ.Темірғалиева шолу жасап өтті.
***
***
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Шу аудандық орталықтандырылған кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен «Кітапхана ғажайып қазына» атты мерекелік кеш кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен өткізілді. Бұл мерекелік кештің мақсаты: Еш уақытта маңызы жойылмайтын кітапты насихаттау, кейінгі ұрпаққа бабалар аманатын жеткізу – кітапханашылардың міндеті қазіргі таңда орасаң зор. Бұл да болса кітапханашылардың беделінің қоғам алдында өсуі, қоғамдағы құбылыстарға жауапкершілікпен қарауының нәтижесі.

***

***

     Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Жаңа жол, Сауытбек, Далақайнар, Бірлік, Қонаев, Көкқайнар, Балуан Шолақ ауылдық кітапханаларында «Қазақстан - Отаным ынтымақ, бірлік бастауы», «Халқым деп қасірет шеккендер», «Жазықсыз құрбан болғандар», «Шерлі кезең шежіресі», «Тарихтың ақтаңдақ беттері», «Зұлмат жылдар жаңғырығы» атты іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Оқырмандарға қазақ халқының басынан өткен қиыншылықтарын айта отырып, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу, бүгінгі ұрпақтың парызы екендігін ұғындыру, зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндігін аңсаған ұлт зиялыларын еске алу.

******************

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     1- маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне балалар кітапханасының ұйымдастыруымен, мүгедек балаларды оңалту орталығына барып «Базарымыз – балалардың бал күлкісі» атты әдеби микс өткізілді. Балаларға кітапханаға жаңадан келіп түскен сөйлейтін кітаптардан көрме жасалып таныстырылды. Балалар жаттап келген тақпақтарын айтып, сыйлықтар ұсынылды. Оңалту орталығының әдіскерлері Шарипова Меруерт пен Асанбек Назерке «Алтын кілт» ертегісіне көріністерін ұйымдастырып, көрермендерге ұсынылды.

********* 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
   
     1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған Даңқ аллеясы саябағыда балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Базарымыз – балалар» атты көшпелі кітап көрмесі ұсынылды.
******
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

     Халықаралық балаларды қорғау күніне Аудандық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету және ақпараттық библиографиялық қамтамасыз ету және кітапхана процестерін автоматтандыру бөлімдерінің ұйымдастыруымен «Бақытты балалық шақ» атты әдеби ойында балалар жерге әр түрлі бейнеде суреттер салып өз өнерлерін ортаға салды. «Ертегілер еліне саяхат» атты мульт топтамалар интерактивті тақтамен көрсетіліп, мерекелерімен құттықтап, балмұздақтар таратылды. Бүгінгі іс-шараның мақсаты: жас оқырмандарды кітапханаға тарту және кітапхананы таныстыру.
******************
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

     Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша Балуан Шолақ, Көкқайнар, Бірлікүстем, Белбасар ауылдық кітапханаларының ұйымдастыруымен 1 - маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Балауса балалар әлемі», «Бүлдіршіндер болашағы елімнің», «Балауса бағым, шаттық пен қуаныш», «Ұрпақ болашағы ұлт болашағы» атты флешмоб, тәрбие сағаты, тақырыбына кітапханаға саяхат ұйымдастырып, өткізілді. 

************

 
 
 
 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
     Орталық кітапханада оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен 4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерінің 25 жылдығына орай «Ел Рәміздері – ел рухы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға Нұр Отан партиясы Шу аудандық филиалының консультанты А.Р.Алдан, «Жастар ресурстық орталығы» КММ дін істер және ақпараттық талдау бөлімінің аға кеңесшісі М.Н.Атайбеков және №10 Шу колледжінің ұстаздары мен білімгерлері, С.Шәкіров атындағы орта мектебінің мұғалімі Х.Сайыпқызы қамтылды.
Мақсаты: Ел Рәміздері, рухани байлығымыз, ұлттық белгіміз екенін, оның нышанын таныта білу. Болашаққа сенім мен қадам басу, жас ұрпақты Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, егемендігіміздің берік негізінің бірі. Рәміздер жалпыұлттық және біріктіруші күш ретінде бағаланады.

***

***
 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Балалар кітапханасында "Рәміздеріміз-елдігіміздің айшықты белгісі" атты тәрбие сағаты өткізілді. Іс - шараға М. Мақатаев атындағы орта мектептің 5 сынып оқушылары қамтылды. Іс-шараның мақсаты: Оқушыларды Мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру.

******

 

 

 
 

 

 

 

 

 

     №1 қалалық кітапханада «Жаса мәңгі, ана тілім, жан тілім!» атты поэзия кеші өтті. Мақсаты: Оқырмандарға туған тілге сүйіспеншілігін арттырып өз құдыретін терең түсінуге, мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың айтқандарын еске алу, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Іс –шараға  Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің оқушылары катысты.

  ******

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

 

 

 

 

     7 маусым күні Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітапханашы мамандығының болашағы бар ма және заманауи кітапханашы қандай болу керек?» атты Skype-зертхана шығармашылық алаң онлайн жүйесінде орталық кітапханасының кітапханашысы Ә.Қылышбаева «Кәсіби шыңдалған кітапханашы деген кім, оның бүгінгі сипаттамасы қандай? Ол қандай қасиеттерге ие болуы керек?» тақырыпқа өз пікірін білдірді.

****** 

 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

     12 маусым күні балалар кітапханасында "Кітаби жаз! Мен сенімен біргемін" атты акция аясында іс-шара ұйымдастырылды. Е Бекмаханов атындағы орта мектебінің 1 сынып оқушылары, сынып жетекшісі Палаубек Сауле бастаған бір топ оқушылар балалар кітапхасына саяхат жасады. Оқырмандарды кітапханашылар жаңа келген кітаптармен таныстырды, Балалар дыбыстандырылған кітаптарға қызығушылық танытты.

****** 

 
 
 

 

 

 

 

 

***

      

13 маусым күні балалар кітапханасында " Өз дәуірінің перзенті" Н. Оразалин 70 жасқа толуына орай өмірбаяндық шолу өткізілді. Мақсаты: Оқырмандарға Н. Оразалиннің өмірі мен шығармашылығын таныстыру, ақын шығармаларын насихаттау.

 

 

 

    Орталық кітапханада Кәсіби білімін жетілдіру мақсатында "Мүмкіндігі шектеулі азаматтар өмірінде кітапхананың алатын орны" тақырыптық семенар - кеңес өткізілді. ОКЖ бойынша кітапханашылардың ." Кедергісіз келешек", " Рухани кәусар сыйлайтын кітапхана", "Көп оқы, көп білуге ұмтыл". Кітапхана жұмысына байланысты эр түрлі мәселелер бойынша талқыланып тағы да басқа баяндамалар оқылды.

************

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

     
 
     
     2017 жылдың 15 маусымында Шу ауданына Астана қаласындағы "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне аттанатын " Ұлы Жібек Жолы Көне Тараздан асқақ Астанаға тарту" атты керуен көшін қарсы алуға кітапхана қызметкерлері де өз үлестерін қосты.
***
***
***
***
 
 
 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     13 маусымда №2 Шу қалалық кітапханада "Ертегілер елінде" атты сайысы ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Балалардың ертегіге деген қызығушылығын арттыру. Оқушылар екі топқа бөлініп жарысты. Әділқазылар бағалап, жеңімпаз топты анықтап марапаттады. Соңында " Ер төстік" ертегісін балалар интербелсенді тақтадан тамашалады.

 
 
 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     12 маусым күні Балалар кітапханасында "Табиғат туған анамыз" атты іс- шара ұйымдастырылып өткізілді. "Жерұйық" жас натуралистер станциясының қызметкерлері қатысты. Мақсаты: Оқырмандарға табиғат жайлы түсініктеме беру, оны қорғауға насихаттау.

***

     14 маусым күні Балалар кітапханасында "Бір қоржын кітап" акциясы аясында атты іс- шара өткізілді. Балхожиева Дәния бастаған әр мектептен жиналған оқушылар балалар кітапханасына экскурсияға келді.

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
 
 
     
 
     21 маусым күні балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен "Жеңіс" саябағында " Ертеңіңді ойласаң - есірткіге жолама" атты флешмоб өткізілді. № 10 Шу колледжінің студентері мен кітапханашылар үгіт-насихат қағаздарын таратты. Мақсатымыз жастарға салауатты өмір салтын дәріптеу, адам өміріне зиянды заттарға жоламауға үндеу. 
************
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

 

 

     5 шілде күні Шу аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі және балалар кітапханасының қызметкерлері «Елордамыз – Астана» атты әдеби микс ұйымдастырып өткізді. Әдеби микске М.Әуезов атындағы орта мектеп және М.Мақатаев атындағы Тірек мектебінің оқушылары қатысты. Іс-шараның мақсаты: Оқырмандарға еліміздің бас қаласы – Астана туралы деректер беру, ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін арттырып, тіл байлықтарын дамыту. Қазақстан Республикасының орталығы Астана қаласын мақтан тұта білуге тәрбиелеу және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, елжанды адам болуға тәрбиелеу. Астана – дүниежүзілік сахнада бейбітшілік пен келісім ордасы. Астана – батыс пен шығысты байланыстырып жатқан алтын көпір. Астана – республикасының киелі құндылығы. Қазіргі уақытта Астана ең алдымен бүкіл Қазақстанның бейнесін айшықтайды. Күллі әлем оны түсінеді, таниды деп кітапханашы Е.Абдыкадырова қысқаша мәлімдеме беріп өтті. Іс-шарамызға 15 оқырман қамтылып, тақырыптық сөремен С.Мейрманова қатыныстырып өтті.
************
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

     Астана күніне орай кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Мәдениет үйінің фойесында «Астана – Қазақстанның жүрегі» атты кітап көрмесі және фото стендтер қойылып безендірілді.

 

************ 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

 

     Шу аудандық орталық кітапханаға Түркия елінің Тарих және Мәдениет Қауымдастығының жоба үйлестірушісі Лахаева Асель орталық кітапхананың директоры Б.Алжанбаеваға «Атажұрттың анажұрттағы іздері», «Ежелгі Тараз ескерткіштері» атты 3 тілде жазылған кітаптарды сыйға тарту етті.

******

 

 

 

 

 

 

 

 

     14 шілде күні Ақтөбе ауылдық кітапханасының кітапханашысы К.Инкарбекова «Қазақтың көрнекті ақыны» атты сыр сандық ұйымдастырып өткізді. Өздеріңізге таныс қазақ халқының ХХ - ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, демократ ақын - жазушысы С. Торайғыровтың шығармалары биылғы жылы «Бір ел –бір кітап» акциясы аясында таңдалынып отыр. Сыр сандықтың басты мақсаты оқырмандарға жалындаған жас ғұмырын еліне, халқының болашағына арнап, қазақ халқының күйінің тұмшалаған қараңғылығына налып, білімді, сауатты, жан - жақты оқыған, жаңашыл қоғамның өмірін аңсап, армандап кеткен дара ақын С. Торайғыровтың шығармаларын насихаттау. Жалындаған жас ғұмырын еліне, халқының болашағына арнап, қазақ халқының тұмшаланған қараңғылығына налып, білімді, сауатты, жан - жақты оқыған, жаңашыл қоғамның өмірін аңсап, армандап кеткен дара жазушы. Ақынның өмір жолы, шығармашылығы жайында үстел бетіндегі сыр сандықтан алынған әдеи кейіпкер туралы дәйекті сөздер мен кітаптар арқылы баяндап айтылды. Іс-шараға Ақтөбе ауылы әкімшілігінің маманы Рахымбай Азамат, ауыл тұрғындары, оқушылар қамтылды.

******

 

 

 

 

 

 

 

 

     

     

     26 тамыз күні Белбасар ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Ата Заң білу - заман талабы» тақырыбына дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

******
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

 

     Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша тамыз айының 28-ші жұлдызы мен қыркүйек айының 1 аралығында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын оқырмандар арасында насихаттау барысында «Қазақ тілінде 100 жаңа кітап» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

************ 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

 

 

 

     30 тамыз Конституция күні мерекесіне орай 2017 жылдың 29 тамыз күні №1, №3 қалалық және Еңбекші, Жаңа жол ауылдық кітапханаларда «Заңды білу, заман талабы» ауызша журнал, «Ата Заң – азаттық, болашақ бағдары» дөңгелек үстел, «Ата Заң – азат заңымыз халықтың саналы таңдауы», «Біздің Ата Заңымыз халықтың саналы таңдауы» тарихи сағаттар және т.б іс-шараларды кітапхана қызметкерлері ұйымдастырып өткізді.

************ 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     

     6 қыркүйек күні Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде «Ақпараттық технологиялар және ресурстар» атты семинар-кеңес өткізілді. ОКЖ директоры Б.Алжанбаева алдағы жоспарлар мен міндеттерге тоқталып семинар-кеңесті ашты. Кеңес барысында «Заманауи кітапхана ақпараттар желісінде» тақырыбында кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі Э.Раканова, «Заман талабына сай ақпараттық ресурстардың дамуы» тақырыбында №2 қалалық кітапхананың кітапханашысы А.Нұрлыбаева сөз алып өзіне міндеттелген тақырыпты аша түсті. Сондай-ақ Жайсан ауылдық кітапхананың кітапханашысы «Заманауи кітапхананың бүгінгі келбеті» тақырыбында кітапханашыларға қазіргі кітапханаға уақыт өз өрнегін салған. Заман талабына, оқырман сұранысына қарай жабдықталуда деп сөзін аяқтады. Төле би ауылдық балалар кітапханасының меңгерушісі С.Ержанова «РАБИС бағдарламасы бойынша мерзімді басылымды салу» кітапханашыларға толық түстіндіріп өтті. 

************
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     

 

 

 

     22 қыркүйек - Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күніне орай балалар кітапханасында 19 қыркүйек күні «Тіл тағдыры – ел тағдыры» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларға қазақ тілін білудің маңызын айту. Туған халқының өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу. Іс-шара барысында жүргізушілер тіл туралы түсінік беріп өтті. Балалар кітапханасының меңгерушісі Сәрсенкүл Ақышқызы кітап көрмесімен таныстырып, дәйек сөздерге тоқталды. М.Мақатаев атындағы ТР мектебінің 8 сынып оқушылары жырдан шашу шашып кеш көркін қыздыра түсті. Кеш соңында туған тіліміз Қазақстан халықтарының мақтаныш мәртебесі, бойымызға дарыған туған тілімізді ұмытпай, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, қазақ тілі мемлекетімізді өркендетуге себепші болатын қуатты күш, халқымыздың мәдени дәрежесін көтеретін мәндетіміз деп қорытынды жасады.

******

 

 

 

 

 

 

 

 

     

     Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінде талқыланған мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандарттарын енгізу мәселесі бойынша желілік кестеге сәйкес 20 қыркүйек күні сағат 11 00-де орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша өткізілген «Мемлекеттік тіл - менің болашағым» атты латын әліпбиіне көшу туралы конференция өткізілді. Мақсаты: Мемлекеттік тілді құрметтеп, ана тіліне деген сүйіспеншілігін, ынтасын арттыру.

************ 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     

     

     Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасы аясында сөзге шешен, ойға тапқыр, қайырымдылыққа қолы ашық, тарихқа да, шежіреге де терең үңіле білетін «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер, күйші-композитор Әбдімомын Желдібаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Күй көкесі - Әбдімомын» атты кездесу кеші ұйымдастырылып өтті. Іс-шараның мақсаты: оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу, күй өнерін насихаттау. Кітапханада мерейтой иесіне арналған «Өнегелі өмір – өшпес мұра» атты кітап көрмесі қойылды. Кітапхананың тұрақты оқырманы Болатбек Ернар «Ерке сылқым» күйін шертіп берді. Өткен ғасырдың 70 жылдарында дүниеге келсе де, күні бүгінге дейін маңыздылығын жоғалтпаған «Ерке сылқым» күйін білмейтін қазақ кемде кем шығар... Кеш соңында Әбдімомын атамыз балаларға ақ батасын беріп, кітапхана меңгерушісі Сәрсенкүл Ахашқызы ізгі тілікпен сөзін қорытындылады.

*********

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     

 

 

     Бүгін жерлесіміз, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері. Күйші, композитор Әбдімомын Желдібаевтың 80 жас мерейтойына орталықтандырылған кітапхана жүйесі мәдениет үйінің фойесыне қойылған кітап көрмесі және фотогалерея ұйымдастырып, келген қонақтарды Ә.Желдібаевтың фотолары таныстырылды. 

************
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
 
 
     

     Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды тапсырған болатын. Қазақ елінің әр өңіріндегі сайы мен қыры, тауы мен жотасы, даласы мен қаласы терең тарихтан сыр шертеді. Ал, ел жастары олардың әрбірінен хабардар болуы тиіс. 

«Рухани жаңғырудың» басты мақсаты ұрпақтың рухани мәдени сауатты болуын, өлкеміздің тума таланттарының еңбектерін дәріптеп жас ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында даламен үндесіп, бабамен тілдесіп, жаңамен үйлесіп, санамен күй кешіп, өз биігіне жеткен Аяз ақынның шығармашылығын келешек ұрпаққа аманат ету мақсатында ұйымдастырлып отыр.
***
***
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Осы байқауға облыстан, ауданымыздан келген құрметті қонақтарымыз: Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана директоры Абдинова Эльмира Елеусізқызы, Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана директорының орынбасары Жеңсікбаева Мақтақыз Зиятбекқызы және Құжаттарды жинақтау, өңдеу және каталогтар ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Қапарова Жазира Құлжанбайқызы, Шу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қожағаппанова Клара Исаққызы, Әлем Халықтар жазушылар Одағының мүшесі, ауданымыздың Құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Уақтегі Мәкен, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Асқартегі Базарбай Мамытұлы, Шу ауданы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Алжанбаева Бағдагүл Даулетқанқызы.
******
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Туған өлкемізден шыққан ақын, термеші Аяз Бетбаевқа арнап фото көрме ұйымдастырылып, Қонаев ауылдық кітапханасының кітапханашысы Жанар Ноғайбаева қонақтарға кеңінен насихаттап, таныстырып өтті.
******
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     

     Бүгін балалар мен жасөспірімдер кітапханасында қарттар күніне орай «Қарттарын қадірлеген - ел ардақты» атты тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараға Е.Бекмаханов атындағы орта мектептің 8 сынып оқушылары қатысты. Сөз басын кітапханашы Э.Байбөриева бастап, қарттарды мерекелерімен құттықтады. Оқушылар жырдан шашу шашып, өз өнерлерін ортаға салды. «Қарттары бар үй – қазыналы» демекші ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, тәрбиенің бастауы осы ақылгөй ата-әжелеріміз екенін оқушылардың санасына кітапханашылар барынша сіңіре білді. Кітапханамыздың тұрақты оқырманы, зейнеткр Асқар Болатұлы көпшілікке ақ батасын берді. Кеш соңында кітапхана меңгерушісі С.Ақышқызы қорытындылап, қарттарға сый-сияпат көрсетті.

*********     

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     

 

     2017 жылдың 10 қазан күні Аудандық мәдениет үйінің фойесынде Зағип және әлсіз көретіндерге арналған бөлім және балалар мен жасөспірімдер кітапханасы мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды оңалту орталығымен бірлесіп «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз» атты мүмкіндігі шектеулілер күніне қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып өткізілді. Ұрпақ алдындағы тарихи борышымызды ұмытпай ұрпаққа қамқор болайық. Кітапхана тарапынан балаларға кітап көрмесі ұйымдастырылып, сөйлейтін кітаптармен безендірілді.

****** 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     

     5 қазан күні Еңбекші ауылдық кітапханасында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Рухани жаңғыру – заман талабы» атты саяси сағат ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттап оқырмандарға жеткізу.

*********

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     

     9 қазан күні Ақтөбе ауылдық кітапханасында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Рухани жаңғыру – болашаққа сенім» атты әңгіме өткізілді. Іс-шараға қатысқандар: Ақтөбе ауылдық әкімшілігінің бас маманы Н.Охаиев және кітапхана оқырмандары қатысты. Ақтөбе ауылдық әкімшілігінің бас маманы Н.Охаиев: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жаңадан жарық көрген еңбегі – ұлт тарихындағы жаңа бір ұлы белес, ерекше жаңалық деп айтып өтті. Кітапханашы Инкарбекова Нұрсұлу: Бұл мақалада сананың ашықтығы мен кәсіпке адалдық білімге ұмтылыс та айтылды. Енді біздің алдымызда дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Ол үшін бірлік, білім мен еңбек қажет. Басты мақсат Рухани жаңғыру бағдарламасымен оқырмандарды таныстырып, еліміздің болашағы жанданып жатқан игі істерді қоштап, бар күш жігерімізді сала қолдау көрсетуіміз керек деп әңгімесін аяқтады.

****** 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Бүгін Балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Ұлттық код рухани болмыс кілті» атты библиошар өткізілді. Іс-шараның мақсаты: жас буын оқырмандарды ұлттық салт-дәстүріміз, тілімізбен әдебиетімізді, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымызды бойымызға мәңгі қалуға тәрбиелеу.

************

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     

 

     23 қазан күні Балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының үшінші бағыты «Ұлттық бірегейлікті сақтау» аясында «Имандылық жүрекке ұяласа» тақырыбына арналған тәрбие сағаты ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараға аудандық мешіттің имамы Нұрлан Мұқанұлы мен Е.Бекмаханов атындағы орта мектебінің 5 сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы Н.Шопаева аудандық мешіттің имамы Нұрлан Мұқанұлына ислам дініне қатысты сұрақтар қойып, оқушылар көкейлерінде жүрген сұқтарына жауап алды. Имандылық тақырыбында қорда бар кітаптар қойылып, көрмесімен таныстырылды.

************ 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     

 

     Бүгін Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен Мәдениет үйінің мәжіліс залының кіре беріс фойесіне Тұңғышбек Байқұловтың «Әулие-Ата өңіріндегі ашаршылық» кітабының тұсаукесері өтті.

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды тапсырған болатын. Туған жер – әркімнің шыр етіп дүниеге келген, алғашқы қадамын басқан қасиетті мекені және ауылда туып өскен жандардың өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түкпірінде сақтап, әлдилеп өтпейтін жан болмас. «Туған жер» бағдарламасын қолдау мақсатында жерлесіміз белгілі зерттеуші-публицист, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері Тұңғышбек Байқұловты мақтан тұтамыз. «Әулие-Ата өңіріндегі ашаршылық» атты кітаптың тұсауының ұшқан ұяда кесілуі біз үшін үлкен мәртебе. «Әулие-Ата өңіріндегі ашаршылық» кітабының лентасын белгілі зерттеуші-публицист, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері Байқұлов Тұңғышбек Сейсенұлы мен Шу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қожағаппанова Клара Исаққызы қиды.
Тұңғышбек Байқұловтың «Әулие-Ата өңіріндегі ашаршылық» атты кітабінің тұсаукесер рәсімінен кейін «Тарихтан сыр шерткен – тарихшы» атты кездесу кешімен жалғасын тапты. Кездесу кешті орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Бағдагүл Алжанбаева жүргізіп отырды. Кеш қонақтары: Әлем Халықтары Жазушылар Одағы және Қазақстан журналистер одағының мүшесі Мәкен Уақтегі, Жазушы Сауытбек Мәдімарұлы, кітапханамыздың тұрақты оқырмандары: зейнеткер Аманжан Өтекелбайұлы, ардагер ұстаз Дәнен Бейсенбаева және С.Шәкіров атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Жақыбаева Гүлзағира Әбжаппарқызы қатысты.

****************************** 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

 
 

 

 
     
     
     
 

 

 

 

     Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында №2 қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» тақырыбында пікір алмасу ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараға темір жол колледжінің білімгерлері қатысып, өз ойларын ортаға салды. Темір жол колледжінің білімгері Иманбай Дарын: Ұлт бірегейлігін сақтаудың бірден-бір жолы - латын графикасына негізделген әліпбиге көшу деді. Әлем бір орында тұрмайды, біз ғаламат өзгерістер куәсі болдық. Өмір салты мен ойлау дағдысын өзгертуге болмас, алайда білім беру және нақты іс-әрекеттер арқылы қалыптастыруға болады. Елбасымыз мұны жалпыұлттық жобалар жүйесі арқылы іске асыруды ұсынды. Бұл жобалардың әрқайсысы жаңғырту ортасын қалыптастырып, қоғамды осы ортаға тартады деп кітапханашы Р.Нұртаева «Рухани жаңғыру» тақырыбында пікір алмасуды қорытындылады.
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
   
     
     Орталық кітапхананың оқу залында желілік кесте бойынша «Латын әліпбиіне көшу – әлемдік үдеріске жақындау» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға өнер мектебінің ұстаздары және кітапхана қызметкерлері қамтылды. Іс-шараны оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Р.Даберова жүргізді. Мақсаты: Тіл тазалығы мәселесі, қазіргі әліпбиіміз бен жазуымыздағы халықтың таза қазақ әліпбиін қалыптастыру. Мемлекет басшысы Жаһандық бәсекеге қабілеттілік деп аталатын биылғы жолдаудың заңды жалғасы іспетті. Елбасы еңбегінде елді рухани жаңғырту мәселелерін қозғайды. Рухани жаңғыру жайы – көптен бері ойда жүрген мәселе. Жалпы, бізге қазыр керегі – ХХІ ғасырда рухани дамудың жаңа жолын табу. Ұлттық болмыс пен бірегейлікті сақтай отырып, сананы жаңғырту және білімділікке ұмтылуға шақырады.
***
***
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
          Орталық кітапхананың зағип және көзі көрмейтін азаматтарға арналған бөлімнің ұйымдастыруымен кітапханамыздың белсенді оқырманы Шу ауданының тумасы, әуесқой ақын, жерлесіміз Қасымқұлов Болатхан Әсенұлымен «Жүрегімде өнген сөздің дәні бұл...» атты кездесу кеш өтті. Мақсаты өз өлкемізден шыққан таланттарды таныстыру, еңбектерін насихаттау, жастарға үлгі ету. Кездесу кешін бөлім меңгерушісі Айгүл Төлегенқызы жүргізді. Кешімііздің құрметті қонағы Болатхан Әсенұлы Майлықожаның термесі «Жігіттерге өсиет» және өзінің термелерін көрермендерге нақышына келтіре орындады.
***
***
***
***
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     «Рухани жаңғыру аясындағы кітапханалар міндеті» облыстық онлайн семинар Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен өткізілді. Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Алжанбаева Бағдагүл Дәулетқанқызы «Рухани жаңғыру: қоғамның мәдени дамуының формацияларына негізделген кітапхана» тақырыбында баяндама оқып, «Кәсіби шеберлікті шыңдау жолы. К вершинам профессионального мастерства» - тренингке белсенді атсалып отырды.

***

***
******
 

     Балалар кітапханасында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының 100 жаңа есім тапсырмасына орай «Тұлға тағдырындағы туған жер» атты /ми шабуыл/ лото ойыны ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: оқушылардың бойына адамгершілік, адамдық асыл қасиеттерін бойына сіңірген, ұлттық намысы, ар-ожданы мықты ұрпақ тәрбиелеу, өмір заңдылықтарын білуге үйрету, рухын байыту, тілі мен дінін, салт-дәстүрін құрметтеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Лото ойынға әр жастағы оқырмандар қатысып, өз білімдерін көрсете білді. Ойын өте қызықты және тартымды өтті. Жеңімпаз оқырмандарға сыйлықтар таратылып, алғыс хатпен марапатталды.

***

***
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

     

     

     Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі бағыттарын түсіндірудің жаңа әдістері мен белсенді қағидалары» тақырыбындағы аймақтық семинар Меркі ауданы Ақарал ауылында өтті. Мойынқұм, Қордай, Шу, Т.Рысқұлов аудандарының кітапханашылары қатысып, барлық қызметкерлер ат салысып отырдық. Шу ауданы үшін семинар өтте қызықты болды.

 ************

 
 
 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімнің ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Спорт сенің серігің» атты шашки және шахмат ойындары өткізілді. Шахмат ойынынан бөлімнің тұрақты оқырманы Қасымқұлов Болатхан жеңіске жетсе, шашки ойынынан Турдалиева Айгүл мен кітапхана бағдарламашысы Анатолий Капарчук жеңіске жетті. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Бағдагүл Дәулетқанқызы мен бөлім меңгерушісі Айгүл Төлегенқызы жеңімпаздарға сыйлықтар ұсынып, белсене қатысқандары үшін алғыс хаттармен марапатталды.

***

***
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     21 қараша күні Тараз қаласында Жамбыл облыстық қазақ драма театрында, Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен өткізілген «Үміт қанатында» атты облыстық фестиваліне, кітапханамыздың белсенді оқырманы жерлесіміз, әуесқой – ақын, термеші – Қасымқұлов Болатхан қатысып, «Болса екен жастарға сын» атты өз туындысын орындады. Автор аталмыш байқауда «Жүректен шыққан жырларым - туған өлкеме» авторлық шығарма номинациясы бойынша ІІІ орын иеленді. Фестивальды ұйымдастырушылар мен оқырманымызға алғыс айта отырып, сәттілік тілейміз!

***

******
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
 
     Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы мұраты – ел бақыты» атты әдеби-сазды кеш болып өтті. Қазақ халқының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың өмір жолы туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру және Президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі өнеге ету. Оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Қазақстан – бақытты, Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға – елдің тұғыры, тұлға – тұтқасы. Біздің Президентіміз Н.Ә.Назарбаев осындай тұлға. Кезінзе назардан тыс жатқан, материктың ортасындағы орталық Азиядаға қазақ елі де сыртқа саясатта өз орнын айқындап, төрткүл дүниемен айналасы азғана уақыт ішінде байланыс орнатты. Ал ел өміріндегі осындай маңызды тарихи кезеңдерде мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қосқан үлесі орасаң зор. Іс-шараға 22 оқырман қамтылды.
***
***
***
***
 
 
 
 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     23 қараша күні Балалар кітапханасында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының аясында 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған «Тәуелсіз ұлттың - көшбасшысы!» тақырыбында әдеби-портреттік кеш ұйымдастырылды. Мақсаты: Өскелең ұрпақты өз Отанын сүюге, Қазақстан Республикасын мақтаныш етуге тәрбиелеу. Елбасымыздың ерлік пен өнегеге толы өміріне шолу жасай отырып, халықтар тарихында алатын орнын таныту, сол арқылы Отанды, елін-жерін сүюге баулу, халқына адал қызмет етуге даярлау. Елбасымыздың елі үшін жасаған істерін үлгі, өнеге ету. Жас оқырмандарды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушылары қатысып, атсалысты. Кешті кітапханашы Шопаева Назгул бастап, Елбасының өмір жолымен ашты. Оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, мерекеге жырдан шашу шашты. Қалмахамбет Аяжан мен Шерхан Аруна «Сал құйрық» күйін шертіп, Бекзат Аңсар «Алға Қазақстан» әнін тарту етті. Кеш соңында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Клара Исакқызы, Орталық кітапхананың директоры Бағдагүл Дәулетқанқызы балаларды мерекемен құттықтап, алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етті. Елбасына жасалған кітап көрмесімен Э. Байбөриева таныстырды.

************

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     

     24 қарашада Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Мемлекет басшысы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Туған жерге тағзым ету перзенттің парызы болғандықтан, Елбасы ұсынған бағдарлама аса құнды екенін өскелең ұрпаққа жеткізу, шығармашылық қабілеттерін ашуға мүмкіндік беру мақсатында «Ұлт келбеті – жалынды жастар» атты аудандық байқауы кітапханашылар арасында болып өтті. 
Байқау шарттары:
«Мамандығым – мақтанышым»
«Сегіз қырлы, бір сырлы»
«Интелектуалдық ой-өріс»
«Қазақы дастархан – ұлт мақтанышы».
Арнайы құрылған әділ қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталып, орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Алжанбаева Бағдагүл Дәулетқанқызы марапаттады.
Номинациялар бойынша:
Кітап жанашыры – Мурзахметова Сандуғаш 
Шебер тілді кітапханашы – Айнакулова Асем
Ұшқыр ойлы кітапханашы – Ешенқұлова Жанар
Өнерлі кітапханашы – Агубаева Гүлмира
Интеллектуалды кітапханашы – Уразгалиева Жібек
Ізденімпаз кітапханашы – Нуртаева Рабиға
Жаңашыл кітапханашы – Есмуханбетова Айнұр
Байқау нәтижесі бойынша:
1 орын – Шопаева Назгүл 
2 орын – Шолпанбаева Нұргүл
3 орын – Бекібаева Жансая 
Кітапханашылар арасындағы байқау өз деңгейінде өтті. Қатысқан үміткерлер, көрермендер мен жанкүйерлер өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

***

***
***
***
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Шу қалалық №1 кітапхананың ұйымдастыруымен 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы мен Елорда егіз ұғым» атты әдеби кеш ұйымдастырды. Мақсаты: оқушыларға ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру, елбасының қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі, экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру. Елін, Отанын сүюге ата бабамыздың ғасырлар бойы аңсап жеткен егемен ел болуының қаншалықты қымбатқа түскенін түйсіне отырып, еліміздің Тәуелсіздігін құрмет тұта білуге тәрбиелеу. Кешке Шу қалалық мәдениет үйінің қызметкерлері өз өнерлерін ортаға салып, ән жолдарын тарту етті. Сондай-ақ Ы.Алтыннсарин атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушылары қатысты. Іс-шара соңында кітап көрмесіне шолу жасалып өтті.

***

***
***
***
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     10 қараша күні Бірлікүстем ауылдық кітапханасында Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау барысында өткізілген «Тарихы терең - Шу өлкем» тақырыбында кешті кітапханашы С.Сатқанова ұйымдастырып өткізді. Домалақ ене атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушылары қатысты. Іс-шараға қатысушылар туған жер тарихы туралы ой қозғады, тарихы, жер-су аттарымен таныса отырып «Біз өз тарихымыздың адамзат тарихымен, күллі өркениет тарихымен тереңнен астасып жатқанына біздің мүдделеріміз де адамзаттың бүгінгі және ертеңгі мүделерімен етене төркіндес екеніне өзіміздің де, өзгелердің де көзін әбден жеткізуіміз керек. Солай екендігін бүгінгі істерімізбен, өткенге деген түсініктерімізбен дәлелдеуіміз керек. Мақсаты: Елбасы мақаласын насихаттау, «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында жұмыс жүргізуге шақыру. Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

******

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     

         22 қараша күні 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған «Елім деп соққан жүрегі» атты ауызша журнал өтті. Ауызша журналдың мақсаты: қазақ халқының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру. Елбасының өмір жолдарын үлгі ете отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. «Халқымыздың бақытына жаралған» тақырыбында кітап көрмесі қойылды. Кітап көрмеге Елбасының өмір жолдары жазылған кітаптары безендірілді.

***

***
 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 

      1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне әдеби вернисаж Көктөбе ауылдық кітапхананың оқу залында өтті. Іс-шараның мақсаты: Тәуелсіз Қазақстанымыздың қалыптасуы мен даму жолында ерекше рөл атқарған тұлға ретінде біздің азаттық тарихымыздың бастауында Елбасы есімін ұлықтау, мәртебесін паш ету. Кітапхананың жас оқырмандарына Елбасымыздың кітаптары таныстырылды.

***

***
 

 

 

 

 

 

 

 

     

     1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Белбасар ауылдық кітапханасында «Тұлғаның ерен келбеті» атты дөңгелек үстел кітапхананың жас оқырмандарымен ұйымдастырылып өткізілді. Кітапханашы Ж.Уразгалиева дөңгелек үстелді жүргізіп отырды. Қатысқан жас оқырмандар Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен шығармашылыққа толы атқарған істері туралы, елі үшін жасаған еңбектерін үлгі-өнеге етеміз деп өз ойларын ортаға салды. Дөңгелек үстел соңында жастар Президентке құттықтаулар айтты.

 

 

***

***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай Ақтөбе ауылдық кітапхана кітапханашысының ұйымдастыруымен «Елімнің тірегі – Елбасы» тақырыбында саяси сағат болып өтті. Іс-шараға Ақтөбе ауылдық округінің әкімшілік мамандары, Қ.Сәтбаев мектебінің ұстаздары, 8-10 сынып оқушылары қатысты. 1-желтоқсан еліміздің жаңа тарихындағы ерекше күн. Нақтырақ айтсақ, жиырма алты жыл бұрын, яғни 1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлауда Н.Назарбаев Мемлекет басшысы болып сайланды. Мақсаты: Елбасының идеялық басшылығының маңызы зор екенін және тарихи кезеңдердің мәнін түсіндіру.

***

***
***
***
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     12 желтоқсан күні Ақтөбе ауылдық кітапханашысының ұйымдастырумен «Ту биік, тұғыры мығым Тәуелсіздік» атты тарихи сағат Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебінде өткізілді. Кештің басты мақсаты: Оқырмандарға желтоқсан оқиғасы туралы, көтерілістіңқұрбандары туралы мағлұмат беріп, егемендіктің мәнін ұғындыру. Тәуелсіздік – бұл бүгінгі өмір ғана емес, сонымен қатар, ертеңгі өміріміз – қазақстанның болашағы, оның мүмкіндіктері мен мақсаттары. Қазіргі Қазақстан – егемен, демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Тәуелсіз болу – өз тағдарына жауап беру деген деп кітапханашы К.Инкарбекова түсіндіріп өтті. Іс-шара барысында тәуелсіздікке арналған слайд және бейне көріністер көрсетілді.

******

***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     

 

 

 

     14 желтоқсан Еңбекші ауылдық кітапхананың кітапханашысы Ж.Байларованың ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік бабалар аңсаған арман» атты саяси сағат өтті. Саяси сағатқа Еңбекші орта мектебінің оқушылары атсалысты. Кітапханашы оқырмандарға желтоқсан оқиғасы туралы және көтерілістің құрбандарын еске алып айтып өтті. Егемендіктің мәнін ұғындырып, жастардың бойына патриоттық сезімді қалыптастыру болып табылады.

***

***
 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     

     Еңбекші ауылдық кітапханашысының ұйымдастырумен «Болашақты нұрландырған - Тәуелсіздік» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатқа кітапхананың тұрақты оқырмандары және Еңбекші орта мектебінің оқушылары қатысып атсалысты. Тәрбие сағат соңында кітапханашы Ж.Байларова Тәуелсіздік күнімен құттықтап, қатысқан оқушыларға алғысын білдірді.

***

***
***
***
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     5 қаңтар күні Бірлікүстем ауылдық кітапханасында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген «Рухани тәуелсіздікке апаратын жол» тақырыбында пресс-ақпарат ұйымдастырылып, өткізілді. Бұл мақалада «Ұлттық құндылықтар, мемлекеттің ұлттық құрылымы қазақ елінің тарихи мұралары» туралы айтылды. «Туған жер» бағдарламасы бойынша өткізілген іс-шараға қатысушылар бұл күнде өткен тарихымызды еске түсіріп, болашақтың бағдарын бағамдап айтып өтті. Ұлт жоспарын орындау аясында ең озық, 30 елдің қатарына кіру болып табылатындығы баса айтылды. Елбасының бұл мақаласы барша халықтың ойында жүрген іс екендігін оқырман санасына жеткізіп насихаттау.

******

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     

     11 қаңтар күні Көкқайнар ауылдық кітапханасында «Рухани жаңғыру – ұлттың жаңғыруы» тақырыбында талқылау кітапхана оқырмандары және әкімшілік, мәдениет қызметкерлері арасында өтті. Талқылауды кітапханашы Э.Сиыршиева жүргізді. Елбасының мақаласы – ұлт тарихындағы жаңа бір ұлы белес, ерекше жаңалық деп айтып өтті. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын насихаттау, ұлттық сананы ояту, ұлттық рухты бойымызға сіңіру.

***

***
 

 

 

 

 

 

 

 

     12 қаңтар күні «Ұлы даламның ұмытылмас бейнесі» атты еске алу кеші Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясында болып өтті. Іс-шараға 10 сынып оқушылары атсалып, жастар ресурстық орталығының Төле би ауылы бойынша жастар ісі бойынша инспекторы және ұстаздарының қатысуымен өтті. Аса көрнекті мемлекет, қоғам қайраткері Д.А.Қонаевты еске ала отырып, дарынды да дара тұлғаны қадір тұтып, алдында тағзым ету. Қонаевтың өмірі мен таныса отырып, оның өмір жолын кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге екенін ұғындыру. Қазақстанның қай түкпіріне барсаңызда, Димаш атаның есімін жұрт үлкен құрметпен атайды. Табиғатынан ерекше қабілет пен дарын, терең ой иесі болған. Қазақта Д.А.Қонаевтай көсем тұлғалы, данышпан, дарынды жан кемде-кем екендігіне көз жеткізе аламыз.

******

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
 
     
     15 қаңтар күні Балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Латын әліпбиі – рухани еркіндіктің рәмізі» тич-ин /пікірталас/ өткізілді. Шу ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары мен кітапханашылар арасында Ұлттық сана мен болмысты әлемдік құндылықтармен үйлестіре отырып, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер мен батыл шешімдерге құрылған «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жарияланған биылғы жыл ел тарихында ерекше жыл ретінде есте қалмақ. Латынға оралу заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Дүние жүзі халқының 80 пайызы қолданатын латын әрпіне көшу озық инновациялар мен жаңа технологияларға бір табан жақындаудың негізі деп пікірталасты аяқтады.
***
 

 

 

 

 

 

 

     

     16 қаңтар күні Бірлікүстем ауылдық кітапханасының оқу залында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихатату барысында өткізілген «Жолдау – көреген саясаттың көкжиегі» тақырыбындағы талқылау өтті. Талқылауға әкімшілік қызметкерлері және кітапхана оқырмандары қатысып, Елбасы Жолдаулары осындай жаһандық өзгерістер заманында беткеұстар бағдарымыз болып отырғанын айта келіп, Президент биылғы Жолдауында да маңызды мәселелерді көтеріп, негізгі 10 міндетті атап көрсеткендігі туралы да ой бөлісті.

***

***
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     17 қаңтар күні Мойымқұм ауылдық кітапхана кітапханашысының ұйымдастыруымен «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың мүмкіндіктері» атты дөңгелек үстел Мойынқұм орта мектебінде өткізілді. Кітапханашы З.Сауранбаева дөңгелек үстелді жүргізіп отырды. Спорт секторы Досымова Айсұлу: Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев осыдан біраз жыл бұрын бір сөзінде «өзгеріс дауылы тұрғында оған қарсы қорған емес, желкен тұрғызу керек» деп әдемі айтып еді. Шындығында қазіргі әлем үздіксіз өзгерістер үстінде. Ондай өзгерістер дүниеге біртіндеп емес, бірден батпандап еніп жатыр. Соның бір ғана мысалы-ақпарат ғасырындағы жаңалықтың шапшаңдығы деп айтып өтті. Осы ауылдың мәдениет үйінің меңгерушісі Усеров Куздеубай өз сөзінде: Президент Үшінші жаңғырудың негізі бес басымдығын айқындап береді-экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыруы: макроэкномикалық тұрақтылық; адами капитал сапансын жаңғырту; институционалдық өзгерістер, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрес деп өз сөзін аяқтады.

***

***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
     
     17 қаңтар күні Орталық кітапхана қызметкерлері арасында Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнер кәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталған кезекті жолдауын талқылады. Талқылауды кітапхана библиографы Г.Бердібаева жүргізді. Жаңа стратегиялық құқық барысында Ұлт көшбасшысы мемлекеттің алдағы даму бағытына негізделген 10 міндетті алға қойды. Олардың қай-қайсысын алып қарасаңда елімізді жарқын болашаққа жетелейтін күрделі әрі жауапты қадамдарды көздейді. Мысалы: Латын әліпбиін қолданысқа енгізу, тегін кәсіптік техникалық біліммен қамты. Төртінші өнер кәсіптік революция әлеміне бейімдеу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындау– деп мағлұмат беріп өтті.
Г.Ж.Лахаева – ОКЖ құжаттарды жинақтау және өңдеу бөлімінің меңгерушісі: Ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен иделогиямызды одан әрі дамытуымыз керек. «Рухани жаңғырудың» мән – маңызы да нақ осында. Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай – ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс.
Р. Э. Даберова - оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі: Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс - деп Елбасының айтып өткен сөздеріне түсініктеме беріп шықты.
Э. Абдықадырова – оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы: Ұлт көшбасшысы халыққа Жолдауында әр салаға жеке-жеке тоқталып, оларды әрі қарай дамыту жолын он басымдыққа бөліп анық көрсетіп берді. Біз саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің арқасында экономикамызды, саясатымызды және санамызды жаңғыртуға кірістік. Біз жаңа заманға сай болу үшін Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек - деп атап өтті.
***
***
 

 

 

 

 

 

 

 

 

     24 қаңтар күні Бірлікүстем ауылдық кітапханасында «Қазақ халқының ұлы тұлғасы» тақырыбында А.Байтұрсынұлының туылғанына – 145 жыл толуына орай өткізілген портреттік кеш ұйымдастырылды. Домалақ ене орта мектебінің 6 сынып оқушылары мен кітапхана оқырмандары қатысты. Мақсаты: Қазақ халқының тарихы мен қоғамдық-рухани өмірінде өшпес із қалдырған, қазақ руханиятына өлшеусіз еңбек сіңірген кемел тұлға Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы және шығармашылығымен таныстыру. Оқушылар А.Байтұрсынұлындай ұлы тұлғаның шығармашылық ісі туралы өз ойларын ортаға салып айтып өтті.

***

***
 

 

 

 

 

 

 

 

     26 қаңтар күні №3 қалалық кітапханада «Көмекей әулие» /Бұқар жырау Қалқаманұлының – 345 жылдығына/ арналған портреттік кеш өтті. Мақсаты: Шешендік сөздерді тереңірек түсіндіру. Ой-саналарын оятып, жақсы мінезге сергек те зерек болуға үйрету. Сөйлеу түрлерін байытып, ұтқыр да ойлы сөйлеуге баулу. Кешке С.Сейфуллин орта мектебінің 9 сынып оқушылары мен мұғалімдері қатысты. Іс-шараны кітапханашы Ғ.Темірғалиева жүргізіп, оқушыларға жыраудың портретін ұсынып, өмірбаяндық шолу жасап дастандарымен таныстырды. Кітапхананың тұрақты оқырмандары: Асан Назира мен Асқар Нұрдәулет Бұқар жыраудың толғауларынан үзінді оқып берді.

******

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     

     26 қаңтар күні №2 қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ұлт рухын ұлықтаған қайраткер» /А.Байтұрсынұлының -145 жылдығына/ әдеби лото Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектептің 5 сынып оқушыларымен өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Оқушыларға қазақ елінің біртуар азаматы А.Байтұрсынов туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру, халқына сіңірген еңбегін, қажырлы жүргізген саясатын үлгі ету. Кітапханашы Р.Нұртаева әдеби лотоны жүргізді. Әдеби лото 2 бөлімнен тұрады. Ақынның өмірбаяны және шығармашылығы туралы жалпы 12 сұрақ қойылды. Қай топ сұрақтарға көбірек жауап берсе сол топ жеңіске жетеді. Бұл топта жеңіске жеткен І - топ оқушылары: Жаңбырбай Ануар, Қантай Аружан, Тұрдыбеков Бақыт, Асылхан Диас, Тілеухан Сара құрмет грамотасымен марапатталды.

***

***
 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 

     25 қаңтар күні Орталық кітапханада «Жолдаудың жарқын жолдары» атты дөңгелек үстел Аудандық орталық кітапхана қызметкерлерімен ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында мәлімдеген экономикалық жаңғыру, жаңа технологиялық қалыпқа түсу арқылы әлемнің озық отыз елінің қатарына қосылуды мақсат етіп қойып отырғандығын насихаттау арқылы жолдауды бірауыздан қолдауға шақыру. Іс-шара барысында кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Р.Даберова: Мәдениет адамы болғаннан кейін бізді қатты елең еткізгені – мәдениет пен идеологиядағы рухани жаңғыру ұраны. Мұны әліде дамыту керек. Қоғамымыз, халқымыз заман көшінен қалыпқалмауы үшін заманауи инновациялық технологияларды меңгеру жайында Жолдауда жан-жақты айтылған. Әрине, бұл – өте маңызды мәселе. Президент Жолдауының әр жолы ерен еңбекке жұмылдырып, жігеріңді жанып, рухыңды асқақтатады. Сөзін қорыта келе Р.Даберова өз ойын биылғы Жолдау – өткен Жолдауларды мүлде қайталамайтын жаңа ойларға толы, өзгеше Жолдау екендігін айтты.

***

***
 

 

 
 
 

 

 

 

 

 

     Орталық кітапханада «Қазақ халқының біртуар тұлғасы» /А.Байтұрсыновтың– 145 жылдығына/ арналған тарихи сағат өткізілді. Мақсаты: Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру. Ақын өмірін оқырмандарға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу. Оқырмандардың танымдық деңгейін дамыту. Іс-шараны кітапханашы С.Мырзахметова жүргізіп, өмір жолын баяндап айтып өтті. Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1393) ХХ ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық – саяси өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан кешті. Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, жұртышылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге ұмтылған зиялы топ қалыптасты. Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан осы топтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы еді. Қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының, тіл білімінің атасы ұлы түрлендіруші реформаторы атанған ол өзінің алдындағы Шоқан, Ыбырай, Абайлардың ағартушылық демократтық бағыттарын жалғастыра отырып өз заманындағы тұтас бір зиялы қауымның төлбасы болды.

******

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     

     5 ақпан күні Балалар кітапханасының қызметкелерінің ұйымдастыруымен М.Мақатаев тірек-ресурсты орталығында «Рухани қазына» кіші бағдарламасының «100 кітап» жобасы аясында «Әлем әдебиетінің жауһарлары» тақырыбында кітап көрмесі өткізіліп, буккросинг - кітаптарды алмасып оқу болып табылады. Таңдап алынған 10 ертегінің тізімі оқырмандарға таныстырылып, тақырыптың мақсаты кеңінен ашып айтылды. Кітапханашы Э.Байбөриева оқушыларға кітап оқудың маңыздылығын айтып өтті. Қатысқан оқырмандар жоба мақсатын қолдайтындықтарын жеткізді.

***

***
******
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
     
     
     №40 орта мектебінің актовый залында №3 қалалық кітапхананың қызметкерлерінің ұйымдастыруымен және мектеп ұжымымен бірлесіп «Латын әліпбиі – жаңа жазумен дамудың жаңа жолы» атты оқырман конференциясы ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шара барысында бүгінгі таңда қазақ оқырмандарының назарын аударып отырған өзекті пікірталастың бірі – Қазақ жазуын латын әліпбине көшіру идеясына қатысты өзекті мақаласымен таныстырып, сұрақтар қойылды. 

- Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі – заман талабы ма, әлде үлкен саясат мүддесі ме?

- Қазіргі кириллица жазуымызда қандай қиындықтар бар?

- Латын әліпбиіне көшуді қолдайсыз ба? тағы басқа сұрақтар қойылып, барлық сұрақтар толықтай талқыланды. Қатысушылардың ой-пікірлері тыңдалып 25 оқырман қамтылды.
***
***
 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

 

                                        Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры                                          Б.Д. Алжанбаеваның 2017 жылға арналған қорытынды есебі

         Кітапхана – ғасырдан ғасырға адамзат тарихының керуеніне сүріндірмей әкеле жатқан тұғыры биік, парасаттылықпен білімділіктің, байлық және біліктіліктің киелі ордасы.

  Шу ауданындық кітапханалар жүйесінде 27 кітапхана халыққа қызмет көрсетеді. Атап айтсақ 1 орталық, 1 балалар, 3 қалалық, 22 ауылдық кітапхана.

Кітапхананың жалпы кітап қоры – 246 мың 270 дананы құраса, оның ішіндегі мемлекеттік тілдегісі  – 123 мың 650 дананы   құрайды.

Оқырман саны 20 мың 726, келім саны  152 мың  467

                                          Кітапхананың негізгі көрсеткіші туралы салыстырмалы кесте.

                                    ***

Жалпы жоспар бойынша 1030 іс-шара өткізіліп және облыстық, жергілікті желілік кестелерге сәйкес қосымша 118 іс-шара өткізілді. Жалпы 1мың 148 іс-шаралар  өткізілді.

Атқарылған іс шараларға тоқталатын болсақ      

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының тарихи мәні зор.

Бағдарламаның қай бағыты болсын, елдің рухани әлеуетін көтеруге, ұлттық құндылықтарды, жалпы адамзаттық ізгілікті насихаттауға арналған.

Осы орайда ОКЖ-ға қарасты 27 кітапханаға стендтер жасалып, 72 әр түрлі тақырыптағы іс шаралар өткізіліп жалпы  іс-шараға  20 мың 453 адам қамтылды.

Елбасының бағдарламалық мақаласында еліміз бен жерімізді, тарихи мол мұраларымызды сақтап қана қоймай, келешек ұрпақ кәдесіне жарату, сонымен бірге бүкіл әлемге таныту мақсатында «Туған жер» бағдарламысын қолға алу қажеттілігін ұсынды. Осы бағытта орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкрелері «Баласағұн қалшығына» экскурцияға барып,     А.Бетбаевтың -75 жылдық мерей тойына арналған  «Күміс көмей жезтаңдай-сыршыл ақын», жергілікті тарихшы-публицист Т.Байқұловпен «Тарихтан сыр шерткен тарихшы»   атты кездесу кеші, «Ұлт келбеті жалынды жастар»  атты кітапхана қызметкерлері арасында байқау өткізілді. Сонымен қатар кітапханамызда қазіргі кезде ұзақ мерзімді мақсатты  кітапханалық кіші бағдарлама аясында «Шу жері рухани қазына» тақырыбында жергілікті ақын, жазушылардың кітаптарын цифрлау жұмыстары жүргізіліп ақын жазушылармен авторлық келісім –шартқа тұрып казіргі таңда  15 дана  шығарманың электронды нұсқасы жасалды. Еліміздің латын әліпбиіне көшуі ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Ұлы дала елінің тарихына көз жүгіртсек бірінші  тұғыры байлық –жер, екіншісі –тіл, үшіншісі – мемлекет және оның тарихы болуы керектігі айқындалды. Бағдарламаны насихаттау барысында кітап көрмелері жасалып, әр түрлі  тақырыптарда дөңгелек үстелдер, пікір алмасулар, талқылаулар, библиошарлар т.б іс-шаралар оқырмандар арасында жүйелі түрде өткізіліп,  «Кітапханаға латын тіліндегі кітап сыйла!»  акциясы жүргізілуде. Акцияның мақсаты: ауданымыздағы кітап қорындағы латын әліпбиіндегі әдебиеттердің алғашқы кірпішін қалау. Ертеде қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыуына жол ашу.

      Ақпараттандыру жұмыстары бойынша :  Заман талабына сай ауданда барлық кітапхана  компьютермен жабдықталып,  интернет желісіне қосылған. РАБИС  (Республикалық  автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйе бағдарламасы)  бағдарламасы бойынша жұмыс жасауда. Қазіргі таңда аталған бағдарламаға  жалпы 246 мың 341 дана дерек қоры енгізілді.  (Аталған жылы  оның 139 мың 945 дана дерек қор енгізіліп толықтай кітап қоры РАБИС бағдарламасына енгізілді.) Жалпы облыс бойынша І орында турғанымыз мақтанарлық жағдай десек те артық емес.

       Сонымен бірге  аудандық орталық кітапханада және №2 Шу қалалық кітапханада электронды зал халыққа қызмет көрсетуде. /Оқырман саны 695 / /Келім саны 4009/ . 2016 жылы Кітапханалық ресми сайт ашылып өткізілген іс-шаралардың қысқаша ақпараттары мен суреттері кітапханалық сайтта, фейсбук /Facebook/  парақшасында жүйелі түрде жариялануда.

       Мерзімді басылым беттерінде әр түрлі тақырыпта 24 (15) мақала жарық көріп, «Қазақсан Тараз телеарнасында», және «Елден хабар» атты бағдарламада  екі ауқымды іс-шара көпшілік назарына ұсынылды.

Дәстүрлі облыстық «Ең үздік ауылдық кітапхана» байқауына жыл сайын аудандық кітапханалар қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Биылғы жылы Қонаев ауылдық кітапханасы қатысып жүлделі ІІ орынды иеленіп, сыйлыққа ноудбук алса, Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінің оқырмандары арасында өткен Облыстық «Үміт қанатында» фестивальіне қатысып  жүлделі 2 орынға ие болдық. Сонымен қатар Ескен Елубаев оқулары «Әлемді кітап арқылы танимын» атты облыстық байқауы ауданда өткізіліп қатысқан озық үміткер облыстық байқауға  жолдама алды.

Кадр мәселесі бойынша: ОКЖ бойынша 76 штаттық бірлік бар; оның ішінде 57 кітапхана қызметкері. Жоғары  26, (оның ішінде ауылда 20,) арнаулы орта 29, (оның ішінде ауылды жерде 24,) орта білімді қызметкер  («Алмас» колледжінде сыртай білімін жалғастыруда, 10 қызметкер сырттай жоғары  білімін жетілдіруде.

Аудандағы кітапханалар жүйесін қаржыландыру көзі  2016 жылы 93 млн. 175 мың теңгені құраса  2017 жылы бұл көрсеткіш  95 млн. 351 мың теңгені құрады. (еңбек ақы 61 651)

       Кітапхананың Материалдық техникалық базасын нығайту  жұмысы бойынша   

2017 жылы  кітап қорын толықтыруға 2000,0 млн. теңге, мерзімді басылымға 3000,0 млн теңге бөлініп игерілді. Сонымен қатар  9 дана компьютер – 863,0 мың теңге, 3 дана принтер – 151,0 мың теңге, 3 дана процессор – 210,0 мың теңге, Зағиптар бөліміне «ФОКУС дисплейі» 395,0 мың теңге, шахмат, шашки, «Баян» музыкалық аспабы - 96,0 мың теңгеге,   фотопарат – 129,0 мың теңгеге, 1 дана монитор – 31,0 мың теңге, 5 дана каталог жәшіктері – 225,0 мың теңгеге алынып, жалпы 2100,0 мың теңге игерілді.

      Алға қойған міндеттер: Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауында жеткен жетістіктерімізге сараптау жасап, бағындырар жаңа биіктердің межесін белгілейді. Биылғы «Төртінші өнеркәсіптік ревалюция жағдайындағы дамудың жаңа мүміндіктері» атты жолдауында ең дамыған                30 елдің қатарына кіру жолындағы еліміздің 10 негізгі мідеттерін белгілеп берді.

            Жолдаудың жетінші бағытында адами капитал-жаңғыру негізінде ұсынылған «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы арқылы азаматтардың сауаттылығын арттыру, цифрлық дәуірден қалмау қажеттілігіне баса назар аударып отыр осыған орай  «Модульдік кітапхана» ретінде Бірлікүстем (Ақтөбе) ауылдық кітапханасын ашу, және кітап қорын кезең кезеңімен электоронды каталогқа көшіру жұмыстары жоспарлануда.

2018 жылы облыстық «Ең үздік ауылдық кітапхана» байқауына Ақтөбе ауылдық кітапханасы ұсынылып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жайсан қалашығына экскурцияға шығып, өлекеміздің тарихи мұраларымен қызметкерлері таныстыру жұмысы жүргізілмек.

           Сонымен қатар  шешімін таппай тұрған мәселелер әліде көп. Әрине оның бәрі қаржыға байланысты.  Кітапханаларды заман талабына сай кітапханалық заманауи жиһаздарымен, кітап, көрме сөрелерімен және қосымша компьютер, нотбуктармен жабдықтау мәселелері тұр. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру үшін «Элар Планскан» сканеріне, көшпелі көрме жасау үшін библиобусқа   қомақты қаражатты  қажет етеді.

            Құрметті әріптестер! Алда атқарар жұмыстар әлі де көп.

 «Бірлескен жерде береке болатынын» ескерсек, еліміздің гүлденіуі әрмен қарай жалғасатыны сөзсіз. Өйткені тату елдің тасы өрге домалайды демекпін. Бірігіп, бірлесіп, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып Елбасы нақтылап берген міндеттерді бірігіп іске асыру баршамыздың міндетіміз деп ойламын.

 

 

     Бүгін орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған және оқырмандарға қызмет көрсету бөлімдерінің ұйымдастыруымен өткізілген «Қазақ поэзиясының Хантәңірі - Мұқағали» атты әдеби - музыкалық – композицияның /М.Мақатаевтың туылған күніне орай/ өтті.

Мақсаты: Жыр дүлдүлі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаев өлеңдерінің мазмұнын терең ұғындыру, ақын шығармалары арқылы елін, туған жерін, Отанын сүйе білуге, адамгершілікке, мейірімділікке, отансүйгіштікке, тіл, сөз өнерін қадірлеп қастерлей білуге, ақынжандыққа тәрбиелеу. Мұқағали еңбектерін әнсүйер, жырсүйер оқырман қауымына кеңінен насихаттау. Ақынның өмірі мен отбасы, туған жері туралы мәлімет беру.
Іс-шараға 14 оқырман қамтылды. Іс-шараға М.Әуезов мектебінің 6 сынып оқушысы Ж.Бауыржанқызы және Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімнің белсенді оқырманы Б.Қасымқұлов қатысып, ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, әндерін домбырамен шырқады. Сонымен қатар кітапхана қызметкерлері де атсалысты. Шарада аудиотаспадан ақын өлеңі тыңдалып, кітап көрмесіне шолу жасалды.

***

***
***
***
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     8 ақпан күні Ақтөбе ауылдық кітапханасында «Ғасырдың ғаламат ақыны» атты поэзия кеші М.Мақатаевтың туылған күніне арналып өткізілді. Іс-шараға Ақтөбе ауылдық округі әкімшілігінің мамандары, ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Сегізбаев, Қ.Сәтбаев атындағы шағын орталықты орта мектебінің ұстаздары П.Ескулова, И.Төреханова және 4 сынып оқушылары қатысты. Поэзиялық сағаттың басты мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын оқырман жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, сыршыл да шыншыл ақын өлендерінің мәні мен маңызына үңілдіруге рухани танымын кеңейтуге ықпал ету. 

Мұқағали қалам тартпаған, Мұқағали жырламаған тақырып жоқ. Оның қай өлеңі болмасын Мұқағалиды Хантәңірі тауындай асқақтата түседі.

******

***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     

 

     Діни экстремизм мен терроризмге қарсы кең ауқымды ақпараттық жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу мақсатында, Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша 31 қаңтар күні орталық кітапханада «Терроризм – қоғамға қауіпті дерт», 2 ақпан күні №3 қалалық кітапханада «Діни экстремизмге жол жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізіліп, іс-шара соңында ақпараттық-түсіндіру парақтары (флаерлер) оқырмандарға таратылды.

***

******
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     12 ақпан күні оқу залында "Ауғанның асуында-от кешкендер" атты кездесу кеші өткізілді. Іс-шараға ауған соғысының ардагері Әсет Жансеитов пен зейнеткер Зоя Рахымбекова және Е. Бекмаханов атындағы мектеп-гемназиясының 9 сынып оқушылары қатысты. Кештің мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқырмандарға түсіндіру. Оқушыларды патриоттыққа, елін, жерін сүйе білуге, елжандылыққа тәрбиелеу.

******

***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     

 

 

     14 ақпан күні Шу аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» «Рухани қазына» кіші бағдарламасының «100 кітап» жобасы аясында «Әлем әдебиеті жауһарлары» тақырыбында мәдениет үйінің фойесіне «100 кітап» жобасына алынған кітаптардың макеті қойылып, кітап көрмесі және қолөнер бұйымдары таныстырылып, оқу марафоны өткізілді. Мақсаты: оқушыларға қазақ әдебиетінің, әлем классикасының алтын қорындағы аса құнды шығармаларды оқыту, сол туындылардың рухани маңыздылығын жеткізу. Іс-шарада А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, М.Мақатаев, С.Әлімқұлов, А.Пушкин және тағы басқа ақындардың өлеңдерін оқырмандар мәнерлеп оқыды. Белсене қатысқан оқушылар дипломмен марапатталды.

***

***
***
***
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     15 ақпан күні Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен Аудандық мәдениет үйінде «Рухани қазына» кіші бағдарламасының «100 кітап» жобасы аясында «Әлем әдебиетінің жауһарлары» атты кітап карнавалы болып өтті. Келушілерге арналған Мәдениет үйінің фойесінде «100 кітап» жобасына алынған кітаптардың макеті қойылып көрме ұйымдастырылды. Бұл кітап карнавалының мақсаты: Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында кіші бағдарламасы «Рухани қазына» «Туған жер-туған ел» базалық бағытын ілгерілету «100 кітап жобасы» ұсынған болатын осы жобаны пайдалана отырып оқушыларға қазақ әдебиетінің, әлем классикасының алтын қорындағы аса құнды шығармаларды оқыту, сол туындылардың рухани маңыздылығын жеткізу. Кітапхана қызметкерлерінің кішкентай оқырмандарына насихатталатын шығармалардың бірі елдің ауыз әдебиетінен орын алған және халықтың жазу- сызу өнері болмаған кезінде ауызша шығарған күрделі шығармасының бір түрі ол – ертегілер екенін жеткізе білу. 
Сонымен қатар осы аудандық балабақша мен мектеп оқушыларының сахналауында «Раушан» балабақшасының «Сиқырлы ертегі» композициясы, кітапхананың тұрақты оқырмандары М.Мақатаев атындағы орта мектебінің бірлік пен ынтымақты, достық пен мейірімділікті көрсететін «Үйшік» ертегісі және «Қақпанға түскен қасқыр» қойылымдарынан көрініс қойылып, «Ертегілер әлемі» әні орындалды. Бағдарлама соңында орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Алжанбаева Бағдагүл Дәулетқанқызы осы кітап карнавалына қатысушыларға алғысын білдіріп дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.

******

***
***
 
 
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     

     

     

     

 

 

 

 

     Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру және оқырмандар мен өңір тұрғындары арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында 2018 жылдың 15 ақпанында сағат 1500-де бір мезгілде «Бабалар ұлағаты – ұрпақ аманаты» тақырыбында әдеби дүрбі форматында интерактивті сабаққа Орталық кітапхана өз үлесін қосып, Төле би Әлібекұлының туғанына 355 жыл толуына орай «Ұлтымыздың данагөй абызы» атты оқу марафоны өткізілді. Оқу марафонына кітапхананың тұрақты оқырмандары және кітапхана қызметкерлері атсалысты.

***

***
***
***
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     13 ақпан күні Көктөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Жамбыл атындағы орта мектебінде Ауған соғысына 29 жыл толуына арналған «Ізі қалған – Ауған жерінде» атты кездесу кеші өтті. Кездесу кештің мақсаты: жастарды ұлт тарихындағы маңызды оқиғалармен, Ауған соғысына қатысушы жауынгер-интернационалист ардагерлермен кездесіп, Отанға деген адалдық рухында тәрбие көзіне оқырмандарға түсіндіру.

******

***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
 
 
 
     
     
     13 ақпан күні «Ауғанның от жалыны» тақырыбында кездесу кеші Қонаев ауылдық кітапханасында ұйымдастырылды. Кітапханашы оқырмандарға қажетсіз соғыстың қасіреті жайлы мағлұмат беріп өтті. Іс-шараның мақсаты: Ауған соғысының ардегерлерімен кездесу арқылы, сол соғыс жайлы кеңінен мәлімет. Оқушыларды ерлікке, ұлт жандылыққа, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу. Бейбітшілік кезінде Ауғанстанда, әскери борышын өтеген ағаларымыз, ұрыс даласында қанды шайқаста құрбан болған. Кезінде қатерге бел буып, батырлық пен ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан өздерінің әскери парызына адал болған жерлестерімізді мәңгі есте қалдыру. Ауыл әкімі Т.Тусипбеков сөз сөйлеп, ардагерлерді құттықтап, гүл шоқтары мен сыйлықтар табысталды.
***
***
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
 
 
 
 
     
     14 ақпан күні «Ауған асуында от кешкендер» атты кездесу кеші Ақтөбе ауылдық кітапханасында өткізілді. Іс-шараға Ақтөбе округінің әкімі Оналбеков Ержан Жарылқасынұлы, Ауған соғысының ардагері М.Теңізбаев, ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Сегізбаев және кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Өйткені бұл соғыста 18-19 жасар өрімдей жас жігіттер жазықсыздан-жазықсыз құрбан болды. Бүгінгі жастар өздеріндей жігіттердің Отан алдындағы тағылым алсын деген ниетпен ауған соғысының ардагері М.Теңізбаевпен кездесу арқылы сол бір сұрапыл соғысты еске алдық. Ауған соғысы – жүректе жазылмайтын, тарихта ерекше орын алатын беттер. Кездесу кештің мақсаты: Ауған соғысының ардагерлерін құрметету, Отан үшін отқа түсіп қыршынан қиылған, жат жерде көз жұмған қандас, қарулас азаматтарымызды еске алу, жауынгерлердің қысқа ғұмырынан үлгі-өнеге, тарихи тағылым беру.
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
         15 ақпан күні «Ауған ардагерлер арамызда» атты кездесу кеші Шу қалалық мәдениет үйінде №3 қалалық кітапхана және мәдениет үйінің қызметкерлері бірлесіп, соғысқа қатысқан ардагер ағаларымыздың құрметіне кездесу кеш ұйымдастырылды. Кешті кітапханашы Ғ.Темірғалиева жүргізді. Кездесу кешіне Ауған соғысының ардагерлері М.Тұрысбаев, Н.Молдамұратов, Б.Асанов қатысты. Кеш барысында қонақтарымыз қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұрыста жасаған ерліктері жайлы әңгімелеп, қазіргі күнде оларға жылда құрмет көрсетіліп келетінін мақтанышпен айтып, алғыстарын білдірді. Кеш соңында ардагерлерге сыйлық берілді.
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
     
     №3 қалалық кітапхананың оқу залында «Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы» Орбұлақ шайқасына - 375 жылдығына арналған кітапханада дәріс өткізілді. Дәрістің мақсаты: Қазақ хандығы құрылуының тарихи оқиғалар тізбегін еске түсіре отырып, танымдарын арттыру, тарихи ұлы тұлғалардың ерліктерін насихаттау арқылы отансүйгіш болуға бағыттау. Орбұлақ шайқасы – қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғысындағы алғашқы бетбұрысты оқиғалардың бірі. Бұл шайқас 1643 жылдың жазында Қазақ хандығының қолын басқарған Жәңгір хан мен жоңғар қолын басқарған Батыр Қоңтайшы арасында өтті. Іс-шара барысында кітапханашы А.Айнакулова баяндама оқып берді. Оқушылар Орбұлақ шайқасы туралы сұрақтар қойып, атсалып отырды.
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
 
 
     21 ақпан – Халықаралық ана тілі күніне орай бүгін орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен «Жасай бер, қазақ тілім, ана тілім!» атты әдеби-ойын кітапхананың тұрақты оқырмандарымен өтті. Мақсаты: Оқушыларды туған тілімізді құрметтей білуге баулу. Баланың сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорларын молайту, қоғамдық өмірдегі алатын орнын, өз тілін дұрыс меңгеріп, таза сөйлей білуге, ана тілін қастерлеуге тәрбиелеу.

Ана тіліміз мемлекеттік тіл болып үлкен мәртебеге ие болды. Тәуелсіздік тірегінің бірі – тіл. Тіл халқымыздың қазынасы сан ғасырлар бойы жүріп өткен жолымыздың шежіресі. Былайғы жерде Егемендігіміз баянды болсын десек, туған тілімізді көздің қарашығындай сақтау керек. Сондықтан да әр адам өзінің ана тілін қорғай да, құрметтей де білуге міндетті. Халықаралық ана тілі күні 1999 жылдың 17 қарашасында ЮНЕСКО-ның бас конференциясы жарияланды. 2000 жылдың ақпаннан бастап тілдік және мәдени алуандылыққа, көптілдікке қолдау білдіру үшін жыл сайын атап өтеді. Жүз тілдің қатарында қазақтың да тілі бар. Шын мәнінде, қазақ тілі әлемдегі ең бай тілдердің қатарына жатады. «Елдің тарихын танығың келсе, тілін үйрен. Тіл халық жанын танудың кілті» - дейді Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тіл-өте маңызды құрал. Тіл болмаса адам өз ойын жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері бізге ана тіліміз арқылы жеткен. Қазақ тілі - өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру-Қазақстан азаматының парызы. Қазақтың тілі-сұлу, қонымды да, толымды тіл. Іс-шараға:18 оқырман қамтылды.
***
***
***
***
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

     Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастырумен 21 ақпан күні сағат 15-00 де біліктілікті арттыру бойынша «Компьютерлік сауаттылық мектебі» онлайн тренинг өткізілді.

******

***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
     
 
     
 
 
 
     ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақ тілі әліпбиінің кириллициядан латын графикасына көшу туралы» жарлығы жарияланды. Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің библиографы Гульзия Бердибаева қызметкерлер арасында «Латын әліпбиінің өркениет жолы» атты пікір-сайыс өткізді. Латын әліпбиіне көшу - ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады деп өз ойын ортаға салды. Кітапханашы Эльмира Абдыкадырова Елбасының латын әліпбиіне көшу туралы шешімі өте құптарлық. Мен латын әліпбиін білмеймін, бірақ кітаптарды оқи алады екенмін. Себебі, латын қарпі мен ағылшын тілінің әріптері өте ұқсас келетініне көз жеткіздім. Бұл біздің рухани жаңғырудағы жарқын жетістігіміз деп айтып өтті. 
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімнің меңгерушісі А.Төлегенованың пікірі: Жалпы, әліпбидің ұлттық сана-сезімге, ұлттық мәдениетке ықпалы өте зор. Бұл бұрыннан бері дәлелденген. Сондықтан, латын әліпбиінің бүгінгі нұсқасы халықпен бірге ақылдасып, ойын ескеріп, қабылданып жатқан нұсқа деп есептеймін. Сондықтан, бұл қадам бір жағынан саяси маңызды деп айта аламын деді. 
Пікір-сайысымызды қорытындылай келе латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің бүгінгі қазақ қоғамына тың серпін беретін кең ауқымды жоба. Өйткені тілдің тәуелсіздігі ұлттың рухани жетілуіне айтарлықтай мол септігін тигізеді.
***
***
***
***
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Орталық кітапханада Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабы талқыланды. Жаңа туындыны талқылауға ұжым қызметкерлері қатысты. Құжаттарды жинақтау және өңдеу бөлімінің меңгерушісі К.Лахаева «Тәуелсіздік дәуірі» кітабына библиографиялық шолу жасап, кітаптың мазмұнымен таныстырды.

***

***
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
 
 
 
 
 
     27 ақпан күні Балуан Шолақ ауылдық кітапханасында мектеп оқушыларының қатысуымен «Рухани жаңғыру – ұлт қажеттілігі» тақырыбында тич-ин ұйымдастырлып, өткізілді. Балуан Шолақ ауылдық кітапханасының кітапханашысы Б.Ахметова: Біз дамыған алдыңғы қатарлы ел болу үшін тілімізді, дінімізді, рухани дәстүрімізді мәдениетімізді дамытуымыз керек. Бүгінде адамзаттың өркениеттің өзгеше биігіне көтерілген, үшінші мыңжылдыққа қадам басқан кезеңінде де жас мемлекетіміз үшін рухани асыл мұрат болып Қазақстандық патриотизм, азаматтық парыз, тұлға бойындағы ұлттық құндылықтар мен ар тазалығы және тағы басқа қасиеттерді жатқызамыз деді.
Іс-шараның мақсаты: Оқушылардың жүрегіне рухани ізгіліктерді, құндылықтарды сіңіре отырып, жаны таза, ары ақ, елі мен жерін көркейтер нағыз азаматтарымыздың жан-дүниесіне мөлдірлік сыйлар рухани байлығымызды кең тұрғыда насихаттап, ұлттық рухты жас ұрпақ бойына дарыта түсу.
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
 
     
 
     1 наурыз Алғыс айту күніне арнап орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Татулықтың тұтқасы бірліктің бесігі» тақырыбына әдеби кеш өткізілді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев насихат етіп келе жатқан бейбітшілік пен ұлттар достығы, мемлекетіміздегі тұрақтылық пен берекелі өмірге зор үлесін қосып отырғандығын айтқым келеді. Біз, барша қазақстандықтар «Бір ел – бір халық» деген ұлы ұранмен бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, тату-тәтті өмір сүретіндігімізге сенімдіміз. Достық адамдардың бір-бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы. Мақсаты: Оқырмандарға Қазақстанда өмір сүретін халықтардың әдет-ғұрпын, дәстүрі мен тарихын, тілін қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміз үшін бірлігімізді нығайту басты борышымыз екенін ұғындыру.
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
 
         1 наурыз Алғыс айту күніне орай Балалар кітапханасында «Татулықтың тұтқасы бірліктің бесігі» тақырыбына көп ұлтты өкілдермен әдеби кеш ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрматтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.
******
 
     1 наурыз күні Еңбекші ауылдық кітапханасында «Алғысы көптің айтары көп» /1 наурыз алғыс айту күні/ тақырыбына әңгіме ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: Оқырмандарға ризашылық пен Алғыс айту туралы түсінік беру, үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу.
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
 
     «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының кіші бағдарламасы «Рухани қазына», «Туған жер – туған ел» базалық бағыты бойынша және «100 кітап» жобасы аясында өткізілген «Кітапханалық өлкетануды дамытудың заманауи үрдісі» тақырыбында кәсіби білімін жетілдіру, шеберлік сыныбын өткізу мақсатында семинар тренинг өткізілді. ОКЖ директоры Б.Д.Алжанбаева алғы сөз сөйлеп, семинар бағдарламасымен таныстырып өтті. Сонымен қатар, кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі Э.Раканова «Кітапханалық өлкетану жұмыстары» туралы баяндама оқып, библиограф Г.Бердібаева «Кітапханалық сандық кеңістігіндегі өлкетанулық ресурстар» туралы айтып өтті. Бірлікүстем ауылдық кітапханасының кітапханашысы С.Сатқанова «Туған жер – тұнған шежіре» кітап көрмесіне шолу жасап, балалар кітапханасының кітапханашысы Н.Шопаева «Өлкетанулық ақпаратты дамытудың жаңа мүмкіндіктер» атты тақырыбын таныстырып өтті. Семинардың мақсаты – кітапханалардағы өлкетану жұмыстарын жетілдіру, білім беру жүйесінде және жеке тұлғаны тәрбиелеуде өлкетану білімдерін насихаттау, өлкетануды дамыту арқылы мәдени-тарихи танымды қалыптастыру. Кітапханашылардың алдындағы басты міндеті: жеке тұлғаны дамытуға, оның білім алуына, кəсіби жетілуіне бағытталған ақпаратпен қолма-қол қамтамассыз ету. Оқырмандардың шығармашылық қабілетін ояту, олардың өз тарихын дəріптеуі, өз еңбектері арқылы ауыл өмірін жандандыруы үшін де кітапханалар қызметінің жаңаруы – заман талабы. Өйткені кітапхана – білім ошағы ғана емес, сол елді мекеннің мəдени жəне рухани ахуалын көрсететін құрметті орын. Күн өткен сайын оқырман жаңа ақпаратты қажет етеді. Семинарға қатысқан кітапханашылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасып, кітапхана жұмысына байланысты әр түрлі мәселелер бойынша талқылаулар өткізілді. 
Семинар тренингте «100 кітап» жобасы аясында тізімге енгізілген кітаптарды еске сақтау мақсатында кітапханашылар арасында тренинг өткізді. Қатысушылар ІІІ топқа бөлініп:
1. Алтын ұя
2. Кітап жанашырлары
3. Білімгерлер болып ат қойды. Тренинг барысында әр топқа стикер таратылып, топ мүшелері «100 кітап» жобасына енгізілген кітаптың атын жазып, әр топ өздеріне тесілі ағаштарға стикерді ілді. Оның ішінен 5 кітаптың авторының шығармаларының мазмұнын айтып өтті. Сонымен қатар стикерде берілген сұрақтарға әр шығарманың аттарын жақсы білу мақсатында авторларын тауып, сол автордың шығармасынан қысқаша түсінік айтып өту. Стикерде берілген сұрақтардың жауаптарын тапқан топ жеңіске жетіп, семинар тренинг соңында «Білімгерлер тобы» дипломмен марапатталды.
***
******
***
 

***

***
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
 
 
 
     
 
 
     8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай 6 наурыз күні Еңбекші ауылдық кітапханасында «Мейірімді анадан үйрен» тақырыбында әдеби-музыкалық композиция ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында ана мен балаға деген қамқорлықты, қоғамдағы ананың орнын көтеру. Тіршілікті жалғастырушы аналардың өмірі, олардың қасиетті, құдіреттілігі неде екендігін оқырмандарға түсіндіру, ананы сыйлау, құрметтей білуге тәрбиелеу. Ана әлемнің өмір қолдаушысы, шаңырақтың шаттығы мен шуағы. Ананың әрбір сөзі, ой талабы, жүректің тереңінде сақталады. Әлемде нәрестеге өмір сыйлап, оны алғашқы қадам басуға үйрететін қасиеттеріңізге тең келер нәрсе жоқ. Дүниенің жарқын күні – Ана. Бесік тербейтін, батырды өсіретін, ұлтымызды сақтайтын, ертеңімізді асқақтататын да аналар. Ана өмірдің қайнар бастауы, бала бақытының бағбаны. Ана өз басын, өз саулығын ұмытып, өзгелердің қамын жеуді бәрімізге үйретуші. Аналық парызын ақтаудың әсем үлгісін біздің үлкен әжелеріміз, туған аналарымыз танытып өткен. Қазірде кемеңгер көңіл, пейілді аналарымыз қаншама?!
************
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
 
     
     8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай 6 наурыз күні №1 қалалық кітапханада «Әйел ана, әйел жар, әйел бақыт» тақырыбында қонақжай кеш ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: Әйелдің табиғи сұлулығы ешқашан өзгермейтіні белгілі, бірақ біздің заманымыздың қыздары өзінің сұлулығымен бірге жан сұлулығын және тән сұлулығын сақтауы тиіс. Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу.
******
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
     Биылғы көктемнің алғашқы мерекесімен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай №2 қалалық кітапханада «Әлемдегі ең сұлу әйел – қазақ әйелі» атты кездесу кеш ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: Халқымыз әйел адамды сұлулықтық символына балап, әлемді құтқаратын тартылыс күші бар әдемілік деп жатады. Ана баланың амандығын, бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.
******
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
     14 наурыз күні Бірлікүстем ауылдық кітапханасында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын насихаттау барысында өткізілген шолу. Мақсаты: Шолуға қатысушылар кітап туралы қысқаша түсінік алды. Кітапханашы «Бұл кітап менің ұлы қолдаушым, кемел келешегіне өзінің қазақстандық жолымен қарыштаған жасампаз халқыма арнадым» деген Елбасы сөзімен бастады. Бұл кітапта Егемен мемлекеттің негізі қаланған күннен бастап оның қалыптасу кезеңдерінен ерекшеліктері мен 26 жылдық тәуелсіздік дәуіріндегі ішкі және сыртқы сын-қатерлерді еңсеруге байланысты қабылданған шешімдердің мән-мазмұны мен тетіктері егжей-тегжейлі баяндалғаны туралы айтылған оқырманға насихатталды.
******
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     Жібек жолы мектеп лицейінің актовый залында орталық кітапхананың ұйымдастырылуымен және мектеп ұжымымен бірлесіп «Дінім, ділім-өмірімнің тұтқасы» атты пікір алмасу ұйымдастырылып өткізілді. Дін істері және ақпараттық талдау бөлімінің меңгерушісі М.Смаилов сөз сөйледі. Мақсаты: Дін туралы, оның тарихын, адам өмірінде алатын орны туралы, ынтымақтастық пен абырой, бірлікті уағыздау арқылы терроризмнің барлық себептерін жою, күш салу, тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтауды түсіндіру. Болашақ ұрпақты елін сүюге, адамгершілікке, имандылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Жалпы, дін дегеніміз – тұңғиық теңіз. Оның тереңінде еркін сүңгіп жүру үшін көп оқып, ілім-білім жинауымыз қажет. Сондай әлемдегі көп діннің ішіндегі асыл дініміз пайдасын санамалап айтып бітіру тіптен мүмкін емес. Ислам дінінің ішінде әсіресе, Орта Азия халықтары ұстанатын төрт мәзһәб өкілдерінің бастарын иіп тұрып мойындайтын Мәзһәб болып табылады.
************
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
 
     15 наурыз күні №3 қалалық кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ы.Алтынсарин орта мектебінде «Ел бірлігін ойлаған дана би» атты тарихи кеші ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға Төле бидің өмірі, қызметі, даналығы туралы шешендік тапқыр сөздері жайлы түсіндіру, қазақ халқы, ұрпақ келешегі үшін аянбай қызмет атқарғанын дәріптеу. Қазақ ауыз әдебиетінде Төле би туралы аңыз әңгімелер, шешендік сөздер көп. Солардың көпшілігінде ол ақылды, әділ, шешен және халық қамын ойлаған қайраткер ретінде суреттеледі.
******
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
     Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай Балалар кітапханасында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрді жаңғырту» тақырыбына пікірсайыс алтыбақаны ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: оқырман-оқушыларға Наурыз мейрамының пайда болу тарихы және қазақ халқының салт-дәстүрімен таныстыра отырып халқымыздың әдеп-ғұрпы, мәдениеті туралы толық мағлұмат беру; оқушыларды халқымыздың дәстүріне, жақсылық пен ақ ниетке толы бабалар жолын жалғастыруға баулу; оқушыларды елін, Отанын сүюге, патриоттық рухта және ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу, халқымыздың салтын, әдет-ғұрпын құрметтеуге баулу, өнегелі, өнерлі азамат болуға, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу. Наурыз – ана сүтімен, салт-дәстүрімізбен бойға сіңген салтанатқа толы сұлу мереке, Әз Наурыз деп аты айтқандай, ең әзәз, ең ізгілікті, ең қасиетті мереке. Мерекелік шарамызға келген оқушылар қазақтың дастарханынан дәм татып, наурыз көжеден ауыз тиді.
************
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
     
     №2 қалалық кітапхананың ұйымдастырумен Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектептің 4 сынып оқушылары арасында «Туған өлке - тұнған шежіре» атты поэзия кеші ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды елін, жерін сүюге шақырып, халқына деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлт жандылық сезімін оятып, патриотизмге және білімділікке шақыру. Дәстүр арқылы ой-өрісін дамыту рухани байлығын толықтыру. Мектептің оқушылары Шу туралы өлең жолдарын айтып өтті.
******
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
     Далақайнар ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен«Наурыз көктем-жыр думан» атты той думан ұйымдастырылып өткізілді.Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт-дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.Оқушыларды халқымыздың дәстүріне, ұлағатты сөздерінің мәніне қарай жақсылық пен ақ ниетке толы бабалар жолын жалғастыруға баулу.
******
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     28 – 29 аралығында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Оқуды ілгерлету: кітапханадағы тың идеялар мен технологиялар диопозоны. Цифрлы қоғам шеңберіндегі кітапхана қызметі» Онлайн коучинг өткізілді. Мақсаты: Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі бағыттары аясында өңірдегі кітапхана ісін дамытудағы кітапханашылардың жаңашылдық бастамасы мен кәсіби дамуын ынталандыру, мамандық беделі мен әлеуметтік мәнін көтеру, кітапхана қызметіне жаңа ақпараттық технологиялар мен әдістерін енгізу жолдарын машықтау.
******
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
     Халықаралық кеңестің шешімімен 1956 жылдан бастап дат жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туылған күніне орай 2-сәуір балалар кітабы күні болып жарияланған. Осыған орай Балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітап – шебер ұстаз, тілсіз мұғалім» атты әдеби лото ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараның мақсаты: оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіріп, кітапқа деген қызығушылығын арттыру; кітаптың шығу тарихы жайлы түсініктерін кеңейту, білімге деген құштарлығын ояту; кітапты сүюге, таза ұстауға тәрбиелеу. Кітап – адам өмірінің таусылмас қазынасы мен дүниенің айнасы, ғылым – білімнің көзі, өнер мен тәрбие құралы, өмір күресінің ең мықты қаруы болатын ақылшы досың. «Кітапсіз өтілген бір күн – орны толмай бос кеткен күн». Сондықтан да кітап атаулы мен дос бола бастау сәби шақтан басталу керек. Кітап оқу баланың ой- өрісін кеңейтеді, ойлауға үйретеді, сөйлеу қабілетін, есте сақтауын, қиялын дамытады.
******
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
   
     Қонаев ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Кел балалар оқылық!» атты кітапханалық бульвар ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: Кітап сарқылмас қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріне маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, оқулықты күтіп ұстауға үйрету. Балаларды әдебиетке жақын болуға, кітап оқуға үндеу, адам өміріне кітаптың алар орны ерекше екенін түсіндіру, «Кітіп білім бұлағы, ал білім – өмір шырағы» екенін ұғындыру.
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
    
    
    
     Халықаралық балалар кітап күніне орай Бірлікүстем ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен «Білімді кітаптан ізде» атты әдеби лото, өткізілді. Іс-шараның мақсаты: жас ұрпаққа адамгершілік тәрбие бере отыра, адамның ажырамас бір бөлшегіне айналған баға жетпес дүние кітаптың маңызы мен мәнін түсіндіре отыра, назарларын кітап оқуға аудару. Кітап туралы кітапхана қорында бар әдебиеттердің алынып оқылуына ықпал ету. Әдеби лотода қатысқан оқырмандар екі топқа бөлініп, карточкада берілген қай автордың өлең жолдары екенін тауып, ең көп ұпай жинаған топ іс-шара соңында жеңіске жетті. Жеңіске жеткен топты кітапханашы С.Сатқанова марапаттап, оқырмандарды кітапхананың кітап қорымен таныстырып, әр кітаптың ерекшелігі мен маңыздылығын түсіндіріп және оқушылардың кітапханаға келіп жазылып, кітаптарды алып оқу жағдайларына да тоқталып өтті.
***
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
    
 
    
     2018 жылдың 2 сәуір күні Жаңа жол ауылдық кітапханасында Халықаралық балалар кітап күніне орай «Кітаптан артық дос жоқ» атты әртүрлі жастағы оқырмандарға «ашық аспан астындағы» кітапханалық бульвар ұйымдастырылды. Іс-шарада, ашық аспан астында әйгілі жазушылардың кітаптары қойылып, ауыл тұрғындарын кітап оқуға тарту мақсатында көрме жасалды. Кітап уақыт тынысы мен кеңістікте пайда болатын адам ойының жемісі екенін, ең шыдамды ұстаз, ең жақсы силық, ең қымбат нәрсе екенін ұғындырып, насихаттау.

******

 

 

 

 

 

 

 

 

     3 cәуір күні №2 қалалық кітапханасында Ш. Құдайбердіұлына арналған «Болашақпен тілдескен ақын» библиошар өткізілді. Мақсаты: Ақын өлеңдерінің идеясын ашу, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу, Шәкәрім лирикасы мен Абай өлеңдерінің үндестігін тануда өзіндік ойларын қорытуға бағыттау. Іс-шараға Шу теміржол білімгерлері қатысып, Шәкәрім Құдайбердиев туралы қысқаша мағлұмат беріліп, білімгерлер библиошар барысында қойылған сұрақтарға жауап берді.

***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
    
 
     Шу қалалық №2 кітапханада «Рухани қазына» «Туған жер - туған ел» базалық бағытын жүзеге асыру мақсатында «Ұлтын ұлықтаған» атты жергілікті қаламгер жазушы Қазақстан журналистер Одағының мүшесі Сәрсебай Қалиұлымен жазушы бенефисі өтті. Мақсаты: Оқушыларды жергілікті қаламгер, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Сәрсебай Қалиұлының шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Қаламгер шығармалары арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін тереңдете түсу. Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектеп оқушылары қатысып: өлең жолдары оқытылып, күй тартып, ән айтып, арнаулар айтты. «Ұлт мақтынышы» атты тақырыптық сөре ұйымдастырылды. Слайд арқылы өмірі мен шығармашылығы көрсетілді.
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
   
 
     12 сәуір күні Ақтөбе ауылдық кітапханасында «Мәңгілік елдің - Елордасы Астана» атты оқырман конференциясы ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараға Ақтөбе ауылдық округының ардагерлер мүшесінің ауыл ақсақалы Ақбозып Шортанбай, ауылдық округының маманы Жанар Байтелейова катысты. Іс-шарада Астана халқымыз үшін тәуелсіздік пен өсіп-өркендеудің алтын тұғыры екенін оқырмандарға айта отырып, Егемен еліміздің Астанамыздың 20 жыл ішіндегі жеткен жетістіктері туралы әңгіме өрбітіп, «Астана бас қала» атты фотошежіре арқылы қаланың көркем жерлерімен таныстырып, кітап көрмесіне шолу жасалынды.
******
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
 
     12 сәуір күні Жаңа жол ауылдық кітапханасында Ғарышкерлер күніне орай «Ғарыш әлемі» атты сыр сандық өткізілді. Мақсаты: Қазақ елінде Байқоңыр ғарыш айлағының және ғарышкер мерекесіне орай кеңес үкіметінің және қазақ еліндегі тұнғыш ғарышкерлер туралы мәлімет беру.
******
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
 
     13 сәуір күні Орталық кітапхананың оқу залында «Латын әліпбиі – ұлт рухының айнасы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шарада Тіл талаптарының жазылым-оқылым-айтылым-тыңдалым сынды үделерінен толық шыға алатын, баланың да, қарттың да үйренуіне жеңіл Ұлттық әліпби үлгісін жасаудың ережелері мен қағидаларын бекітетін кәсіби мамандар біріге жұмыс істесе ғана ең тиімді нәтижеге қол жеткізуге болатынына кеңінен тоқталды. Мақсаты: Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру. Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, жаңа Қазақстандық патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеу.
************
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
 
 
 
     
     13 сәуір № 3 қалалық кітапханасында «Ұрпаққа ұлағат» атты кездесу кеші өткізілді. Елбасының «Рухани жаңғыру» мақала аясында «Туған жер – туған ел» бағыты бойынша Шу өлкесінде туып өскен жергілікті жазушы Қазақстан журналистер Одағының мүшесі Сәрсенбай Қалиұлымен кездесу кеш ұйымдастырылды. Мақсаты: Шу ауданында дүниеге келген жазушы Сәрсебай Қалиұлымен өмір жолымен таныстыру, ерең еңбектері мен шығармаларын жастар арасында насихаттау, жас ұрпақтың бойына рухани-адамгершілік сезімдерді ұялату ұлтжандылыққа, Отансүйгіштікке тәрбиелеу. Кеш барысында Сәрсенбай Қалиұлын өз өмірін айтып, оқырмандардың сұрақтарына жауап берді.
******
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
     
     Бірлікүстем, Бірлік және Қонаев ауылдық кітапханаларының ұйымдастыруымен «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» хикаят монологын насихаттауға арналған «Өмірдің өзінен алынған драма» атты әдеби вернисаж өткізілді. Мақсаты: Жастарды патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеуге, ана тілге мұқият қарауға, оқу мәдениетін қолдау және дамыту мен сауаттылық бағдарламасын арттыруға, рухани мұраны сақтауға және оқуға деген жәрдемдесу болып табылады. Кешті кітапханашы Ж. Үркербай мен С.Сатқанова жүргізді. Кешке Аудандық орталық кітапхананың қызметкерлері кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі Э. Раканова және ОКЖ әдіскері Ұ Жаңабаева барып, өз ойларымен бөлісіп қайтты.
******
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
 
     19 сәуір күні Аудандық Орталық кітапхананың оқу залында 23-сәуір Халықаралық кітап күніне орай «Кітап-білім айдынындағы ақ кеме» атты оқу марафоны өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын, ғылым мен білімнің пайдасы жөнінде түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, оны күтіп ұстауға тәрбиелеу. Кітап-адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. Кітап-білім мен тәрбие беретін құрал. Іс-шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.
******
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
     
     Бүгін көрнекті балалар ақыны Мәдениет қайраткері қарымды Қаламгер Сұлтан Қалиев 75 жасқа толуына орай аудандық орталық кітапханалар жүйесінің Елбасының «Болашаққа бағдар» «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында аудандық мәдениет үйінде оқырмандар арасында «Сұлтан Қалиев оқулар» атты аудандық байқау ұйымдастырылды. Байқауға 7-10 және 10-15 жас аралығындағы жасөспірім оқырмандар бақ сынады. Олар «Мен-кітапхананың тұрақты оқырманымын» «Сұлтан Қалиев –балалар әдебиетінің көрнекті ақыны» «Портрет галереясы» «Әдеби бәйге» кезеңдері бойынша өнер көрсетті. Алдымен өздеріне көпшілікке таныстырған сайыскерлер ақының өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып, Сахналық қойылым қойды. Экранда бейнеленген қазақтың ұлы ақын-жазушыларының кім екенін тауып, айтып, ақының өмірбаяны мен шығармашылығына қатысты сұрақтар жауап берді. Байқауда қазылық еткендер Д.Қонаев атындағы Жамбыл облыстың балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры Гүлфайруз Инкарбекова, Д. Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының әдіскері Жанар Таттимбетова, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, аудан әкімінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Байжол Қуантай, орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Бағдагүл Алжанбаева. Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектептің оқушысы (7-10 жас) Қуандық Жаңғыр мен Т.Рысқұлов атындағы орта мектептің оқушысы Сатыбалдиева Минуара (10-15) жас аралығында топ жарып, Облыстық байқауға жолдама алды. Байқауды Д.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры Гүлфайруз Инкарбекова мен аудандық орталық кітапханасының Бағдагүл Алжанбаева қорытындылап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дипломен, бағалы сыйлықтармен марапаттады.
******************
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
     
 
     
     
     «Рухани қазына» кіші бағдарламасының «Туған ел - тұнған тарих» атты жергілікті ақын-жазушылармен кездесу кеші №1 қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткізілді. Мақсаты: Оқырмандарға жергілікті ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылық жолынан мағлұмат беру, туған жерді қадірлеп сүйе білуге жұмылдыру, патриоттық сезімдерін ояту, адамгершілік, имандылық сезімдерін байыту, адамгершілікке тәрбиелеу. Іс-шара барысында жергілікті ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығы баяндалды. Кітапхана оқырмандары Бодаубек Назерке, Бодаубек Айкун , Дауан Нұртай жергілікті ақындарымыздың туған жер туралы өлең жолдарын жатқа айтып, жергілікті ақын- жазушылардың шығармаларынан «Туған ел – тұнған тарих» атты кітап көрмесі қойылды.
************
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
 
 
 
     
     27 сәуір күні Зағип және нашар көретін азаматарға арналған бөлімде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Жан тербеген әсем ән» /А.Қоразбаев 70 ж/ -атты сазды кеш ұйымдастырылып.Кешті кітапханашы Мурзахметова Сандуғаш өткізді.Мақсаты: Өз өлкемізден шыққан талант иелерін таныстыру, әндерін насихаттау, оқырманға өмірінен мағлұмат беру. Зағип жандардың басын біріктіріп, олардың шығармашылық қаблеттерін арттыруға, ашуға мүмкіндік беру, мүмкіндігі шектеулі жандарды мәдени-рухани сауықтыра отырып, жақсы күй сыйлау. Кеште бөлімнің белсенді оқырмандары Б.Қасымқұлов пен М.Шағанбаева сазгер әндерін домбырамен нақышына келтіре орындады.
******
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

     Аудандық орталық кітапхананың оқу залында «Жол табалық ақылмен» -атты поэзия кеші өткізілді. Бір ел –Бір кітап акциясын жүзеге асыруды ұсынған болатын. Акция бойынша 2018 жылы тұңғыш рет үш бірдей кітап таңдап алынды. Ш. Құдайбердіұлының «Үш анық», Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» және Н. Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» кітаптары оқу жыл бойы насихатталатын болады. Мақсаты: Жас ұрпақтың бойына ұлы бабамыздың өмір жолы мен шығармаларының тарихи мазмұны мен мағынасы туралы білімдерін жетілдіру.Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931)-ақын, жазушы, философ. Абай мен замандас әрі інісі,әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасар. 

******

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

     28 cәуір күні Ақтөбе ауылдық кітапханасында «Ынтымақ достық кепілі»-атты әдеби музыкалық компазисия өткізілді.Мақсаты: Еліміздің көп ұлтты бір тудың астында біріктіріп, бірлік пен достыққа, ынтымақтыққа болуының өзі, қазақының кең пейілді екеніндігін көрсету. Бүгінгі байтақ елімізді мекендеген барлық ұлттар мен ұлыстар патриотизм ұғымын жаңаша түсіне бастады.Іс-шара барысында кітапханашы кіріспе сөз сөйлеп, бүгінгі күн Қазақстан бірлігі күні екенін оқушыларға түсіндіріп, ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқанын айтып өтті.

************

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

     28 сәуір күні Балуан Шолақ ауылдық кітапханасында 1мамыр-Қазақстан халықтар бірлігі күніне орай «Көпұлтты Қазақстан татулық мекені» атты дивертисмент кеші өтті. Мақсаты: Барлық этностардың бір-біріне мейірбандық таныту. Кеш сынып аралық болып ұйымдастырылды. Әр сынып өздерінің этнобірлестіктер ұлттық тағамдарын оның ішінде ұмытылып кеткен тағамдар «Әсіп», «Мипалау» тағамның қалай әзірлеуін айтып ,ән-күйлерін шырқады.

******

 

 

 

 

 

 

 

 

     Бүгінгі күн ерекше, өйткені 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні осыған орай Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты аудандақ орталық кітапхана, Шу қалалық №1, №3 және Қонаев ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ашық аспан астында "Қазақстан - бірлік пен татулықтың мекені", "Бейбітшілік бесігі - Тәуелсіз Қазақстан" атты көшпелі кітап көрмелері ұйымдастырылды. Мақсаты: Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Кітапхана қорына жаңа түскен әдебиеттерді насихаттап оқырмандарды кітап оқуға шақыру.

************

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

 

     4 мамырда Отан қорғаушылар мен Ұлы Жеңіс күніне орай «Шежірелі ұрпаққа ұлағат» атты еске алу кеші №3 қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастырумен С.Сейфуллин атындағы орта мектебінде өтті. Мақсаты: Оқушыларды Отанын, елін, жерін сүюге баулу, өз еліміздің батырларының ерліктерін айту, адалдыққа, адамгершілкке, батырлыққа тәрбиелеу, 1941-1945 жылдардағы соғыс туралы түсіндіріп, бейбітшілікті сақтап нығайтуға, мінезділікке, ұлтшылдыққа тәрбиелеу.

******

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     9 мамыр Жеңіс күніне орай Шу аудандық орталық кітапханада оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде «Жеңістің даңқы мәңгілік» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Мақсаты: Ұлы Отан соғысына қатысқан соғыс және тыл ардагерлерінің елін, жерін қорғаған ерлігі мен қайсар рухына бас иіп, құрмет көрсету, жастарды Отанды сүюге, ерлікке, үлкенге құрмет көрсетуге тәбиелеу. Қасиетті жерімізді, бейбіт елімізді қатыгез жаудан қорғап қалу үшін біздің аталарымыз, әжелеріміз 1418 күн жаумен шайқасып Жеңіске жетті. Жеңіс бізге оңай келген жоқ. 50 млн. адам өмірін қиды. Соғыс жылдарында Кеңес армиясы қатарында Қазақстанның 1 млн 200 мыңға жуық ұл-қыздары ерлікпен шайқасты. Жыл артынан жыл өтіп, осыдан 73 жыл бұрын күллі әлем асыға күткен Жеңіс жалауы Рейхстагта желбіреді. Қаһарман Совет әскері, біздің халқымыз адам айтқысыз зардаптар шегіп, қисапсыз құрбандықтарға төзіп Жеңіске жетті. Бүгінгі біздің болашағымыз, бақытымыз үшін қан төккен әскерлер мен аналардың даңқы еш уақытта өшпейді.

******

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Құрметті оқырман қауым! Баршаңызды 9 мамыр – Ұлы Жеңіс мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл мереке біздің еліміз үшін ерлік пен егемендіктің күні екені белгілі. Осыған орай Шу аудандық орталық кітапхана және Төле би ауылдық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен "Ұрпаққа ұран болған - Ұлы Жеңіс" атты кітапханалық биеннале кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде жастарға Жеңіс жолында ерлік көрсеткен Қазақстандық батырлардың есімдерін ұмытпай, тағзым етуге тәрбиелейтін «Қазақстандық Кеңес Одағының батырлары», «Өшпес даңқ»(2013), «Қазақ жауынгері Ұлы Отан соғысы майданында», «Аңызға айналған есімдер»(1985), «Қаһарман Бауыржан Момышұлы»(2008) «Қазақ жауынгері Ұлы Отан соғысы майданында» және балаларға арналған ертегі кітаптар ұынылды. Мақсаты: Бүгінгі жастардың өз тарихын білуге, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, олардың бойына патриоттық сезімін қалыптастыруда тарихи кітаптарды оқуға қызықтыру. Кітапхана қорына жаңа түскен әдебиеттерді насихаттап оқырмандарды кітап оқуға шақыру.

************

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

 

 

 

     10 мамыр күні Шу аудандық орталық кітапханада оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде «Елбасы Жолдауы жарқын істің бастауы!» атты оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы жайлы оқырмандар өз ой пікірлерін білдірді. Оқырмандар болашаққа барар жолды бағамдайтын бүгінгі Жолдау әрбір адамның, жастардың ертеңгі күніне үлкен сенім ұялататынын саналы түрде түсінгендерін жеткізді.Оқырмандардың айтуынша, Елбасы жүктеген әрбір міндет жастар тарапынан тиянақты орындалып жатса, уақыт келе жолдаудың шынайылығы, мақсат-міндеттерінің орындалатыны дәлелденбек.

******

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     15 мамыр Халықаралық Отбасы күніне орай Шу аудандық орталық кітапханасында «Отбасы алтын діңгек» атты көп балалы аналармен қонақ жай кеші өткізілді. Кешке кітапхана оқырмандары мен Нұр Отан партиясы Шу аудандық филиялының консультанты А.Алдан қатысты. Іс-шара мақсаты: Отбасы бақыты – ұлт бақыты деген, ұл-қыз тәрбиелеп, ұрпақ өсіру адамзат баласының басты арманы. Баланың басты ұстазы ата-ана екенін жас ұрпаққа насихаттау. Кітапханашы С.Мурзахметова өз сөзінде Отбасы мемлекеттің негізгі буыны. Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу біздің борышымыз деп бастады. «Өз жарыңды жаттай күт, жат көрсін де, түңілсін, бір-біріңді қадыр тұт, жұрт үлгі алсын, үңілсін» деген халық нақылын ұстанған отбасылар ұлағатты сөздерімен жас ұрпаққа жақсы тілектер тіледі. Кеш соңында отбасыларға шағын естелік сыйлықтар ұсынылды.

************

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

     

 

     Бүгін Халықаралық отбасы күніне орай Төле би ауылдық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен отбасылы оқырмандар арасында «Отбасы – қоғамның іргетасы» тақырыбында библио-шар өткізілді. Мақсаты: Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттерді жарқырай көрсетіп, қалыптастыру, Отанға деген ыстық сезімді, жақындарына, туған – туысқандарына деген сүйіспеншілікті арттыру, адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі терезесі тең, берік отбасына байланысты екендігін ұғындыру.

******

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

 

 

 

 

     

 

 

     30 мамыр күні Шу қаласындағы «Құралай» мейрамханасында «Шу аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы» ұйымдастырған 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балғын балалар - біздің болашағымыз» атты мерекелік кеште Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлім мен Балалар кітапханасы «Сиқырланған кітаптар» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Мерекелік кеште орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Б.Алжанбаева бүлдіршіндерді келе жатқан мерекелерімен құттықтап, балаларға арнайы дайындаған сыйлықтарын тарту етті. Бөлім қызметкерлері балалар мен ата аналарға, кеш қонақтарына дыбысталған, құрастырмалы, суретті және әртүрлі қызықты ертегі кітаптарды таныстырды. Кеште балалар ән айтып, би биледі. Кеш өте қызықты әрі тартымды өтті.

************

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Бүгін Аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Қасіретті жылдар жаңғырығы» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Іс-шараны оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Раушан Ерікқызы жүргізді. Іс-шара барысында Нұр Отан партиясы Шу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дархан Әліпбаев сөз алып ХХ ғасырдағы халқымыз бастан кешкен ашаршылық, жаппай қуғындау мен жазалау науқандары сталиндік режимнің айуандық бет-бейнесін әлемге әйгіленгеніне тоқтала келіп, құрбандар рухына тағзым ретінде келер ұрпақ ата-бабаларының қандай қасіретті бастан өткергенін біліп жүруін атап өтті. Түрк этномәдени орталығының төрағасы Б.Тагиров ғасыр нәубеті жайында естігенін тебірене айтып берді. Жұртшылыққа «Ақиқатқа айналған ата-баба арманы» атты бейнефильм көрсетілді.

************

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай №3 қалалық кітапханасында кітапханашылар мен қалалық мәдениет үйінің қызметкерлерінің ұйымдастырумен «Тарихтың ақтаңдақ беттері» атты кітапханалық ток-шоу өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы Ғ.Темірғалиева репрессия және т.б. сол сияқты мәліметтерді оқушыларға жеткізіп, қуғын сүргін құрбандарын ұмытпай еске алып, ұрпаққа таратып, жеткізіп айтып отырса, мұндай зұлмат болмайтынын айтып өтті. Кеш соңында қалалық мәдениет үйінің директорының орынбасары А.Самбекова сөз сөйлеп, оқушыларға саяси қуғын-сүргінге ұшыраған ақын-жазушыларды үлгі-өнеге ету керектігін айтып өтті.

******

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне арнап балалар кітапханасының қызметкерлері С.Жүнісәлиев атындағы саябақта «Біз бақытты балдырған» Беби /Baby/ шоу атты кітап көрмесі ұйымдастырылып қойылды. Жалпы алғанда, бөбектерге қамқорлық көрсету, олардың құқықтарын қорғау тек белгіленген бір күн емес, әрқашан да үлкендердің назарында.

******

 

 

 

 

 

 

 

     1- маусым бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты және басты мерекелердің бірі. Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы, адам өміріндегі ең үлкен бақыт - ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу. Орталық кітапханада зағип және нашар көретін азаматтарға арналған және ақпараттық библиографиялық қамтамасыз ету бөлімдерінің ұйымдастыруымен жас оқырмандардың қатысуымен «Балғын балалар – біздің болашағымыз» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Шара барысында балалардың қалауымен әртүрлі мультфильмдер көрсетіліп, бүлдіршіндер ашық аспан астында өздерінің қалаған суреттерін салды. Іс-шара соңында балаларға жақсы тілектер айтылып балмұздақтар таратылды.

************

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Шу қалалық №2 кітапхананың ұйымдастыруымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Балаларға базарлық» атты көшпелі кітап көрмесі ұйымдастырылып, безендірілді. Кітап көрмесіне балаларға арналған әртүрлі тақырыптағы кітаптар мен журналдар және дәйек сөздер қойылды. Бұл мерекеге жиналған бүлдіршіндер көрмені тамашалап, жақсы әсер алды. Әсіресе суретті кітаптарға балалардың қызығушылығы артты.

******

 

 

 

 

 

 

 

     №1 Шу қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балаларға базарлық» атты көшпелі кітап көрмесін өткізілді. Кітап көрменің басты мақсаты: жасөспірім бүлдіршіндерді кітапханаға кітап оқуға және кітапханамыздағы кітап қорындағы кітаптарды насихаттау.

************

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

     Мемлекеттік рәміздер күніне орай №1 Шу қалалық кітапханасында «Ел рәміздері – тәуелсіздік нышаны» атты дайджест ұйымдастырылып өткізілді. Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтатып тұр. Іс-шара мақсаты: Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту; рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерін, оқырмандарды отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Шараға «Алмас» гуманитарлық – техникалық колледж білімгерлері қамтылды.

******

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     4 маусым Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздер күніне орай Ақтөбе ауылдық кітапханасында «Рәміздер – елдігіміздің айшықты белгісі» атты библиошар ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: Оқырмандарға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін оны құрметтеп мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой өрісін кеңейту, жастарға Отанды сүюге, рәміздерін құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу.

******

 

 

 

 

 

 

 

     Орталық кітапханада «Кітап, кітапхана және жастар болашақ көкжиегі» тақырыбында кәсіби білімін жетілдіру, шеберлік сыныбын өткізу мақсатында семинар-кеңес ұйымдастырылып өткізілді. Орталық кітапхана директоры Б.Алжанбаева семинар-кеңестің бағдарламасымен таныстырып өтті. Сонымен қатар, кітапхана әдіскері Ұ.Жанабаева «Кітап оқу мен кітапхананың қоғам өміріндегі маңызы» туралы және Ақтөбе ауылдық кітапханасының кітапханашысы К.Инкарбекова «Кітап өткен шақты сақтаса, кітапхана болашақты құрады» деген тақырып бойынша айтып өтсе, Шу қалалық №3 кітапхананың кітапханашысы Ә.Айнакулова «Жас ұрпаққа тәрбие берудегі кітапхананың рөлі» атты баяндама оқыды. Құжаттарды жинақтау және өңдеу бөлімінің редакторы Ә.Қылышбаева «УДК бойынша түсіндіру жұмыстары» туралы таныстырып өтті. Кітапхана жұмысына байланысты әр түрлі мәселелер бойынша талқылаулар өткізілді.

************

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     2018 жылдың 19 маусым күні Жаңа жол ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Бәйшешек» бала бақшасында «Құлыншақ» тобымен «Жұмыр жер жалғыз мекенің» тақырыбында экологиялық сағат ұйымдастырылып өткізілді. Табиғат – бүкіл әлем. Табиғат-адамның өмір сүретін ортасы. Адам табиғатта өмір сүреді, онымен тұрақты қатынаста болады. Адам, оның денесі мен рухани өмірі табиғатпен тікелей байланысты. Одан шығатын қорытынды – адам табиғаттың бір бөлігі. Табиғат адамның өмір сүруінің табиғи жағдайы ғана емес, оның өзгертушілік іс-әрекетінің кеңістігі, ортасы. Мақсаты: Табиғатты қорғай алатын адемгершілігі мол, ізгілікті, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу.

************

 
 
     22 маусым күні Шу аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен «Мағжан – жыры мәңгілік» атты әдеби кеш өткізілді. Мағжан Жұмабаев – бірнеше көркем поэма жазған құлашы кең эпик ақын, педагог. Ол өз заманының толғауы күрделі жайларын халқының өткен тарихын жырлау арқылы көрсетуге ұмтылды. Өйткені артта қалған қазақ елін алға жетелеу сол халықтың өз қолынан ғана келмек. Сондықтан да халыққа күш берер осындай ерлік қайнарын Мағжан тарихтан іздеді. Өз шығармаларында кешегі өткен батыр бабаларымыздың ерлігін жырлаған.Мағжанның өмірбаяны, шығармашылық жолы туралы «олай да, былай» деп айта салуға болмайды. Тереңірек, кеңірек қарау керек. Мақсаты: оқырмандарға Мағжан Жұмабаев өмірімен, шығармашылығымен таныстыру, М. Жұмабаевтың жырлары мен шығармаларын оқыту және маңыздылығын жеткізу.
******
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
     25 маусым күні Төле би ауылдық балалар кітапханасында Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына орай балалармен «Кемел қаламгер» атты әдеби печа-куча, пікір алмасу өтті. Мақсаты: оқырмандарға Мағжан Жұмабаевтың шығармалары негізінде оқушылардың бойына ұлтжандылық, адамгершілік, инабаттылық, батырлық сынды қасиеттерді дарыту. Поэзияға деген сүйіспеншіліктерін ояту.
*********
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
 
     25 маусым күні №1 Шу қалалық кітапханада қазақ халқының лирик ақыны Мағжан Жұмабаевтың 125 жыл толуына орай «Халқының жарық жұлдызы» атты әдеби кеш ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Ақынның сан қилы тағдырына шолу жасай отырып, өлеңмен өрлеген өнегелі өміріне терең ойлау арқылы жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеу, ана тілі мен мәдениетін жете біліп, поэзияны қастерлеуге, сүйіп оқуға бейімдеу, ақын өмірінен үлгі алуға тәрбиелеу.
******
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
     
     28 маусым күні Шу аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен «Үміт үзгім келмейді» атты кітабына кітапхана қызметкерлері арасында талдау өткізілді. Мақсаты: «Бір ел- бір кітап» акциясы аясында жазушы Н. Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» атты кітабын насихаттап, көркем шығарманы оқыту арқылы әңгіменің құндылығын дамыту, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу. Бұл шығарма негізінен ғұмырнамалық туынды. Оның бас кейіпкері Ержан, оның жары Гауһар, ұлдары Мұхит пен Қайрат. Шығармада тартыс бар, ол өмір мен өлімнің тартысы, үміт пен күдіктің, қорқыныш пен тәуекелдің тартысы, үрей мен өмірге деген құштарлықтың арпалысы. Осы бітіспейтіндей көрінетін тайталаста ізгілікке, адалдыққа сенім, имандылық пен тазалықты ардақтау мәселесі барлық нәрседен де биік болып, алға шығады да, ең соңында өмір үшін күресте басты шешуші күшке айналады.
******
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
     28 маусым күні Шу қалалық №2 кітапхананың ұйымдастыруымен, Шу теміржол колледжінің оқу бөлімінде мұғалімдер мен білімгерлер арасында «Рухы биік тұлға» атты портреттік кеш өткізілді. Мақсаты: Қазақ халқының хас батыры, дарынды тұлға, білікті әскери қолбасшы, көрнекті жазушының кейінгі ұрпаққа қалдырған асыл мұрасынан білімгерлерге мағлұмат беру.
******
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
     3 шілде күні Астана каласының 20 жылдығына арналған «Асқақтай бер, Астана» атты облыстық ақындар айтысы ұйымдастырылды. Шу аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен мәдениет үйінің фойесіне «Астана Қазақстанның жүрегі» атты кітаптардың макеті қойылып, кітап көрмесі және кітап инсталляциясы көпшілік назарына ұсынылды.
************
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
 
     
     4 шілде күні Шу аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен Астана каласының 20 жылдығына орай «Елорда – тәуелсіздіктің бойтұмары» атты әдеби музыкалық композиция өткізілді. Кітапханашы Е.Абдыкадырова Астана - тәуелсіз еліміздің бойтұмары, халқымыздың мақтанышы. Астана- халқымыз үшін тәуелсіздік пен өсіп - өркендеудің алтын тұғыры. Біз өз болашағымызды ару шаһардың ертеңімен, оның гүлденіп көркеюімен байланыстырамыз. Астана тәуелсіздік перзенті, жаңа әлемдегі Қазақстанның жарқын бейнесі, еліміздің ертеңгі үкілі үміті мен сенімінің көрінісі, арманы мен тілегінің кепілі деп өзін аяқтады. Мақсаты: Астана туралы мәлімет беру, оқырмандардың Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру, ұлтжандылыққа, әсемдікке баулу, Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа азаматтық патриоттыққа тәрбиелеу.
******
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
     Еліміздің бас қаласы Астана каласының 20 жылдығына орай №3 Шу қалалық кітапханада «Астана ел мақтанышы» атты библиошар ұйымдастырылып өткізілді. Кітапханашылар шарлар іліп, қағаздарға елордаға байланысты сұрақтар жазып, шарларға жабыстырды. Оқырмандар сұрақтарды алып, жауап берді. Жақсы жауап берген оқырмандарға мадақтама қағазы берілді. Мақсаты: оқырмандарға бас қала Астана туралы мағлұмат беру, сүйіспеншілік және мақтаныш сезімдерін тудыру, туған ел тарихымен таныстыру, Қазақстан Республикасының орталығы Астана қаласын мақтан тұта білуге тәрбиелеу және отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, елжанды азамат болуға тәрбиелеу.
******
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
          4 шілде күні Ақтөбе ауылдық кітапханасында Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне орай «Ару қалам - Астанам» атты әңгіме ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: Республикамыздың астанасы – Астана Қазақстандықтардың бірлігі мен тәуелсіздігінің символы деп туған өлкеге, еліме деген сүйіспеншілік нұрын себу. Оқырмандардың бойына Арқа төсінде бой көтерген ертегідей аңыз қала Астана жайлы терең ойлап, кеңінен толғанатын, Отансүйгіштік сезімін ояту. Астана қаласының сәулеті мен дәулетіне, мәдениетіне құштар жандарды тәрбиелеу.
******
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
         3 шілде күні Астана қаласының 20 жылдығына орай Жаңа жол ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Ел жүрегі Астана» атты әдеби музыкалық композиция өткізілді.
******
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
     9 шілде күні №2 Шу қалалық кітапханасында Астанаға 20 жыл толуына орай «Шуақ шашқан бас шаһар» атты әдеби кеш ұйымдастырылып өткізілді. Шара барысында Астананың көрікті жерлері «Астана-бәйтерек», «Пирамида», «Ақорда», «Хан шатыр» т.б. жерлерді таныстыру мақсатында слайд арқылы көрсетілді. Оқушылар «Астанам менің», «Бейбітшілік ұраны», «Астанам-Астанам», «Астана-арман қала», «Отан» өлеңдерін оқыды. Кеш соңында «Астана – ұлы дала ажары» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
************
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
 
     
    12 шілде күні Шу аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен «Латын әрпі – болашақтың бағдары» атты дөңгелек үстел кітапхана қызметкерлері мен оқырмандар арасында өткізілді. Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашаққа барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. «Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп – өркендеуіне әкелері сөзсіз. Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге жетуіне жол ашады». Іс-шараға зейнеткер М.Ешенқұлов, Шу несие серіктестігінің төрағасы Е.Досымбаев, айтыскер, ақын «Мәдениет қайраткері», зейнеткер Б.Асқаров өз ойларын ортаға салды. Шара соңында пікірталасқа ұласқан дөңгелек үстелдің жұмысы қорытындыланып, бүгінгі шараға оң баға берілді.
******
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
     17 шілде күні Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында Бірлік ауылдық кітапханасында салт-дәстүрді насихаттау барысында «Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрыптары» атты кітапхана оқырмандары арасында сыр – сандық ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараға Бірлік ауылдық әкімшілігінің жастар тәжірибесі бойынша қызметкер Г.Сағитжанова, Бірлік ауылдық клубының меңгеруші Н.Сейсенбаева, кітапхананың тұрақты оқырманы Б.Бекбаева, қатысты. Іс-шара барысында «Қазақ халқының дәстүрлі қолөнері» тақырыбында ой-қозғалып, қатысушылар тарапынан сауалдар қойылып, тұщымды жауаптар айтылып, ойлар ортаға салынды. Кеште «Салт-дәстүр – асыл қазынам» атты кітап көрмесімен кітапханашы Г.Исатаева таныстырып, шолу жасады. Мақсаты: Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындырып, жастардың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету.
******
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     19 шілде күні Ш.Құдайбердіұлының туғанына 160 жыл толуына орай №3 Шу қалалық кітапханада «Есімі өшпес өр тұлға» ақынның өмірбаянына шолу жасалынды. Кітапханашы Қ.Байсейтова ақынның өмірі мен шығармаларын таныстырды. Іс-шараға №10 Шу колледж білімгерлері және оқытушысы қатысты. Мақсаты: Ш.Құдайбердіұлы туралы жастардың білімдерін дамыту, ақын өлеңдерінің идеясын ашу, рухани – адамгершілік қағидаларымен таныстыру. Шәкәрімнің өмірбаянын тереңірек білу.
******
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
     20 шілде күні Ш.Құдайбердіұлының туғанына 160 жыл толуына орай балалар кітапханасында «Жезкиік ғұмыр» әдеби вернисаж ұйымдастырылып өткізілді. Жарты ғасырдан астам үзілістен соң халық алдына қайта шыққан тұлғаларымыздың бірі Шәкәрімнің қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше. Шәкәрім қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген, қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңін түрлендіре түскен кемеңгер ақын еді. Іс-шараның мақсаты оқушыларға Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы білім беру, ақын өлеңдерінің идеясын түсіндіру, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу, өлеңдерін нақышына келтіре оқу, Шәкәрімнің өлеңдері арқылы оқушылардың рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, жаман мінезден аулақ болуға, адами сезімді қастерлеуге, сүйіспеншілік, ішкі рухани тазалыққа үйрету.
******
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
     
     20 шілде Ш.Құдайбердіұлының туғанына 160 жыл толуына орай Шу аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен «Мен жетелеп өлемін өрге қарай қазақты» атты әдеби кеш ұйымдастырылып өткізілді. Ұлы Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі Шаһкәрімнің қазақ әдебиетінде және рухани дүниетанымында алар орны ерекше. Шаһкәрім бабамыз өзінің өлмес өнерімен тұтас дәуірдің шындығын жырлап, өміршең ойларымен сол дәуірді саралап берді. Мақсаты: Ш. Құдайбердіұлы туралы мағлұмат бере отырып, оның өлеңімен таныстыру. Адамның міндеті, ақынның адамға айтар өсиеті, өмірбаяны жайлы ұғым беру.
************
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
     
     «Рухани қазына» кіші бағдарламасының «Туған жер-туған ел» базалық бағытын жүзеге асыру мақсатында Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Б.Алжанбаеваның ұйымдастыруымен Жайсан көне түркілер ғұрыптық кешеніне «Тарихқа толы туған жер» атты экскурсияға шықтық. Жайсан көне түркілер ғұрыптық кешені Шу ауданының терреториясында орналасқан. Экскурсияның мақсаты: Туған жердің тарихын таныта отырып, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру. Ата-бабаларымыз бізге мұра етіп қалдырған Жайсан ғибадатханасындағы түрік культтік мемореалдарының құрамдас бөлігі жартастағы өнер ескерткіштері және рулық таңбалар, яғни мүсінді және стелалы мемореалды кешендерді зерттеумен бірге жүргізілетін жұмыс болып табылады. Далалық алқапта орналасқан барлық тарихи оқиғаларының куәсі ретінде ашық аспан аясында 27 тас мүсін тұр. ІІІ ғасырдан астам Ұлы даланы дүбірлеткен түрік қағандығы тарих қойнауға кетті. Олар адамзат тарихында өздерінің жеңістерімен, өнерлерімен, мәдениетімен, салт-дәстүүрлерімен өшпес із қалдырған. Жайсан көне түркіллер ғұрыптық кешеніндегі мүсіндерін, тастағы суреттерін өз көздерімен көру үшін насихат жасау болып отыр. Экскурсия соңында қызметкерлер естелікке суретке түсті. Өткен тарихымыздан сыр шертетін тарихи құндылықтар кітапханашылар үшін қызығушылық танытқаны анық.
************
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
 
 
     25 шілде күні балалар кітапханасында «Қазақтың ұлттық қасиетті аспабы» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылып өткізілді. Домбыра – қағып, шертіп ойнайтын ішекті музыкалық аспап. Қазақтың ән-күй орындаушылық дәстүріне байланысты домбыра аспабының бірнеше түрі бар, олардың тек сырт пішіні ғана емес, ішек және перне саны да әр қилы болып келеді. Қазақтың домбыра және басқа да музыкалық аспаптары күйлердің дамуымен бірге жетілдірілген. Атадан балаға мирас болып қалған домбыра – күллі қазақ ән-күй өнерінің негізгі бастауы, әрі халық тарихының куә-жыршысы. Қүмбірлеген күйлердің әрқайсысы өзінше ерекше бір ғажап музыка болуымен қатар халық шежіресінен хабар береді. Домбыра бітімі, құрылысында ерекше мән жатыр. Екі шек бүкіл болмысқа лайық егіздікті бейнелейді. Мақсаты: оқушыларға домбыраның өмірлік қажеттілігі мен өзектілігін түсіндіру; домбыраны қастерлеу арқылы халықтың рухани байлығын сіңіру және өз халқының жанын түсіну. Қазақтың ұлттық аспаптарын қастерлеуге баулу.
******
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
 
     Бүгін Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «Ел жүрегі Астана» атты мәдениет және өнер күндеріне арналған көрмелер мәдениет үйінің фойесіне қойылып, Шу ауданының тұрғындарының тамашалау сәті.
************
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
 
     3 тамыз күні №3 Шу қалалық кітапханасында Теміржолшылар күніне орай «Болат жолдың бойында» атты дөңгелек үстел ұйымдастырып өткізді. Дөңгелек үстелге Шу техникалық қозғалыс көрсететін пунктің бастығы Е.Темірғалиев шақырылды. Кітапхананың тұрақты оқырмандары қонаққа сұрақтар қойып Е.Темірғалиев сұрақтарына жауап беріп, мамандығы туралы қысқаша баяндап берді. Іс-шара соңында Шу техникалық қозғалыс көрсететін пунктің бастығы Е.Темірғалиев кітапханашыларға алғысын білдірді. Мақсаты: Оқырмандардың теміржол саласы туралы білімдерін молайту, теміржолшы мамандығы туралы мәлімет беру.
******
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
 
     «Нұр Отан» партиясы Шу аудандық филиалының жаңындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің және Партиялық бақылау комиссиясының бірлескен отырысы өтті. Отырысқа аудандық мәслихат депутаттары, қоғамыдқ кеңес төрағасы, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, кірістер басқармасы, Шу қаласы және ауыл әкімдері қатысты. Күн тәртібіне қойылған мәселеле Аудан тұрғындарын ауыз суммен қамтамассыз ету және аудандағы жол төселіміне орташа жөндеу жұмыстары туралы Есеп беруші: Зият Тұрсынұлы – Аудан әкімдігінің ТКШ, ЖК және АЖ бөлімінің басшысы, партия мүшесі. Комиссиясының күн тәртібіне еңгізілген мәселелер толық қаралып, талқыланды және тиісті қаулылар қабылданды, және комиссиясы отырысының соңында "Құрылысшылар күні" мерекесіне орай құрылысшыларды құтықтап, жұмысына табыс тілеп ,отырысты жабық деп жариялады.
******
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

     17 тамыз күні Орталық кітапхананың оқу залында "Жақсыдан үйрен-жаманнан жирен" - атты тақырыбында сыр сандық өткізілді. Іс-шараны кітапханашы Э. Байбөриева жүргізді. Мақсаты: Оқушылардың сұрақ-жауап сайысы арқылы білімдерін жинақтау, ой-өрістері мен танымдық қабілеттерін дамыту, жан-жақты ойлау деңгейін бағалау.
************
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
 
     14 тамыз күні Д.Қонаев ауылдық кітапханасында Орбұлақ шайқасына – 375 жыл толуына орай «Елдіктің даңқын асырған Орбұлақ» атты библиографиялық шолу өткізілді. Мақсаты: Туған жеріміздегі тарихи оқиғалардың бірі Орбұлақ шайқасы туралы түсінік беріп, Орбұлақ шайқасындағы батырларымыз туралы мәлімет алу, қазақстандық партиотизмге тәрбиелеу, туған жердің тарихын білуге үйрету.
******
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
     5 тамыз күні №1 Шу қалалық кітапханасында Теміржолшылар күніне орай «Теміржол мамандарға бел асады» атты әңгіме өткізілді. Шу локомотив пайдалану депосы басшысының орынбасары Темірхан Наурызбаев және қызметкерлері Т.Шалғанбаев, Н.Исланбековтар шақырылды. Мақсаты: Еліміз тәуелсіздік алғалы бері күннен-күнге қарыштап дамып келеді. Ел экономикасының дамуына теміржол саласының да үлесі жоқ емес. Теміржол - экономиканың күре тамыры, онсыз жүк тасымалданбайды, жеткізілмейді. Жалпы, теміржолшының әр күні қай кезеңде де үлкен жауапкершілікпен қауіп-қатермен байланысты. Теміржол саласы миллиондаған жолаушылар, миллиардтаған тонна жүк тасымалдауды қамтамасыз ете отырып, мемлекетіміздің әлеуметтік – экономикалық дамуына зор үлес қосады. Қазақстан теміржолының қалыптасуы өткен ғасырда игі істері тарих шежіресіне жазылғандығын мақтан етеміз.
******
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
 
     24 тамыз күні Шу аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен «Ата Заң – елдігімнің еңсесі» атты дөңгелек үстел кітапхана қызметкерлері мен оқырмандар арасында өткізілді. Мақсаты: Қазақстан Республикасының заңдарына тоқтала отырып, оқырмандарды шыншылдыққа, әділдікке, Отанын, елін, жерін қорғауға және сүюге баулу, Ата Заңға сый-құрметпен қарауға тәрбиелеу, тарихи танымдарын кеңейту. Іс-шара барысында ҚР Конституциясы - мемлекетіміздің іргесін нығайтудағы қарышты қадамдардың қалыптасуы мен жаңа жүйесінің орнығуына, саясат сахынасында ҚР-ның қанат жаюы жолындағы бірден-бір бастаушы заң, серпінді сенім, ҚР Конституциясы-әділет жолын көрсетер мемлекетіміздің Ата Заңы, айшықты құжаты туралы әңгіме өрбіді. Заң дегеніміз- қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз-мына біздер. Конституция - Елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттік негізгі құжат, сондықтан да біз Ата Заң деп құрметтейміз. Әр адам өзінің де өзге елдің заңына бағынуына міндетті. Әр мемлекеттің өзіне тән заңы бар.
************
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

     

     

     30 – тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған Шу аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен мәдениет үйінің фойесіне «Ардақты, айбынды Ата Заң» атты кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылуда.

************

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

 

 

     

 

 

 

 

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

     

     ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың 2017 жылдың 31 қазаны күні «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» №689 ҚР Үкіметінің қаулысына 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күні болып бекітілгенін айта отырып, Бірлік ауылдық кітапханасында «Тіл – ел мерейі» атты тич-ин ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Оқырмандарды өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын, тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқырман бойына сіңіре отырып, ана тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру. Іс-шараға қатысқан оқырмандар арасында тіл туралы өлеңдер оқылып, баяндамалар айтылды. 

 

***

*********
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

     
     Шу аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде «Латын әліпбиі – заман талабы» атты библиошар ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараны кітапханашы Э.Байбориева жүргізді. Мақсаты: Латын графикасына көшудің маңыздылығы туралы кеңінен ақпарат тарату, қоғамдық пікір қалыптастыру. Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеу. Бүгінде әлемнің әр түкпірінде 5 миллионға жуық қазақтар тұратынын ескерсек, солардың 80 пайызы латын әліпбиін қолданатын көрінеді. Демек біз болашақта латын әліпбиіне көшер болсақ, сол қандастарымызбен жақындаса түсеміз.
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
     
     Бүгін Бірлік ауылдық кітапханасында «Жазушы әлемі» атты әдеби вернисаж Әкім Таразидің – 85 жылдығына ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Әкім Таразидың туындыларын қазақ руханиятының бір туар азамат екендігі айтылды. Әкім Таразидың шығармалары бірқатар әлем тілдеріне аударылып, басылған. Сол арқылы туған әдебиетін әлемге танытты, әлем әдебиетінің дамуына өз үлесін қосты. Сегіз қырлы, бір сырлы қаламгер, терең ойдың адамы, жазу ғана емес, кәдімгі зерттеуші, тағылымды тарихшы, көне мұрамыздың зерттеушісі екендігі жас оқырмандарға насихатталды.
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
     7 қыркүйек күні Орбұлақ шайқасына – 375 жылдығына арнап №3 Шу қалалық кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Халық өміріндегі ауыр заман» атты әңгіме өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы А.Айнакулова оқушыларға Орбұлақ шайқасының тарихын толықтай түсіндіріп берді. Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Сенбекова Әлия Орбұлақ шайқасының қазақ елі үшін ең маңызды шайқас болғандығын баяндады. Оқушыларда өз тараптарынан шайқас туралы өз ойларымен бөлісіп отырды. Мақсаты: Қазақ тарихында өзіндік орын алатын Орбұлақ шайқасының тарихын түсіндіру арқылы оқушы бойында туған жерді сүюге, оның дамуына үлес қосуға тәрбиелеу, адамгершілік құндылықтарын жетілдіру, заман талабына сай жаңа тұлғаны қалыптастыру.
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
     
     Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен Тараз қаласында «Үлгілі отбасы – мәңгілік елдің тірегі» атты облыстық отбасылық байқауы өтті. Шараға орталық кітапхананың көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған бөлімнің тұрақты оқырманы Қасымқұлов Болатхан және ұлы Асен Асхатпен қатысып, өз өнерлерін көрсетіп жүлделі ІІІ орынды иеленді. Кеш соңынан дипломмен марапатталып, бағалы сыйлыққа ие болды.
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
 
 
     
     
     14 қыркүйек күні №1 Шу қалалық кітапханасының оқу залында «Рухани жаңғыру – жастарға жарқын жол» - атты оқырмандар конференциясы, «Алмас» гумманитарлық – техникалық колледж білімгерлерімен өтті. Іс-шара барысында кітапхананың тұрақты оқырмандары мен Шу қаласының колледж оқытушылары мен білімгерлерімен қатысып конференцияда өз ойларын, пікірлерін айтты. Қатысушылар қоғамда рухани жаңғырудың басым идеялары туралы, яғни әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуы жайлы кеңінен айтылды. Мақсаты: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мәні мен мазмұны, маңызы мен мағынасы қоса өріліп, өзіндік өміршеңдігін көрсеткен көлемді туындысын білімгерлер жадында жаңғыру, ел ертеңі жастардың ұлттық сана сезімін, саяси сауатталығын ояту.
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
     17 қыркүйек күні №1 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Абай атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушыларымен «Тіл асыл - қазына» атты тәрбие сағаты өткізілді. Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан – ұрпаққа мирас болып келе жатқан баға жетпес асыл мұрасы. Қазақтың біртуар ақыны М.Жұмабаев: «Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихи, тұрмыс – тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады» - деген. Тіл байлығы – әрбір ұлттың мақтанышы. Жас ұрпақты ана тілін құрметтеуге үйрету біздің мақсатымыз. Тіл халықтың байлығы. Тілімізді сақтап, дамыту – бәріміздің қасиетті парызымыз. Әр азамат ана тілінде сөйлеп, тілді құрметтеу керек Президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, «Әр білімді азамат үш тілді білуі қажет». Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін! – деп кітапханашы Л.Сурабалдиева өз сөзінде айтып өтті. Мақсаты: Оқушыларға тіл мәртебесін биік ұстау туралы, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктерімен салт – дәстүрі, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру.
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
     
     Қонаев ауылдық кітапханасында 22 қыркүйек- Қазақстан Халықтарының Тілдер күніне орай «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты библиошар өтті. Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу. Іс-шара барысында оқушыларға жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер, орыс тіліндегі сөздерді қазақша мағынасында айтып, әр түрлі сұрақ жауаптар қойылды.
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
     
     №2 Шу қалалық кітапханасында Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Латын әліпбиі-өркениет жолы» атты пікір алмасу өтті. Латын әліпбиіне көшу бастамасы қазақстанның рухани болмысы мен қоғамдық ой- санасын өзгертіп, оны жаңғыртуға зор үлес қосары анық. Латын графикасы жер жаһанға кең таралғанының арқасында жастарымыз ғаламтор арқылы ақпарат айдынына еніп, білім мен ғылым саласындағы кеңістікке қол жеткізеді. Латын әліпбиіне көшу –қазақ халқының алға жылжуын, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуде деп кітапханашы баяндама жасап, пікір-алмасу барысында Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектептің оқушылары: Әуез Самал, Қуандық Бахтияр, Орасхан Мирас өз пікірлерін айта отырып Латын әліпбиі жастарға қажет екендігін айтты.
***
***
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     22 қыркүйек - Қазақстан Халықтарының Тілдер күні орай «Тілдің мерейі-елдің мерейі» атты әдеби-ойын кеші орталық кітапхананың оқу залында өтті. Мақсаты: Оқырмандардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру,тілді құрметтеу, тіл-біздің ертеңіміз, тіршілігіміз, өміріміз екенін түсіндіру және сөздік қорын молайту, ана тіліміздің қадір-қасиетін бойына дарыта білуге тәрбиелеу. Әдеби-ойын кешінде оқушылар тіл туралы өлеңдер оқып, тілге байланысты нақыл сөздердін ұйқасын тауып, портреттік галерея ойыны ойнатылды. Іс-шара соңында "Тіл тәуелсіздігі - ел болашағы" атты кітап көрмесіне Абдыкадырова Ельмира таныстырды.
***
***
***
***
 
 
 
 
 
 

 

 
 
 
 

 

Жаңа түскен әдебиеттер

Сіздің жасыңыз?
15 жастан 25 жасқа дейін
0%
26 жастан 40 жасқа дейін
100%
40 жастан жоғары
0%
Всего голосов: 1