Іс-шаралар

Осы байқауға облыстан, ауданымыздан келген құрметті қонақтарымыз: Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана директоры Абдинова Эльмира Елеусізқызы, Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана директорының орынбасары Жеңсікбаева Мақтақыз Зиятбекқызы және Құжаттарды жинақтау, өңдеу және каталогтар ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Қапарова Жазира Құлжанбайқызы, Шу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қожағаппанова Клара Исаққызы, Әлем Халықтар жазушылар Одағының мүшесі, ауданымыздың Құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Уақтегі Мәкен, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Асқартегі Базарбай Мамытұлы, Шу ауданы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Алжанбаева Бағдагүл Даулетқанқызы.

 

Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері, Бауыржан Момышұлының «Батыр шапағаты» медалінің иегері, ақын, термеші, жерлесіміз Аяз Бетбаевтың өнер жолын насихаттау барысында «Күміс көмей, жезтаңдай-сыршыл ақын» атты әдеби сазды кеш қонақжай кеші облыстық «Ең үздік ауылдық кітапхана» байқауы аясында өтіп отыр.

 

Қонаев ауылдық Облыстық «Ең үздік ауылдық кітапхана» байқауының басталу сәті.

 

Бүгін жерлесіміз, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері. Күйші, композитор Әбдімомын Желдібаевтың 80 жас мерейтойына орталықтандырылған кітапхана жүйесі мәдениет үйінің фойесыне қойылған кітап көрмесі және фотогалерея ұйымдастырып, келген қонақтарды Ә.Желдібаевтың фотолары таныстырылды.

 

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасы аясында сөзге шешен, ойға тапқыр, қайырымдылыққа қолы ашық, тарихқа да, шежіреге де терең үңіле білетін «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер, күйші-композитор Әбдімомын Желдібаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Күй көкесі – Әбдімомын» атты кездесу кеші ұйымдастырылып өтті. Іс-шараның мақсаты: оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу, күй өнерін насихаттау. Кітапханада мерейтой иесіне арналған «Өнегелі өмір – өшпес мұра» атты кітап көрмесі қойылды. Кітапхананың тұрақты оқырманы Болатбек Ернар «Ерке сылқым» күйін шертіп берді. Өткен ғасырдың 70 жылдарында дүниеге келсе де, күні бүгінге дейін маңыздылығын жоғалтпаған «Ерке сылқым» күйін білмейтін қазақ кемде кем шығар… Кеш соңында Әбдімомын атамыз балаларға ақ батасын беріп, кітапхана меңгерушісі Сәрсенкүл Ахашқызы ізгі тілікпен сөзін қорытындылады.

 

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінде талқыланған мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандарттарын енгізу мәселесі бойынша желілік кестеге сәйкес 20 қыркүйек күні сағат 11 00-де орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша өткізілген «Мемлекеттік тіл – менің болашағым» атты латын әліпбиіне көшу туралы конференция өткізілді. Мақсаты: Мемлекеттік тілді құрметтеп, ана тіліне деген сүйіспеншілігін, ынтасын арттыру.

 

22 қыркүйек – Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күніне орай балалар кітапханасында 19 қыркүйек күні «Тіл тағдыры – ел тағдыры» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларға қазақ тілін білудің маңызын айту. Туған халқының өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу. Іс-шара барысында жүргізушілер тіл туралы түсінік беріп өтті. Балалар кітапханасының меңгерушісі Сәрсенкүл Ақышқызы кітап көрмесімен таныстырып, дәйек сөздерге тоқталды. М.Мақатаев атындағы ТР мектебінің 8 сынып оқушылары жырдан шашу шашып кеш көркін қыздыра түсті. Кеш соңында туған тіліміз Қазақстан халықтарының мақтаныш мәртебесі, бойымызға дарыған туған тілімізді ұмытпай, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, қазақ тілі мемлекетімізді өркендетуге себепші болатын қуатты күш, халқымыздың мәдени дәрежесін көтеретін мәндетіміз деп қорытынды жасады.

 

06 қыркүйек күні Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде «Ақпараттық технологиялар және ресурстар» атты семинар-кеңес өткізілді. ОКЖ директоры Б.Алжанбаева алдағы жоспарлар мен міндеттерге тоқталып семинар-кеңесті ашты. Кеңес барысында «Заманауи кітапхана ақпараттар желісінде» тақырыбында кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі Э.Раканова, «Заман талабына сай ақпараттық ресурстардың дамуы» тақырыбында №2 қалалық кітапхананың кітапханашысы А.Нұрлыбаева сөз алып өзіне міндеттелген тақырыпты аша түсті. Сондай-ақ Жайсан ауылдық кітапхананың кітапханашысы «Заманауи кітапхананың бүгінгі келбеті» тақырыбында кітапханашыларға қазіргі кітапханаға уақыт өз өрнегін салған. Заман талабына, оқырман сұранысына қарай жабдықталуда деп сөзін аяқтады. Төле би ауылдық балалар кітапханасының меңгерушісі С.Ержанова «РАБИС бағдарламасы бойынша мерзімді басылымды салу» кітапханашыларға толық түстіндіріп өтті.

 

30 тамыз Конституция күні мерекесіне орай 2017 жылдың 29 тамыз күні №1, №3 қалалық және Еңбекші, Жаңа жол ауылдық кітапханаларда «Заңды білу, заман талабы» ауызша журнал, «Ата Заң – азаттық, болашақ бағдары» дөңгелек үстел, «Ата Заң – азат заңымыз халықтың саналы таңдауы», «Біздің Ата Заңымыз халықтың саналы таңдауы» тарихи сағаттар және т.б іс-шараларды кітапхана қызметкерлері ұйымдастырып өткізді.

 

Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша тамыз айының 28-ші жұлдызы мен қыркүйек айының 1 аралығында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын оқырмандар арасында насихаттау барысында «Қазақ тілінде 100 жаңа кітап» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

26 тамыз күні Белбасар ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Ата Заң білу – заман талабы» тақырыбына дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

 

30 тамыз Конституция күні мерекесіне орай 24 тамыз күні №2 қалалық кітапханада «Конституция қорғаным» атты дайджест кітапхананың оқу залында өтті. Іс-шараның мақсаты: Адам құқықтары туралы түсінік беру. Құқықтық сауаттылыққа және Отанын сүйетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу. Іс-шараны кітапханашы Р.Нуртаева жүргізді: Конституцияны қатаң ұстану – бұл мемлекеттіліктің табысты дамуының және қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі. Ол бойынша өмір сүру – бұл демократияның ең жоғарғы мектебі. Бұл мектептен барлығымыз өтуге тиіспіз. Біздің міндет – Конституцияға аса ұқыптылықпен қарау». Бір сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деген еді. Шындығында кез келген мемлекеттің ұстанымын, ұлтының құндылығын айқындайтын негізгі Құжат – Конституция. Ең бастысы, Қазақстан мемлекеттігінің нығаюына, еліміздің дамуына, халқымыздың өсіп-өркендеуіне негіз қалап берген Конституция Тәуелсіздігімізді тұғырлы етуге де әлеуетті екенін танытып отыр. Ендеше, әрбір қазақстандық Ата Заңымызды сыйлап, құрметтей білсе, сол игі! Дайджестке 11 оқырман қамтылды.

 

Алда келе жатқан 30 тамыз күні Конституция күні мерекесіне орай 2017 жылдың 24, 25, 26 тамыз күндері өзімізге бекітілген көшелерді және өз мекемеміздің ауласын абаттандыру және санитарлық тазалау мақсатында сенбілік өткізілді.

 

14 шілде күні Ақтөбе ауылдық кітапханасының кітапханашысы К.Инкарбекова «Қазақтың көрнекті ақыны» атты сыр сандық ұйымдастырып өткізді. Өздеріңізге таныс қазақ халқының ХХ – ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, демократ ақын – жазушысы С. Торайғыровтың шығармалары биылғы жылы «Бір ел –бір кітап» акциясы аясында таңдалынып отыр. Сыр сандықтың басты мақсаты оқырмандарға жалындаған жас ғұмырын еліне, халқының болашағына арнап, қазақ халқының күйінің тұмшалаған қараңғылығына налып, білімді, сауатты, жан – жақты оқыған, жаңашыл қоғамның өмірін аңсап, армандап кеткен дара ақын С. Торайғыровтың шығармаларын насихаттау. Жалындаған жас ғұмырын еліне, халқының болашағына арнап, қазақ халқының тұмшаланған қараңғылығына налып, білімді, сауатты, жан – жақты оқыған, жаңашыл қоғамның өмірін аңсап, армандап кеткен дара жазушы. Ақынның өмір жолы, шығармашылығы жайында үстел бетіндегі сыр сандықтан алынған әдеи кейіпкер туралы дәйекті сөздер мен кітаптар арқылы баяндап айтылды. Іс-шараға Ақтөбе ауылы әкімшілігінің маманы Рахымбай Азамат, ауыл тұрғындары, оқушылар қамтылды.

 

Бүгін Шу аудандық орталық кітапханаға Түркия елінің Тарих және Мәдениет Қауымдастығының жоба үйлестірушісі Лахаева Асель орталық кітапхананың директоры Б.Алжанбаеваға «Атажұрттың анажұрттағы іздері», «Ежелгі Тараз ескерткіштері» атты 3 тілде жазылған кітаптарды сыйға тарту етті.

 

Бүгін Астана күніне орай кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Мәдениет үйінің фойесында «Астана – Қазақстанның жүрегі» атты кітап көрмесі және фото стендтер қойылып безендірілді.

 

Бүгін 6 шілде Астана күніне орай велошеруге кітапхана қызметкерлеріде өз үлестерін қосты.

 

5 шілде күні Шу аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі және балалар кітапханасының қызметкерлері «Елордамыз – Астана» атты әдеби микс ұйымдастырып өткізді. Әдеби микске М.Әуезов атындағы орта мектеп және М.Мақатаев атындағы Тірек мектебінің оқушылары қатысты. Іс-шараның мақсаты: Оқырмандарға еліміздің бас қаласы – Астана туралы деректер беру, ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін арттырып, тіл байлықтарын дамыту. Қазақстан Республикасының орталығы Астана қаласын мақтан тұта білуге тәрбиелеу және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, елжанды адам болуға тәрбиелеу. Астана – дүниежүзілік сахнада бейбітшілік пен келісім ордасы. Астана – батыс пен шығысты байланыстырып жатқан алтын көпір. Астана – республикасының киелі құндылығы. Қазіргі уақытта Астана ең алдымен бүкіл Қазақстанның бейнесін айшықтайды. Күллі әлем оны түсінеді, таниды деп кітапханашы Е.Абдыкадырова қысқаша мәлімдеме беріп өтті. Іс-шарамызға 15 оқырман қамтылып, тақырыптық сөремен С.Мейрманова қатыныстырып өтті.

 

21 маусым күні балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Жеңіс» саябағында » Ертеңіңді ойласаң – есірткіге жолама» атты флешмоб өткізілді. № 10 Шу колледжінің студентері мен кітапханашылар үгіт-насихат қағаздарын таратты. Мақсатымыз жастарға салауатты өмір салтын дәріптеу, адам өміріне зиянды заттарға жоламауға үндеу.

 

14 маусым күні Балалар кітапханасында «Бір қоржын кітап» акциясы аясында атты іс- шара өткізілді. Балхожиева Дәния бастаған әр мектептен жиналған оқушылар балалар кітапханасына экскурсияға келді.

 

12 маусым күні Балалар кітапханасында «Табиғат туған анамыз» атты іс- шара ұйымдастырылып өткізілді. «Жерұйық» жас натуралистер станциясының қызметкерлері қатысты. Мақсаты: Оқырмандарға табиғат жайлы түсініктеме беру, оны қорғауға насихаттау.

 

13 маусымда №2 Шу қалалық кітапханада «Ертегілер елінде» атты сайысы ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Балалардың ертегіге деген қызығушылығын арттыру. Оқушылар екі топқа бөлініп жарысты. Әділқазылар бағалап, жеңімпаз топты анықтап марапаттады. Соңында «Ер төстік» ертегісін балалар интербелсенді тақтадан тамашалады.

 

2017 жылдың 15 маусымында Шу ауданына Астана қаласындағы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне аттанатын «Ұлы Жібек Жолы Көне Тараздан асқақ Астанаға тарту» атты керуен көшін қарсы алуға кітапхана қызметкерлері де өз үлестерін қосты.

 

Орталық кітапханада Кәсіби білімін жетілдіру мақсатында «Мүмкіндігі шектеулі азаматтар өмірінде кітапхананың алатын орны» тақырыптық семенар – кеңес өткізілді. ОКЖ бойынша кітапханашылардың . «Кедергісіз келешек», «Рухани кәусар сыйлайтын кітапхана», «Көп оқы, көп білуге ұмтыл». Кітапхана жұмысына байланысты эр түрлі мәселелер бойынша талқыланып тағы да басқа баяндамалар оқылды.

 

13 маусым күні балалар кітапханасында » Өз дәуірінің перзенті» Н. Оразалин 70 жасқа толуына орай өмірбаяндық шолу өткізілді. Мақсаты: Оқырмандарға Н.Оразалиннің өмірі мен шығармашылығын таныстыру, ақын шығармаларын насихаттау.

 

12 маусым күні балалар кітапханасында «Кітаби жаз! Мен сенімен біргемін» атты акция аясында іс-шара ұйымдастырылды. Е. Бекмаханов атындағы орта мектебінің 1 сынып оқушылары, сынып жетекшісі Палаубек Сауле бастаған бір топ оқушылар балалар кітапханасына саяхат жасады. Кітапханаға келген оқырмандарды жаңа келген кітаптармен таныстырылып, балалар дыбыстандырылған кітаптарға қызығушылық танытты.

 

7 маусым күні Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітапханашы мамандығының болашағы бар ма және заманауи кітапханашы қандай болу керек?» атты Skype-зертхана шығармашылық алаң онлайн жүйесінде орталық кітапханасының кітапханашысы Ә.Қылышбаева «Кәсіби шыңдалған кітапханашы деген кім, оның бүгінгі сипаттамасы қандай? Ол қандай қасиеттерге ие болуы керек?» тақырыпқа өз пікірін білдірді.

 

№1 қалалық кітапханада «Жаса мәңгі, ана тілім, жан тілім!» атты поэзия кеші өтті. Мақсаты: Оқырмандарға туған тілге сүйіспеншілігін арттырып өз құдыретін терең түсінуге, мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың айтқандарын еске алу, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Іс –шараға Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің оқушылары катысты.

 

Балалар кітапханасында «Рәміздеріміз-елдігіміздің айшықты белгісі» атты тәрбие сағаты өткізілді. Іс – шараға М. Мақатаев атындағы орта мектептің 5 сынып оқушылары қамтылды. Іс-шараның мақсаты: Оқушыларды Мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру.

 

Бүгін орталық кітапханада оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен 4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерінің 25 жылдығына орай «Ел Рәміздері – ел рухы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға Нұр Отан партиясы Шу аудандық филиалының консультанты А.Р.Алдан, «Жастар ресурстық орталығы» КММ дін істер және ақпараттық талдау бөлімінің аға кеңесшісі М.Н.Атайбеков және №10 Шу колледжінің ұстаздары мен білімгерлері, С.Шәкіров атындағы орта мектебінің мұғалімі Х.Сайыпқызы қамтылды. Мақсаты: Ел Рәміздері, рухани байлығымыз, ұлттық белгіміз екенін, оның нышанын таныта білу. Болашаққа сенім мен қадам басу, жас ұрпақты Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, егемендігіміздің берік негізінің бірі. Рәміздер жалпыұлттық және біріктіруші күш ретінде бағаланады.

 

Бүгін орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша Балуан Шолақ, Көкқайнар, Бірлікүстем, Белбасар ауылдық кітапханаларының ұйымдастыруымен 1 – маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Балауса балалар әлемі», «Бүлдіршіндер болашағы елімнің», «Балауса бағым, шаттық пен қуаныш», «Ұрпақ болашағы ұлт болашағы» атты флешмоб, тәрбие сағаты, тақырыбына кітапханаға саяхат ұйымдастырып, өткізілді.

Опубликовано Шу Аудандық Орталық Кітапханой Четверг, 1 июня 2017 г.

 

Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күніне Аудандық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету және ақпараттық библиографиялық қамтамасыз ету және кітапхана процестерін автоматтандыру бөлімдерінің ұйымдастыруымен «Бақытты балалық шақ» атты әдеби ойында балалар жерге әр түрлі бейнеде суреттер салып өз өнерлерін ортаға салды. «Ертегілер еліне саяхат» атты мульт топтамалар интерактивті тақтамен көрсетіліп, мерекелерімен құттықтап, балмұздақтар таратылды. Бүгінгі іс-шараның мақсаты: жас оқырмандарды кітапханаға тарту және кітапхананы таныстыру.

 

1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған Даңқ аллеясы саябағыда балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Базарымыз – балалар» атты көшпелі кітап көрмесі ұсынылды.

 

1- маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне балалар кітапханасының ұйымдастыруымен, мүгедек балаларды оңалту орталығына барып «Базарымыз – балалардың бал күлкісі» атты әдеби микс өткізілді. Балаларға кітапханаға жаңадан келіп түскен сөйлейтін кітаптардан көрме жасалып таныстырылды. Балалар жаттап келген тақпақтарын айтып, сыйлықтар ұсынылды. Оңалту орталығының әдіскерлері Шарипова Меруерт пен Асанбек Назерке «Алтын кілт» ертегісіне көріністерін ұйымдастырып, көрермендерге ұсынылды.

 

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Жаңа жол, Сауытбек, Далақайнар, Бірлік, Қонаев, Көкқайнар, Балуан Шолақ ауылдық кітапханаларында «Қазақстан – Отаным ынтымақ, бірлік бастауы», «Халқым деп қасірет шеккендер», «Жазықсыз құрбан болғандар», «Шерлі кезең шежіресі», «Тарихтың ақтаңдақ беттері», «Зұлмат жылдар жаңғырығы» атты іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Оқырмандарға қазақ халқының басынан өткен қиыншылықтарын айта отырып, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу, бүгінгі ұрпақтың парызы екендігін ұғындыру, зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндігін аңсаған ұлт зиялыларын еске алу.

 

Бүгін Шу аудандық орталықтандырылған кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен «Кітапхана ғажайып қазына» атты мерекелік кеш кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен өткізілді. Бұл мерекелік кештің мақсаты: Еш уақытта маңызы жойылмайтын кітапты насихаттау, кейінгі ұрпаққа бабалар аманатын жеткізу – кітапханашылардың міндеті қазіргі таңда орасаң зор. Бұл да болса кітапханашылардың беделінің қоғам алдында өсуі, қоғамдағы құбылыстарға жауапкершілікпен қарауының нәтижесі.

 

Бүгін №1, 3 қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен 31 мамыр қуғын сүргін құрбандары күніне арналған «Қасіретті тағдыр беттері» атты кездесу кеші болып өтті. Кездесу кешіне Шу аудандық ардагерлер мүшесі Д.Бейсенбаева, Б.Оңалбаева қатысып, өз ойларын ортаға салды. Іс-шараның мақсаты: Оқырмандарға саяси қуғын-сүргін құрбандары жөнінде оқиғаны оқушыларға дұрыс терең түсінік беру. Олардың саяси санасын ояту, оқушылардың адамгершілік көз қарастарын қалыптастыру. Оларға қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңге солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мағлұмат беру. Олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу. «Зұлмат жылдар жан жарасы» атты кітап көрмесіне кітапханашы Ғ.Темірғалиева шолу жасап өтті.

 

№2 қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен «Жазықсыз жазаланған жайсандар» атты тарихи сағат темір жол колледжінің білімгерлерінің қатысуымен өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған ақын жазушылардың ерлігін үлгі өнеге ету. Білімгерлердің патриоттық сезімдерін, адамгершілік қасиеттерін дамыту. «Қанмен жазылған хат» және «Қазақ қасіреті» бейнероликтері көрсетілді. 31 мамыр «Саяси қуғын –сүргін құрбандарын еске алу» атты көрмемен Б.Нуртаева таныстырды. Көрменің мақсаты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу. Олардың өмір жолдарымен оқырманды тереңірек таныстыру, өткен тарихымыздан тағылым ала отырып, бүгінгі ұрпаққа әр кітап арқылы өнегелі тәрбие беру, оларды Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары болуға баулу, олардың санасына тарихи шындықты жеткізу. Өткенді ескермей болашақты құру мүмкін емес екендігін айту.

 

17 мамыр күні Шу Аудандық Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Шу ауданының «Құрметті азаматы» ақын-сазгер Исаева Бақыт Ақышқызының «Біз-болашақ» атты шығармашылық кешіне арналған, Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Біз – болашақ» атты кітап көрмесі көрермендер назарына ұсынылды.

 

16 мамыр күні №2 қалалық кітапхананың оқу залында «Табиғатты аялау-халық даналығы» атты дайджест «Жас ұлан» клуб мүшелері арасында ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараны кітапхананың қызметкері Р.Нуртаева жүргізді. Адамның өзі Табиғат пен Жер – Ананың перзенті. Жер – Ананы сүйе білу оны аялау – адамның азаматтық борышы. Табиғатты қорғау – бәріміздің борышымыз. Біз жас ұрпақ – табиғат қорғаны. Атадан балаға мирас болып келе жатқан табиғатымызды көздің қарашығындай сақтап, анамыздай аялап келер ұрпаққа таза күйінде қалдыруымыз керек. Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі.

 

Бүгін Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен «Отбасы тәрбие ошағы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға қатысқан қонақтар Нұр Отан партиясы Шу аудандық филиалының консультанты А.Р.Алдан, «Болашақ» Жастар орталығының маманы Б.С. Досекеева және № 10 колледжінің ұстаздары мен білімгерлері. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың өз отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру, ата-аналарын қадірлеп сыйлай білуге тәрбиелеу, оқушылардың өз ортасына деген мейірімділік сезімін ояту, олардың ой-өрісін дамыту, ата-ана мен бала арасындағы ынтымақты нығайту, татулыққа, бірлікке шақыру. Отбасы-қоғамның ең кіші бөлігі. Отбасы адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасының басты қызметі-баланы тәрбиелеу. Әке-отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі деп білсек, ана – ұйытқысы, жылуы, шуағы. Іс-шараға 60 оқырман қамтылды.

 

Бүгін Қонаев, Бірлікүстем, Жаңа жол ауылдық кітапханаларының ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Торайғыров – Ұлы Абай дәстүрін жалғастырушы» тақырыбында әдеби кеш өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Торайғыров шығармашылығын айта келе, қазақ халқының ілгері дамуына, қазақ халқы рухани мәдениетінің өркендеуіне көп еңбек сіңірген, өзінің жарқын бейнесімен, өміршең асыл мұрасымен халықты Отанын, жерін сүюге үйретіп, еңбекке жұмылдырып тәрбиелі, мағыналы мұра қалдырған ақын шығармашылығын бүгінгі өскелең ұрпаққа насихаттау. Іс-шара аясында Сұлтанмахмұттың өкініші жайлы роман трилогиясынан, Оралхан Бөкеевтың «Сарыарқаның жаңбыры» шығармасынан Сұлтанмахмұттың Әбдікәрім болыспен алғашқы алғашқы жүздесуі үзінділерінен кітапханашылардың орындауында сахналық қойылым қойылды.

Опубликовано Шу Аудандық Орталық Кітапханой Четверг, 11 мая 2017 г.

 

№2 қалалық кітапханада Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы мақаласы аясында «Рухани дәстүр» атты библиошар теміржол колледжі білімгерлерімен өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Білімгерлерді өзінің туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру және дәстүр арқылы ой-өрісін дамыту рухани байлығын толықтыру.

 

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 25 жылдығы арналған Далақайнар ауылдық кітапханасында «Қорған болар сарбазың» атты библиошар өтті.

 

Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша 9 мамыр Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай Аудандық орталық кітапхана, №3 қала, Шоқпар, Бірлікүстем, Балуан Шолақ, Қонаев ауылдық кітапханаларында «Сарғайса да тарихтың ақ парағы, Ұлы Жеңіс мәңгілік сақталады», «Ұрпаққа ұран болған», «Ерлікті ұлықтаған ел», «Еңсесі биік Ұлы Жеңіс», «Жеңістің даңқы мәңгілік» атты еске алу кештер, әдеби кештер, тарих сағаттар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

 

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығы және 9 мамыр- Ұлы Жеңіс күніне орай «Сарғайса да тарихтың ақ парағы, Ұлы Жеңіс мәңгі есте сақталады» атты кездесу кеші Шу аудандық орталық кітапхана қызметкерлері Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған көрініс көрсетіп, кездесу кеш ұйымдастырды. Іс-шарамызға Ұлы Отан соғысы ардагері Мұсаев Ибрагим және соғыс кезінде тылда қызмет еткен Чекаева Накия ата-апаларымыз қатысып өз ойларын ортаға салды.

 

1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесіне орай орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастырумен Төле би ауылының «Даңқ аллеясы» және Шу қалалық «Теміржолшылар» саябақтарына кітап көрмелері қойылып көпшілік қауымға таныстырылды. Халық көріп тамашалап ризашылықтарын білдірді.

 

Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен кітапхана қызметкерлерінің кәсіби шеберліктерін арттыру және үздіксіз білімін жетілдіру мақсатында өткен дәріске Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің 2 қызметкері қатысып, сонымен қатар 1 мамыр – казақстан халқының бірлігі күніне орай «Достығымыз жарасқан» атты мерекелік кештерін тамашалап қайтты.

 

Бүгін орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен 1 мамыр – қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Тәуелсіз Қазақстан – бірлік пен татулықтың мекені» атты оқырмандар конференциясы ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шарамызға Нұр Отан партиясы Шу аудандық филиалының консультанты Алдан Алмас Рахметілдаұлы және Бекмаханов атындағы мектеп гимназиясының оқушылары қатысып өз ойларын ортаға салды.

 

23 сәуір күні дүниежүзілік кітап күніне орай Балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Раушан» балабақшасындағы жас оқырмандарымызға сөйлейтін кітап тұсаукесерін ұйымдастырып өткізілді.

 

22.04.2017 жылы «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» акциясы аясында аудандық кітапхана қызметкерлері мекеменің жан-жағына гүл және тал көшеттерін отырғызды.

 

Бүгін №2 қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебінің 5 сынып оқушыларымен «Террорды тоқтау-тәуелсіздікті нығайту» атты тәрбие сағаты өткізілді.

 

«Әлемді кітап арқылы танимын» ең көп оқитын оқырмандар арасында өтетін «Ескен Елубаевтың оқулары» атты аудандық байқауына қатысқан жеңімпаздарды марапаттау үстінде. 7-10 жас аралығындағы үміткерлеріміз Еркебай Еркетай ІІІ орын иегері, Колабаев Рашид ІІ орын, Қартеңбай Аделя І орын. Бас жүлде иегері сондай-ақ Облыстық байқауға жолдама алған үміткер Бодаубек Назерке. 10-15 жас аралығындағы марапатқа ие болған үміткерлеріміз ІІІ орын бойынша Болат Нұрталап, ІІ орын иегері Нұрғожа Әсел, І орын Малахан Фариза, Бас жүлде иегері және Облыстық байқауға жолдама алған үміткер Ахтай Жансая.

 

Байқау шарттары бойынша: «Портрет галерея» және «Әдеби бәйге» деңгейінің өту сәті.

 

Бүгінгі байқауға қатысушы үміткерлерге әділ баға беретін әділ қазы алқалары Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры Инкарбекова Гүлфайруз Қапаровна, Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының әдіскері Таттимбетова Жанар Мухтаровна, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Шу ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Байжол Қуантай Халықұлы, Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Алжанбаева Бағдагүл Дәулетканқызы.

 

Дәл қазір орталық кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен Шу қалалық мәдениет үйінде «Әлемді кітап арқылы танимын» атты аудандық байқаудың басталу сәті.

 

Бүгінгі «Бір ел – бір кітап» – 2017 акциясына жыл кітабын таңдау отырысында жалпы халықтық оқуға ақын, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары таңдалып алынғаны белгілі. Осыған орай Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам» атты әдеби вебинар онлайн жүйесінде өту сәті.

 

Дәл қазір Аудандық кітапхананың оқу залында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыруы атты мақаласы кітапхана ұжымымен талқылануда. ОКЖ-нің директоры Б.Алжанбаева мақаланы талқылау барысында біз, қазақ ұлты рухани жаңғыру арқылы өркениетті әлемнің ажырамас бөлігіне айналуымыз керек. Сонымен қатар Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыруы» атты мақаласы – қазақстандықтардың қолдауына ие болған тарихи бастама деп айтып өтті. Әрбір қатысқан қызметкерлер өз ойларын ортаға салды.

 

Балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Мүмкіндігі шектеулі балаларды қорғау» орталығында «Кітап әлеміне саяхат» атты тақырыбына әдеби микс ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Балаларға арналған суретті, құрастырмалы, ертегі кітаптарды насихаттау.

 

№2 кітапхананың ұйымдастырумен Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектептің 9 сынып оқушылары арасында өткізілді. «Бейбіт күннің батырлары» атты ауызша журналды кітапхана меңгерушісі Б.Нуртаева айтып өтті. Қазақстан үшін ерекше күн. Өйткені бірінші жер серігі де, бірінші адам да әлем бойынша біздің еліміздің жерінен, Байқоңырымыздан ұшты! Сондықтан Қазақстанды ғарыштың кіндігі деуге болады. Ғарыштың пайдасын да, қиындығын да көрді, азабында да шектік. Бірақ, жалпы алғанда, адамзат баласына аспан әлемінің керек екендігі ешқандай дәлелдеуді қажет етпейді деді.
Ауызша журнал үш беттен тұрады.
1. АТЫ АҢЫЗҒА БЕРГІСІЗ
2. «…НАР ЕМЕС ДЕСЕҢ НАНҒЫСЫЗ»
3. АЛАШТЫҢ АЙДЫНЫ атты.

 

Далақайнар ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен ауыл мақтанышы аға шопан Жарас Оспанбеков атамыздың 80 жылдығына орай «Еңбекпен есейгендер» атты әдеби қонақжай кеші өтті. іс-шараға ауыл ақсақалдары, мал шаруашылығында еңбек еткен шопанның замандастары, бауырлары, кітапхана оқырмандары қамтылды. Кеште ән шырқалып, күмбірлетіп күй тартылды, естеліктер айтылып, слайд көрсетілді. Кеш тартымды әрі қызықты өтті.

 

Бүгін №3 қалалық кітапханада «Асқақ арманды ақын» атты поэзия кеші өткізілді. Кеш барысында ұлттық әдебиетіміздің кемеңгері ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың әдеби шығармашылығы, көрнекті мұрасы- халқымыздың рухани саласындағы аса елеулі қазынасы екеніне көз жеткізіп, оқушылар ақынның «Шығамын тірі болсам, адам болып», «Сүйемін туған тілді – анам тілін», «Кедейлік» , «Бір адамға» өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

 

3 сәуір күні №1 қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен, 2 сәуір дүниежүзілік кітап күніне орай «Кітап – алтын қазына» атты көшпелі кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көшпелі кітап көрменің мақсаты: жастарды кітап оқуға қызықтыру, оны таза, ұқыпты ұстауға үйрету. Кітаптың пайдасы мен маңыздылығын ұғындыру.

 

Бүгін Аудандық кітапхананың оқу залында оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Асқақ арманды алаш ардағы» атты библиошар ұйымдастырды.

 

Бүгін Қонаев ауылдық кітапханасында «Ұрпақтың амандығы – ұлттың саулығы» тақырыбына флешмоб ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараға кітапхананың тұрақты жас оқырмандары қамтылды.

 

7 сәуір күні Жаңа жол ауылдық кітапханасында «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» тақырыбында эко саяхат ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды табиғатты аялауға, күтіп ұстауға шақыру, құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.

 

3 сәуір күні №1 кітапхананың оқу залында Облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен тілдік орта қалыптастыру мақсатында құрылған «Тілдік алаң».

 

5 сәуір күні Аудандық мәдениет үйінің фоесінде Аяз Бетбаевтың-75 жылдық мерей той шығармашылық кешіне арналған Шу аудандық кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен ақынның өмір жолындағы фото көрмесі қойылды.

 

17 наурыз күні Балалар кітапханасында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Іс-шара соңында оқырмандарымызға кітапхана ұжымы ұйымдастырған Наурыз көже берілді.

 

Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамын ерекше жағдайда 16-22 наурыз аралығында «Жүрегім толы мейірім», «Қуаныш жан шуағы», «Қазақстан ұлт пен ұлыстардың алтын ұясы», «Жақсылық жасауға асығайық» атты қайырымдылық жасалып, іс-шаралар ұйымдастырылды.

 

Ақпараттық библиографиялық қамтамасыз ету және кітапхана процестерін автоматтандыру бөлімінің ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамы ерекше жағдайда аталып өтуіне байланысты 17 наурыз «Ынтымақ күніне» арналған «Қазақстан Ұлт пен ұлыстардың алтын ұясы» атты мерекелік іс-шара орталық кітапхананың оқу залында өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен өткізілді.

 

Еңбекші ауылдық кітапханада 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана – өмірдің гүлі» атты кездесу кеші ұйымдастырылып өткізілді.

 

ОКЖ бойынша Балалар кітапханасында «Болашақ бүгіннен басталады», №1 қалалық кітапханада «Мың алғыс та аз болады» атты тәрбие сағаты және Сауытбек ауылдық кітапханасында «Бірлігі күшті ел озады» тақырыбында әңгіме ұйымдастырылып өткізілді.

 

Бүгін Аудандық кітапхананың оқу залында 1 наурыз Алғыс айту күніне ұйымдастырылған «Татулықтың тұтқасы – бірліктің бесігі» атты әдеби қонақжай кеші өткізілді. Кештің мақсаты: Қазақстанның көп ұлтты халқының татулығын, ынтымақтастығын паш ету. Бүгінгі кеш Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдеріне деген сыйластықтың, құрметтіліктің, парасаттылық пен ынтымақтастықтың айғағы. Кеш қонақтары алғыстарын айтты.

 

27 ақпан күні №1 қалалық кітапханада «Дін және қоғам» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Діни экстремизмнің алдын алу бойынша жастардың діни сауаттылықтарын ашу. Терроризм мен діни ағымдардан сақ болуға шақыру, жастарды Отансүйгіштікке тәрбиелеу; Іс-шараға «Дін – ел бірлігінің ұйытқысы» атты кітап көрмесі қойылды.

 

Бүгін Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері, Шу ауданының «Құрметті азаматы», ақын, термеші Аяз Бетбаевтың 75 жылдығына арналған «Күміс көмей, жезтаңдай – сыршыл ақын» атты әдеби сазды қонақжай кеші Сауытбек ауылдық кітапханасында өткізілді. Бүгінгі қонақжай кештің қонақтары Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі,өлкетанушы Мәкен Уақтегі және Аяз Бетбаевтың шәкірті,Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Шу ауданының «Құрметті азаматы» Базарбай Асқаров шақырылды. Бұл іс-шараның мақсаты: Туған өлкеден шыққан ақын-сазгеріміздің жыр-жинақтарын оқырмандарға кеңінен насихаттау.

Опубликовано Шу Аудандық Орталық Кітапханой Среда, 22 февраля 2017 г.

 

«Ауған жерінде ізі қалған» атты кездесу кеші Көктебе ауылдық кітапханасында ұйымдастырылды. Ауған соғысының ардагері Талап Махамадиев қатысып, өз ойын ортаға салды.

 

Бүгін Далақайнар ауылдық кітапханасында Ауғанстан аймағынан Кеңес Одағы әскерлерінің шығарылғандығына 28 жыл толуына орай «Ауғанның от жалыны» атты кездесу кеші болып өтті. Ауыл ақсақалдар төрағасы Ж.Балтабаев, ауыл әкімшілік мамандары, «Парасат» әуесқойлар клубының мүшелері және кітапхана оқырмандары атсалысты.

 

Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты кезекті Жолдауын насихаттау барысында іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.

 

13 ақпан күні №3 қалалық кітапханада «Қасірет шектірген қанды майдан» атты саяси сағат өтті. Оқырмандарға Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу, жас ұрпаққа патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету. Отан үшін отқа түсіп, қыршыннан қиылып жат жерде көз жұмған жерлес азаматтарымызды еске алу, жауынгерлердің қысқа ғұмырынан үлгі-өнеге ету. Ауған соғысында опат болған ағаларымыздың рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу. Саяси сағат барысында жас оқырмандар Ауған соғысының ардагеріне сұрақтарын қойып, естелік әңгімелерін ұйып тыңдады.
«Ауған жерінде ізі қалған…» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге кітапханашы шолу жасап өтті.

 

Бүгін Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайреткері, «Құрмет» орденінің иегері, Шу ауданының «Құрметті азаматы» ақын, сазгер, термеші Аяз Бетбаевқа арналған «Жыршы, сазгер» атты дайджест №2 кітапханада ұйымдастырылып өткізілді. Ұлттық құндылықтарымызды жастарға жеткізу, дәстүрлі өнеріміздің қадірін арттыру, Шу өңірінен шыққан жыршы, термеші, ақын Аяз Бетбаевтың шығармашылығын ұрпақтарға насихаттау.

 

Кітапханашылар Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауымен танысты. Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында ел дамуына тың қарқын беретін жаңа бағдарды ұсынды. Кітапханашылар өз ойларын ортаға салып, Қазақстан елі кейінгі ұрпағы үшін бұдан да өсіп өркендеген елге айналатына сенім білдірді.

 

Бүгін Мәдениет үйінде «Діни экстремизм және жастар» атты дөңгелек үстел аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен өткізілді. Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы, аудандық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Н.Ж.Абай, «Жастар ресурстық орталығы» КММ істер және ақпараттық талдау бөлімінің аға кеңесшісі М.Н.Атайбеков, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының бас маманы Б.Әлиұлы, Шу аудандық істер бөлімінің полиция аға лейтенанты Д.Т.Сабиев, Аудандық ардагерлер кеңесі төреалқа төреғасының орынбасары Ш.Малдыбаев қатысып өз ойларын ортаға салды. Іс-шараның мақсаты: Жастарға, экстремизм, терроризм, радикализм терминдеріне түсінік беру, Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуалы және тәрбиелік маңызы зор ұлағатты әңгіме өрбіту. Мемлекетімізде дінге сенушілердің діни қажеттіліктерін орындау үшін барлық жағдайлар жасалды. Елбасы жыл сайынғы Жолдауларында халқымыздың рухани өміріне, мәселен отбасы құндылығын арттыру, жат ағымнан алыс болу, бірлікті сақтау, қайырымдылық жасау, мейірімді болып, кешірім жолын ұстану секілді сауапты амалдарға да мән береді. Біздің негізгі бағытымыз –діни, рухани сала болғандықтан, еліміздің рухани дамуы жолында аянбай еңбек етіп келеміз. Өйткені халықтың иманы мен руханиятын дамытпай, елдің экономикалық өркендеуі мүмкін емес.

 

Бүгін Аудандық орталық кітапхананың оқу залында «Терроризм – қоғамға қауіпті дерт» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараның мақсаты: оқырмандарға экстремизм, терроризм, радиакализм терминдеріне түсінік беру, Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуал жайы жөнінде мағлұмат беру. Бұл бүкіл ел, халық болып, қоғам болып күресетін дерт. Оқырмандардың бұған дейінгі білімдерін кеңейту, тақырыпты өз бетінше меңгеру, өз ойын еркін жеткізе білу, талдау дағдыларын қалыптастыру.

 

Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына биыл 105 жылдығына орай, бүгін №2 қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен «Ардақтап атыңды айтады ел» атты еске алу кеші өтті. Іс-шараның мақсаты: Д.А.Қонаевтың өнегесі мен өсиеті, тәлімі мен кісілік қасиетін жастарға үлгі ету, есімін мәңгі есте қалдыру.
Бір ұлтты, бір халықты танып білу үшін кейде сол ұлттың, сол халықтың бір азаматын көріп көп нәрсе бағамдауға болатындығын, сондай бір халықтың өкіліндей адамның бірі ретінде Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев екендігін кітапхана меңгерушісі Б.Нуртаева оқырмандарға айтып өтті.
Кеш соныңда «Есімі жаңғырып тұрады мәңгілік» атты көрме ұйымдастырылып білімгерлерге таныстырылды.

 

Бүгін орталық кітапханада Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне арналған «Желтоқсанның жалындаған қайраткерлері» атты еске алу кеші ұйымдастырылды. Еске алу кешімізге Қайрат және Желтоқсан көтерілісін зерттеуші, Әлем халықтары Жазушылар одағы және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі М.Уақтегі қатысты. Іс-шара барысында «Тәуелсіз жылдар шежіресі» атты кітап көрмесіне шолу жасалып слайд көрсетілді.

 

Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне арналған №1, 2, 3 Шу қалалық кітапханалардың ұйымдастыруымен «Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков – ұлт найзасының ұшы» атты тақырыбында әдеби кеш және теартлық қойылым ұйымдастырылды.

 

Бүгін Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне орай орталық кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен «Жарқын іспен күллі әлемге таң қылып, жасай берсін елдігіміз мәңгілік!» атты жас оқырмандар форумы өтті.

 

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің электронды зал бөлімінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елім – Қазақстан» атты бейнеролик кітапхана қызметкерлері мен оқырмандарға көрсетілді. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Алжанбаева Бағдагүл Дәулетқанқызы оқырмандарды Тәуелсіздіктің 25 жыл мерейтойымен құттықтап, электронды зал бөлімінің қызметкерлерінің еңбектеріне табыс тіледі. Көрермендерге еліміздің тарихынан сыр шертер құнды дүниелер ұсынылды. Тәуелсіздігіміздің 25 жылы ішінде жеткен жетістіктері мен Қазақстанның тәуелсіздік кезеңіндегі қалыптасуы, даму тарихы – осы бейнероликте көрсетілді.

 

Бүгін Еңбекші ауылдық кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің – 25 жылдығы аясында ұйымдастырылып жатқан, 25 игі іс-шараның бірі ретінде «Тәуелсіздік бабалар аңсаған арман» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты Егемендіктің мәнін ұғындыру, дүниетанымды кеңейту, шығармашылыққа баулу, тіл байлықтарын дамыту, өз Отанын сүйетін ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеу.

 

30 қараша күні орталық кітапханада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай келген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елі сүйген Елбасы» атты поэзия кеші ұйымдастырылды. Іс-шараға 18 оқырман қамтылды.

 

Шу аудандық орталық кітапханада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы» Республикалық акциясы бағдарламасы аясында медиаторлардың тұрғындар және кітапхана қызметкерлерімен кездесуі ұйымдастырылып өткізілді. Әдістемелік құралдар таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы» құрамынан іс-шараны Альтекова Нұрсауле Абдықадырқызы және Данабаева Кенжеш Сабитқызы жүргізіп, қатысушыларға өз ойларын жеткізді. Іс-шара барысында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Базарова Майра Айдарбекқызы келген қонақтарға рахметін айтып, жылы лебізін білдірді. Медиация кабинетінің меңгерушісі Н.Абдыкадырқызы Алжанбаева Бағдагүл Дәулетқанқызы басқарып отырған орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, алып келген кітаптарын сыйға тартты.

 

Бүгін Аудандық кітапханада көзі көрмейтін және әлсіз көретін бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кеш өтті. Іс-шараға көзі көрмейтін және әлсіз көретін бөлімнің оқырмандары және орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Б.Алжанбаева қатысып, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап өз тілектерін білдірді.

 

23 қараша күні Шу аудандық Балалар кітапханасының оқу залында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Мәңгілік ел – мәңгі жаса» атты әдеби кеш М.Мақатаев атындағы «Тірек» мектебінің ресурстық орталығының оқушыларымен өткізілді. «Қасиетті байтақ елім – Қазақстан» атты кітап көрмесімен таныстырылып, слайд көрсетілді. Сондай-ақ әдеби кешімізде Тәуелсіздік туралы ақындарымыздың өлеңдері оқылып, «Қайратқа тағылған жала» атты көрініс қойылды. Іс-шарамызға Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Нұрғазы Мадиярұлы қатысып, кітапхана оқырмандарын Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен құттықтап, «Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары болсын»,-деп өз сөзін аяқтады. Кеш соңында белсене атсалысқан оқырмандар, мақтау қағаздарымен марапатталды.

 

Бүгін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай білімгерлер мерекесіне флешмоб ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Шу аудандық орталықтандырылған кітапханасында, білімгерлер мерекесіне флешмоб ұйымдастырылды.

Опубликовано Жумаханом Чекаевым Вторник, 22 ноября 2016 г.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Шу аудандық орталықтандырылған кітапханасында, білімгерлер мерекесіне флешмоб ұйымдастырылды.

 

Шу аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 25 игі іс-шара ұйымдастырылып, өткізілуде. Балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» атты әдеби кеш өтті. Әдеби кеште Президентіміздің Қазақстанға сіңірген еңбектері, Елбасымыздың өмір жолы айтылды. Қазақстанның егеменді ел атануына Елбасымыздың қосқан үлесі зор. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдениетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жақсартып отырған ұлы тұлға екені оқушыларға түсіндіріліп, оқушылар Елбасымызға арналған өлең жолдарын оқып берді.

 

ОКЖ кітапханасының көзі көрмейтін және әлсіз көретіндерге арналған бөлімінің тұрақты оқырманы Садығұлов Ербол «Үміт қанатында» атты облыстық фестивалінде «Мен әлемді жүрегіммен сеземін» ән номинациясы бойынша І орын иегері атанды.

 

 

Бүгін аудандық орталық кітапханада «Қазақстан – ядродан азат аймақ» тақырыбында кітап және фото көрме ұйымдастырылды.
Көрме: 1 бөлім: «Ядролық қарудан таза әлемге»
2 бөлім: «Қазақстан ядросыз әлемді қолдайды»
3 бөлім: «Ядросыз әлем құру – адамзаттың аңсарлы арманы» атты бөлімдер және дәйек сөздермен безендірілген.
Көрменің мақсаты – қазақстандық жауынгерлердің жанкешті ерлік еңбектерін көрсету. Семей полигонының зардаптары мен шығу тарихын, жабылуын атап айтып, опат салдарын жоюға аттанғандардың ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттау.

 

Орталық кітапханада 2016 жылы 8 қараша күні «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты: Ата-бабамыздан қалған қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, ана тілінде сөйлеу шеберлігін арттырып, сөздік қорын молайту және қазақ тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

 

Бүгін Шу ауданының орталық кітапхана жүйесінде Меркі ауданының кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған флеш-моб және «Сатираның сайыпқыран сардары» атты Темірбек Қожакеев – 90 жасына арналған библиографиялық шолу өткізілді.

 

29 қазан күні №2 қалалық кітапханада Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Тұғырлы мемлекеттің туы биік» атты әдеби кеш ұйымдастырылып өткізілді. Әдеби кештің мақсаты: Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту. Елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.

 

31 қазан күні Бірлік ауылдық кітапханасында өткізілген «Ең үздік ауылдық кітапхана» байқауында, Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана директоры Эльмира Елеусізқызының сөйлеген сөзі

Опубликовано Шу Аудандық Орталық Кітапханой Четверг, 17 ноября 2016 г.
Бірлік ауылдық кітапханасында өткізілген «Ең үздік ауылдық кітапхана» байқауында, Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана директоры Эльмира Елеусізқызының сөйлеген сөзі.

 

«Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан» атты кітап көрмесіне саяхат жасап таныстырған Бірлік ауылдық кітапханасының қызметкерлері Т.Мадияр және Г.Агубаева.

 

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында, бүгін облыстық «Ең үздік ауылдық кітапхана» байқауы Бірлік ауылдық кітапханасында өту сәті.

 

28 қазан күні Меркі ауданында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Шу ауданының күндері өтті.

 

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, Шу аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастырумен Меркі аудандық орталық кітапханасында «Парасат» «Құрмет» ордендерінің иегері, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, сазгер, күйші Әбдімомын Желдібаевтың «Елім-деп мен күй шертем» атты әңгіме-сұхбаты өткізілді. Әңгіме-сұхбатқа Меркі ауданының ақыны Ш.Мамасерікова және Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана директоры Э.Елеусізқызы, Шу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілді дамыту бөлімінің басшысы М.Айдарбекқызы, Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының құжаттарды жинақтау, өңдеу және каталогтар ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Ж.Қапарова тағы да басқа Меркі ауданының тұрғындары қатысты.

 

Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша «Кітап оқу» акциясы ұйымдастырылып, барлық оқырмандарды кітап оқуға шақыру және оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілді.

 

Орталық кітапханада 2016 жылы 13 қазан күні «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Дулат азаттық ақыны» тақырыбында жыр кеші ұйымдастырылып өткізілді.

 

Биыл «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында ғұмыр кешкен көрнекті ақын Дулат Бабатайұлының шығармашылығына арналған №2 қалалық кітапханасында аталған акцияға өзіндік үн қосып, «Қайран қазақ, қайтейін» атты поэзия кеші ұйымдастырылды.

 

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша мүмкіндігі шектеулі оқырмандармен жұмыс жақсы жолға қойылған.

 

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, 2016 жылы 30 қыркүйек күні № 1 қалалық кітапханасында «Тәуелсіз елімнің нұрлы таңы» тақырыбында әдеби кеш ұйымдастырылып өткізілді.

 

Аудандық орталық кітапханада 30 қыркүйек күні «Заманауи кітапханаларда халыққа қызмет көрсету, сапасын арттыру» атты семинар – кеңес ОКЖ қызметкерлері арасында өткізілді.

  

2016 жылы 30 қыркүйек күні орталық кітапханада «Шыңға біткен шынар» тақырыбында жерлесіміз ақын-жазушы Сауытбек Мәдімәрұлымен кездесу кеші өткізілді.
Қаршадайынан қым-қуыт өмірдің кермек дәмін татып өскен қарияның басынан өткен сырлы оқиғаға толы қызықты кітаптарын сіздердің назарларыңызға ұсынамыз!

 

Орталық кітапханада Қазақстан Республикасының тілдері күні мерекесіне арналған «Мемлекеттік тілге құрмет – әрбір азаматқа міндет» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз. «Адамға екі нәрсе тірек тегі, Бірі тіл, бірі – ділің жүректегі», – деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез – келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ.

 

Орталық кітапханада 2016 жылы 14 қыркүйек күні Қазақстан халқы тілдерінің күніне арналған «Мақал – сөздің мәйегі» тақырыбына әдеби-ойын ұйымдастырылып өткізілді.

 

2016 жылы қыркүйек айының 8 күні аудандық мәдениет үйінде Шу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастырумен өткен «Бәріміз бірдейміз-кемсітуді білмейміз» атты аудандық фестивальге №1 қалалық кітапхананың қызметкері Сарсембаев Ержан Болатұлы қатысты. «Бәріміз бірдейміз-кемсітуді білмейміз» аудандық фестивальда «Кәсібінің үздігі» номинациясы бойынша ІІ-орын алғаны үшін марапатталды.

 

2016 жылдың 5 қыркүйек күні орталық кітапханада «Ұлымыз ұлықты, қызымыз қылықты болсын десек» тақырыбына кездесу кеші өткізілді. Кешке орталық мешіттің имамының көмекшісі Сейіткереев Талғат, Құқық және бизнес колледжінің білімгерлері және кітапхана қызметкерлері қатысты. Іс-шараның мақсаты: оқырмандарды ұлтжандылыққа, адамгершілікке, тілі мен дінін, салт-дәстүрін құрметтеуге, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетуге, ұйымшылдық пен патриотизмге тәрбиелеу.

 

 2016 жылы 29 тамыз күні Далақайнар ауылдық кітапханасында «Заңды білу заман талабы» тақырыбына заң туралы кеңес ұйымдастырылып, өткізілді.

  

2016 жылы 29 тамыз күні № 3 қалалық кітапханасында «Ата Заң – қоғамның айнасы» /30 тамыз Конституция күніне орай/ тақырыбына дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Оқырмандарға Ата Заңымыздың қадір қасиетін түсіндіру, заң талаптарын құрметтеу – әрбір азаматтың қасиетті борышы екенін ұғындыру.

 

2016 жылдың 25 ші тамызында орталық кітапхананың «Көзі көрмейтін және әлсіз көретіндерге арналған бөлімінде», «Ата Заң – елдің айбыны, еркіндігі, байлығы» тақырыбына дауыстап оқу ұйымдастырылып, өткізілді.

 

2016 жылы 26 тамыз күні Шу ауданы мәдениет үйінде орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Қазақстан Тәуелсіздігінің кепілі» атты кітап және фото көрмелері қойылды.